Скважинаны атқылау тәсілімен пайдалану кезінде газ аралас - сұйық скважина түбінен жоғарыға сорапты компрессорлы құбырлармен көтеріледі. Құбырларды алдын ала скважинаны меңгеру алдында жібереді Әдетте, скважинаға бір диаметрлі және 89 мм құбырлар тізбегін жібереді. Кейде құрастырылған құбырлар тізбегін (114 х 89 мм, 114 х 73 мм, 89 х 73 мм, 89 х 60 мм ) қолданады.
Скважина көтергіш құбырлар арқылы атқылаған кезде энергия тиімді жойылады, газдың тайғанақтығынан арынның жоғалуы төмендейді.
Сұйықтың тұрақты шығыны кезіндегі арынның жоғалуы мен СКҚ диаметрі арасындағы байланыс 4.2- суретте көрсетілгендей, байланыс қисықтар арқылы қарастырылады. Құбырлар диаметрі кіші болса, арынның үйкеліске жойылуы көп болады, диаметрі үлкен болса, тайғанақтықта жойылу жоғары болады. Диаметрі 73 мм құбырлармен қоспа қызғанда, сұйық шығыны тұрақты 1,6 л / с және газдың шығыны 15 л / с болғанда, арынның жойылуы минималды болады. Осыдан төмендегі шешімге келуге болады : Сұйық пен газдың кез келген шығынына арынның жойылуы төмен болатын құбырлар диаметрін таңдап алуға болады.
Егер өнімді қабаттың жыныстары тұрақсыз және газ скважина бағанасында бөлінетін болса, онда көтергіш құбырлардың жіберу тереңдігін шектеуге болады. Атқылаудың соңғы кезеңінде скважинаның атқылауын ұзарту үшін оптималды режимін құру керек. Осыған байланысты көтергіштің диаметрі анықталады :
Егер көтергіштің табылған өлшемі стандарт өлшеміне сәйкес болмаса, оған жақын мәнін алады немесе сатылы көтергіш пайдаланады. Жоғарысында – үлкен, төменінде – кіші диаметр. Бұл кезде сатының ұзындығын анықтайды.