Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемИван Стрекалов
1 Саба қ ты ң та қ ырыбы: Допты беру ә дісі: т ө меннен ж ә не жо ғ арыдан тіке беру ә дісін ү йрету 79 жалпы орта мектеп Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Байтуов Талғат
2 Сабақтың мақсаты: а) волейбол ойынның әдістерін үйрету ә) спорттық қабілеттерін дамыту б) салауаттылыққа тәрбиелеу
3 Ұйымдастыру кезеңі а) сапқа тұрғызу, ә) рапорт қабылдау б) амандасу, қысқаша жаңа сабақты түсіндіру в) оқушылардың спорт киіміне көңіл бөлу
4 Дайындық бөлімі: 1.Жүгіру. Жүгіру барысында қатарды сақтауын қадағалау 2. Қолды жоғары көтеріп еркін дем алу. Қолды жоғары көтергенде демді ішке тарту, қолды төмен түсіргенде демді сыртқа шығаруды үйренуге көңіл бөлу 3. Бастапқы қалып: қос қол бүйірде аяқтың ұшымен, өкшемен, табанның ішімен, сыртымен жүру әдісі. Жаттығуды жасаған кезде, дененің тік ұстауына назар аудару
5 Негізгі бөлім Волейболшының қалпы (тұрысы). Волейболшының қалпы(тұрысы) оның кез келген бағытта қозғалысты бастауына, сонымен бірге қажетті жағдайда кез келген тәсілді орындауына мумкіндік беретін бастапқы жағдайы. Ойын барысында ойыншы көп уақыт бойы негізгі тұрыста болады.
6 Ойыншының негізгі тұрысы Сетканың алдына (қолды сеткаға тигізбей) топпен жоғары қарай секіріп жүріп өту. Аяқтар тізеден бүгіліп, иықтың кеңдігіндей етіп қойылады. Бір аяқ шамалы ғана ілгері қойылып кеуде ілгері еңкейеді. Дененің салмағы екі аяққа бірдей түседі. Қарсыласының алаңына қарап тұрып, ойыншы қолын алдына ұстайды.
7 Сетканың алдына (қолды сеткаға тигізбей) топпен жоғары қарай секіріп қорғану.
8 Арнайы жаттығулар 1.Алаңда орын ауыстыра білу Алғашқыда асықпай орынды ауыстыра білуге дағдылану. Мұғалімнің ысқырығы арқылы бір мезгілде алаңда орынды тез ауыстыра білуіне көңіл бөлу. 2. Допты төменнен алу әдісінің алғашқы элементтерін үйрену. Волейбол ойынының элементтері бар арнайы ойын ұйымдастыру. Мұғалімнің бұйрығы арқылы алаңдағы оқушылар қолды бір мезгілде допты төменнен қабылдау әдісін үйрену.
9 3. Допты жоғарыдан беру, қабылдау әдісінің алғашқы элементтерін үйрету. Тік тұрған қалыптан ойыншы бір аяқты екіншісінің жанына қойып, допты жоғарыдан берудің ерекше жағдайына көшеді. Бұл жағдайда бүгілген аяқтар бір бағытта болады. 4. Допты жоғарыдан беру, қабылдау кезінде кететін кемшіліктер. Қатар қойылған аяқтардың қозғалысындағы кішкентай сәтсіздік, кез-келген қозғалыстың дәдігін бұзып, кеуденің қисаюына әкеледі.
10 Допты ойынға енгізу.
11 5. Допты төменнен тіке тура беру арқылы ойынға қосу. Шынтақ буыннан бүгілген бір қолмен белдің деңгейінде допты алға ұстап тұрады.екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады.Допты алға сәл лақтыру арқылы допты ойынға қосады. 6. Допты төменнен қабылдау әдісін үйрету. Ұшып келе жатқан доптың шапшаңдығына сәйкес қолын жәй ғана тосады және білегін артқа төмен қарай тартып соққыны азайтады.
13 Сетканың алдындағы ойын.
14 Қорытынды бөлімі 1. Сабақты қорыту. 2. Кеткен кемшіліктерді, жетістіктерді саралап әрбір оқушыға жеке түсіндіру. 3. Бағалау. 4. Үйге тапсырма.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.