Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 11 лет назад пользователемДанагул Изболатова
1 Информатика пәнінен орта мерзімді жоспар жазбасы Бағдарламаның негізгі идеяларының бірі - оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын ұйымдастыру, дамыту және олардың көзқарастарын кеңейту, өзіндік тұрғыдан өзін де, өзгені де әділ бағалау машықтарын қалыптастыру. Осы мақсаттарды жүзеге асыру кезінде тізбектелген төрт сабақтан тұратын орта мерзімді жоспарымды сындарлы оқыту бағдарламасының жеті модуліне ықпалдастыра отырып құрып, Блум таксономиясына сүйеніп алдағы сабақтарымның мақсаты мен күтілетін нәтижелерін жасақтап алдым. Информатика пәнінен 7-сыныпқа арналған «Алгоритм» тарауына тізбектелген 4 сабақ топтамасына орта мерзімді жоспарды құрғанда осы идеяларды басшылыққа алуды көздедім. Әр сабақ сайын оқушылар арасында ынтымақтастықты қалыптастыру және психологиялық ахуал тудыру мақсатында сыныпты әр түрлі тәсілдермен топқа бөлініп отырды. Жаңа білімді меңгертуде «Галерея» әдісі, «Тыңдайтын үшбұрыштар», «ДЖИГСО» әдістерін қолданып, жаңа тақырыптың мәнін ашуға бағытталады, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту барысында визуалды айғақтарды пайдаланамын. Ынталандыру мақсатында балаларға қолдау көрсетіп, «рефлексивті агент» қызметін атқарамын. «Қалай оқу керектігін үйрету мен үйрену» мақсатында оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мен сабақты жүйелі де тиімді өткізу үшін АБҚ қажеттілігі бар оқушыларға маршруттық карталар,дарынды және талантты оқушыларға кеңейтілген тапсырмалардың он екі категориясын қамтитын деңгейлік тапсырмалар таратылады. (бастапқы және соңғы нүктелер қатарындағы өзара әрекет, тапсырмаларды орындау үшін неғұрлым шығармашылық тәсілдерді қолдану, таңдау элементінің көмегімен өзін-өзі реттеуді қолдану)Сонымен қатар оқыту процесінде оқушылардың АКТ құзыреттілігін арттыру мақсатында ғаламтордан wiki беттері,интер белсенді тақта, слайдтар,ұялы телефондар қолдану жоспарымда бар. Ал үйрену барысында қалыптастырушы бағалаудың критерий арқылы өзін-өзі бағалау, топтық өзара бағалау түрлері қамтылды. Оқушылардың жұптық,топтық жұмыстарды өзара және топтық өзара формативті бағалау кезінде «Екі жұлдыз,бір ұсыныс», «Мадақтау сэндвичі», «Шапалақ соғу», рефлексия парағын толтырғызу қолданыс табады.
2 Өтілу мерзімі Сағат саны Тарау/сабақ тақырыбы, мақсаты Күтілетін нәтижеОқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту формасы Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы Үйрену барысын бағалау Негізгі деректер көздер, құралдар - жабдықтар Тақырыбы: Бағдарламалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Операциялық жүйе. Мақсаты: Бағдарламалық қамтамсыздандырудың түрлері және операциялық жүйе туралы білімдерін кеңейту А.Бағдарламалық қамтамасыз етудің, операциялық жүйе түрлерін және атқаратын қызметтерін біледі 100% В. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыруды ң құрамын түсіндіреді және практикада қолданады. 70% С. Компьютердің архитектурасын түсініп қолданады, операциялық жүйені бір-бірімен салыстырады. Кейбіреуі Оқыту формалары: жеке және топтық жұмыс. Кіріспе: топқа бөлу; үй тапсырмасын тексеру(жеке жұмыс: «Бинго» парақтары арқылы үй тапсырмасын тексеру); Тұсаукесер: Cыни ойлауын дамыту әдістері: топтық әңгіме, «Галерея» әдісі арқылы өз беттерімен жаңа сабақты меңгеру, «Соңғы бес минут» әдісі арқылы бекіту Маршруттық карта,дарынды және талантты, оқушыларға кеңейтілген тапсырмалар беру Формативті бағалау: бағалау критерийлері арқылы өзара бағалау, екі жұлдыз, бір ұсыныс, мадақтау, ынталандыру, кеңес беру, мұғалімнің бағалауы, рефлексия парағы Оқулық, «Информатика» 7 сынып, авторы: И.Г. Семакин., АКТ құралдары: презентация демонстрациялау (бағдарламалық қамсыздандыруды ң түрлері туралы, операциялық жүйе туралы )
3 Тарау. Тақырыбы: Алгоритм Мақсаты: Оқушыларды «алгоритм» ұғымымен, типтерімен, түрлерімен, жазылу формасымен, блок-сызбалары туралы түсінік қалыптастыру А) «Алгоритм» ұғымын, типтерін, түрлерін, жазылу формасын, блок- сызба түрлерін біледі 100% В) Берілген есептің қарапайым тілде алгоритмін құрып, блок- схемасын жазып көрсетеді. 70% С) Алгоритмге күнделікті өмірден кездесетін және өз ойларынан мысалдар келтіріп, дәлелдейді, ертегілерден, мақал- мәтелдердер үзінділерінен алгоритм түрлерін тауып, блок- сызбаларын құрастырады. Кейбіреуі Оқытудың формасы: жеке, жұптық, топтық. Жаңа тәсілдер: диалогтық оқытудағы топтық әңгіме, сынақтан өткізу сұрақтары, қайта бағыттау сұрақтары. Сыни тұрғысынан ойлау: визуалды айғақтар, семантикалық кесте, сәйкестендіру, АКТ-ны қолдану: Дербес компьютер, мультимедиялық проектор, интербелсенді тақта, микрофондар(саундтрек және баяндауды бөлек жазып, кейін оны қосу) Жеке, жұптық, топтық жұмыстану, маршруттық картамен жұмыс. Формативті бағалау: бағалау критерийлері арқылы өзін-өзі бағалау, топтық өзара бағалау екі жұлдыз, бір ұсыныс тәсілі, ынталандыру мақсатында қолдау, мадақтау, мұғалімнің бағалауы. Кері байланыс: «Үш өлшемді күнделік», «Мадақтау сэндвичі» рефлексия парақтары, стикерге өз ойларын жазу Оқулық, «Информатика» 7 сынып, авторы: И.Г. Семакин., ресурстық парақтар АКТ құралдары: презентация демонстрациялау, электрондық оқулық,интер белсенді тақта Тақырыбы: §11.Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар. Мақсаты: Алгоритм ұғымы туралы түсінік қалыптастыру А. Алгоритм ұғымын және оның жазылу пішімін, блок схемалар түрін біледі 100% В. Берілген есептің алгоритмін құрып, блок- схемасын жазып көрсетеді. 70% С. Күнделікті іс- әрекеттерге, ертегілер, әңгімелер үзінділеріне алгоритм құрастырады. Кейбіреуі Кіріспе: топқа бөлу; үй тапсырмасын тексеру:семантикалық карта Тұсаукесер: Cыни ойлауын дамыту әдістері: визуалды айғақтар, диалогтық оқыту, топтық әңгіме, «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі арқылы өз беттерімен жаңа сабақты меңгерту, әр топ мүшелері «Кір жаятын жіп» әдісі арқылы бекіту Топтық жұмысты ұйымдастырғанда барлығына бірдей қолжетімді тапсырмалар беру. Маршруттық карта. Формативті бағалау: бағалау критерийлері арқылы өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, кеңес беру, мұғалімнің бағалауы Оқулық, «Информатика» 7 сынып, авторы: И.Г. Семакин., ресурстық парақтар, АКТ құралдары: презентация демонстрациялау
4 Тақырыбы: Алгоритмнің жазылу түрлеріне есептер шығару Мақсаты: Берілген есептерге алгоритм құру дағдысын нығайту А. Берілген есептің мәтінін түсініп, алгоритмінің жазылу пішімін, блок схемалар түрін біледі 100% В. Берілген есептің алгоритмін құрып, блок-схемасын жазып көрсетеді. 70% С. Алгоритмнің жазылу түрлерін бір-бірімен салыстырады, кестелік сипаттауын құрастырады. Кейбіреуі Кіріспе: топқа бөлу; үй тапсырмасын маршруттық карта арқылы тексеру Тұсаукесер: Cыни ойлауын дамыту әдістері: визуалды айғақтар, диалогтық оқыту, топтық әңгіме, «Жигсо» әдісі бойынша есептер шығаруда алгоритмнің жазылу түрлерін меңгереді, барлығы шеңбер бойынан орын алып «Уақыт шеңбері» әдісі арқылы бекіту Маршруттық картаФормативті бағалау: бағалау критерийлері арқылы өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, мадақтау, ынталандыру, кеңес беру, мұғалімнің бағалауы, «Үш өлшемді күнделік» рефлексиялық парағы Оқулық, «Информатика» 7- сынып, авторы: И.Г. Семакин., АКТ құралдары: презентация демонстациялау, wiki беттерін пайдалану Тақырыбы: Алгоритм типтері: сызықтық, тармақталу және циклдік Мақсаты: Алгоритм типтері туралы түсініктерін кеңейту А. Сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмінің жазылу пішімін, блок схемалар түрін ертегілерден, мақал- мәтелдерден таба біледі 100% В. Берілген ақпараттың алгоритмін құрып, блок-схемасын жазып көрсетеді. 70% С. Алгоритм түрлерін ертегілерден, мақал- мәтелдерден тауып, блок-сызбаларын құрастырады. Кейбіреуі Кіріспе: сәйкестік тестісін орындайды Тұсаукесер: Cыни ойлауын дамыту әдістері: визуалды айғақтар, диалогтық оқыту, зерттеушілік әңгіме, АКТ қолдану:wiki беттері, микрофондар(саундтрек және баяндауды бөлек жазып, кейін оны қосу) топтық әңгіме, «Галерея» әдісі бойынша жаңа тақырыпты меңгереді, практикалық жұмыс арқылы бекіту. Топтық жұмысты ұйымдастырғанда кеңейтілген тапсырмалардағы «бастапқы және соңғы нүктелер қатарындағы өзара әрекет» идеясы Формативті бағалау: бағалау критерийлері арқылы өзара бағалау, стикерлер арқылы топтық бағалау, мадақтау, ынталандыру, кеңес беру, мұғалімнің бағалауы, «Мадақтау сэндвичі» рефлексиялық парағы Оқулық, «Информатика» 7 сынып, авторы: И.Г. Семакин., АКТ құралдары: презентация демонстациялау, wiki беттерін пайдалану, электрондық оқулық, ұялы телефон
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.