Аты – жөні: Тоғызбаева Айзада Әлмағанбетқызы Туған күні, айы, жылы: жыл Ұлты: Қазақ Білімі: Жоғары Мамандығы Химия-Биология пәні мұғалімі Бітірген оқу орны: Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда Педагогика Институты Жалпы пед өтілі: 15 жыл Санаты:ІІ санат Қызмет орны: 45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы Сабақ беретін пәні: Биология-Валеология Зерттеп жүрген тақырыбы: Оқушыға экологиялық білім мен тәрбие берудә ұштастыру Өмірлік ұстанымы:Ізденген жетер мұратқа!
Оқушылардың белсенділігі мен танымды іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру. Оқу үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау Адамзат құндылығын бағалай алатын елжандылық қасиеттерін санасына ұялатқан, азаматтық қоғам алдындағы міндеттері мен құқықтарын сезінетін білім- білік дағдылыларын меңгерумен қатар ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті жоғары, өзгермелі өмірге икемді, жан – жақты дамыған, жеке тұлға қалыптастырумен қатар, оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру, оны ғылыми негіздеу арқылы педагогикалық-психология заңдылықтарына сүйене отырып шығармашылықпен жұмыс істеу.
Шығармашылық жұмыс
Оқушылардың адамгершілік өмірінің мазмұнындағы қайшылықтарын тәрбие үрдісінің объекті ретінде қарастыру қажет. Және оны ұйымдастыру барысында қайшылықтарды шеберлікпен шешу үшін жүйелі жұмыс істеу, оны үрдісте адамгершілік сезімдері, санасы, әдеттерінің қалыптасуына ерекше көңіл бөлу керек.
Бүгінгі ауқымды да маңызды мәселелердің бірі - болашақ жастарды қандай идеологиялық негізде тәрбиелейміз, оның адамгершілік саналары мен әлеуметтік бағдары қандай болмақ деген сұрақтарға жауап беріп, оның жолдары мен әдіс – тәсілдерін көрсету. Қазіргі мектеп өміріндегі маңызды міндеттердің бірі тұтас педагогикалық үрдіс құру болып табылады. Оның негізгі құрамдас бір бөлігі – тәрбие. Тәрбие ісімен айналыспас бұрын алдымен оның мазмұнын анықтап алу қажет. Адамгершілік тәрбие дегеніміз – моральдық нормаларды жаттату, ақыл айту, миына құюға тырысу немесе мінез – құлық дағдыларын қатаң талаптар қою арқылы игерту емес, ол өзара әрекет, қарым қатынас және қайшылықтарды жеңуден тұратын белсенді өмірлік үрдіс. Бала өзінің ішкі және сыртқы қайшылықтармен күресте ғана өзін адамгершілік иесіретінде сезіне алады. Ендеше адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - балаларды, өмірлік қайшылықтапрды, проблемаларды,қақтығыстарды, келіспеушіліктерді жеңуге ұйымдастыру болып шығады.
Педагогтың бойында болмау керек қасиеттер: (оқушылардың пайымдауы бойынша) 1.Дөрекілік 2.Оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдамау, сыйламау 3. Әділетсіздік 4. Өзін-өзі ұстай білмеу 5. Әдепсіздік 6. Балаларға немқұрайлы қарау 7. Өзінің пәніне немқұрайлы қарау
Педагогтың бойында болу керек қасиеттер: (оқушылардың пайымдауы бойынша) 1.Мейірімділік 2.Балаларға деген шынайы махаббат 3.Эмоционалдық байсалдылық 4.Әділдік 5.Балаларға деген зейін 6.Қайырымдылық 7.Сергектік 8.Өмірді сүйгіштік 9.Тіл табыса білу, бәрімен араласа білу 10.Жігер
Педагогтың өзінің алдына қойған жоғарғы талаптардың көрсеткіштері Әділ болу, балалардың бәрінің бірдей екендігін мойындау Өзін-өзі үзбей жетілдіріп тұру Өз мінез -құлықтарына баға беру, өзін-өзі сынау