Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемЕрлан Амиржан
1 Мінез Мінез
2 Мінез адам тұлғасының қасиеті ретінде -адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отыратын қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
3 Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі топтарға жинақтауға болады 1) Адамның басқалармен қатынасын білдіретін мінез бітістері кіреді: коллективизм, гуманизм, қайырымдылық, үйісектік, адалдық және оларға қарама-қарсы жекешілдік, қатігездік, тұйықтық, зымияндық т.б. 2) Адамның өз ісіне, еңбегіне қатынасын білдіретін мінез бітістері: еңбек сүйгіштік, құнттылық, инициативалық, - салақтық, тиянақсыздық, кертартпалық, т.б. бітістер кіреді. 3) Адамның өзіне-өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары да осы топтың негізгісі, оларға: кішіпейілдік, қарапайымдылық, өзін-өзі сынай алу, талап қоя білушілік, - өр көкіректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық, т.бт жатады. 4) Адамның өзін-өзі меңгере алу қабілетіне орай қалыптасқан өзгешеліктерін құрайтын мінез бітімдері: бұл топты мінездің еріктік сапалары немесе мінездің жотасы деп атайды.
4 Мінездің еріктік сапаларының өзі күшті және әлсіз, яғни нашар мінез болып екіге бөлінеді. Күшті мінезге – мақсатқа талпынғыштық, дербестілік, тоқтамға келгіштік, батылдық, шыдамдылық, тәртіптілік, жинақтылық, ерлік т.б. «Әлсіз мінезге – негативизм (теріс), иланғыштық, қыңырлық, ұстамсыздық, жүрексіздік, т.б. кіреді
5 Типтік мінез бітістеріне мыналар жатады 1) Отан сүйгіштік 2) Мақсаткерлік 3) Борыш пен жауапкершілік 3) Борыш пен жауапкершілік 4) Мейірімділік пен ізгілік 5) Адалдық пен шыншылдық 5) Адалдық пен шыншылдық 6) Достық 6) Достық
6 1) Отан сүйгіштік – адам бойындағы күш–қуатын, білім мен тәжірибесін халық мүддесіне лның игілігіне, яғни туған жеріне білдіретін перзенттік борышы оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім. Отан сүйгіш қасиетті қастерлеп әр заман ғұламалары өз ой-түйіндерін осыған бағыштаған
7 2) Мақсаткерлік (мақсатқа талпынушылық) – бұл бір істі нәтижелі етіп тындыру. Бұл адамның мінез- құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, өзінің ұстаған бағыт-бағдар позициясына, танымы мен сеніміне, асыл арманына бағындыра алуы. Үміті мен арманы шындыққа сәйкес келген адам ғана келешектің құшағында өмір сүре алады
8 3)Борыш пен жауапкершілік – бұл адамның үй іші, әке – шеше, тума – туысқандарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет. Бұл кісіліктің басты белгісі, терең және күшті сана – сезімді қажет ететін қасиет. Борыш пен жауапкершілікті түсіне білуден адамның имандылығы мен адамгершілігінің дәредесі байқалады. Борышты сезіну оны орындау, – ми және жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді.
9 4) Мейірімділік пен ізгілік – осы қасиет бір – біріне үйлескен екі қозыдай. Бұл қасиет басқаларға (әке – шеше, ағайын, туыс, таныс т.б.) көңіл бөлу, олардың сеніміне ие болу, айналасындағылармен өзара дұрыс қарым – қатынас жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді. 5) Адалдық пен шыншылдық – бұл екеуі бір–бірімен біте қайнасқан кісінің жақсы мінез бітістері.
10 6) Достық – бұл ортақ көзқарас пен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда болып, уақыт сынынан өткен адамгершілік құндылығы мол тұрақты,тек адамға тән жоғары сезім. Оның маңызды белгісі - өте берік, әрі терең эмоциялық жақындық. Ол адамның бір-біріне сөз жүзінде де, іс жүзінде де адал және шынайы болу, өзара терең мүдделілік, бір-біріне толық сену, қайғы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық. Достардың мінез, темперамент секілді ерекшеліктері түрліше болып келуі де мүмкін.
11 Қорытындылайтын болсақ: - Нақтылап айтқанда, бала мінезін тәрбиелеу мұғалімнің жаңашылдығы мен шығармашылығын үнемі қажет ететін, бұл жолда ылғи да жалықпай, қажымай әрекет етпейінше, тиісті нәтиже шығармайтын өте жауапты жұмыс болып табылады.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.