Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Тақырыбы: Ежелгі Шығыс және Антика философиясы. Орындаған:Аманжол А. Тобы:201.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
* Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен.
Advertisements

Эволюциялық ілім негіздері Тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарастардың дарвинге дейінгі дамуы Орындаған:Амангельдиева А. Ахмет Қ. Тұрарбек Т. Эволюциялық.
Монизм (көне грекше: μόνος, грек. monos – біреу, жалғыз) – шындықтың, бар нәрсенің біртұтас бастамадан, бір негізден тұратынын мойындайтын ілім. Монизм.
Биогеографиялы қ ғ ылым тарихыны ң хронологиялы қ дамуына сипаттама Орында ғ ан:Тал ғ ат қ ызы Г.
INDEPNDENT WORK OF STUDENT The theme: Examination of the patient Written by: Kadyrzhanov Miras Nurbekuly Faculty: General Medecine Group: Approved.
Германия Орында ғ ан: Құ ра қ баева Зарина А. Қ абылда ғ ан:
Қазақстан Республика білім және ғылым министрлігі Алматы Орталық Техникалық колледжі ТАКЫРЫБЫ : МАТРИЦАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН АМАЛДАР ТЕКСЕРГЕН:
Ресей М ә дениеті Орында ғ ан: То қ тар қ анов Ә діл.
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ ФИЛОСОФИЯСЫ Орындаған: Жаңбырбаева Аяла биология 2 топ тексерген: Джанкадыров С.С.
Орындаған:Жеңісова Б Қ Тексерген:Иманкулова ГУ. Жоспары: Биотикалық факторлардың түрлері 4 Экологиялық факторлар 1 Абиотикалық факторлар 2 Биотикалық.
Кристалдардың ішкі құрылысы тор тәрізді екенін және олардың симметриясы жайында ұғымды ғылымға алғаш рет Р.Аюи (1784) енгізді, оның теориясын А.В.Гадолин.
Венгер хал қ ыны ң ғ алымы, саяхатшы Армин Вамбери тірі кезіні ң ө зінде ү здік зерттеушілерді ң қ атарында болды. Оны ң Орта Азияда ғ ы саяхаты к ө птеген.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қазақстан тарихы және әлуметтік - саяси пәндер кафедрасы Тақырыбы : Әлуметтану тарихының негізгі бағыты. Дайындаған:
Қаржы Омарова Нурия. Тарихы Біздің компания ата-бабамыздың ізін қуып, адамдарға қол ұшын беру мүмкіндігін ұсынады. Ежелгі заманда бабаларымызда.
Радиорелелік және спутниктік беру жүйелері Сымсыз байланыс каналдары.
Ферменттер әсерінің теориясы. Ферменттердің әсер ету механизмі. Фермент активаторлары мен тежегіштері.
Сұйық беттердегі ерімейтін заттардың қабыршықтардың зерттеулері 4000 жыл бұрын Плиний мен Плутарх майдың толқындарды тыныштандырғыш әсерін байқаған
АЖ 326 Тобыны ң студенті Бакриденова Жулдыз. Тұрақты токтың электр тізбегі 1. Негізгі формулалар және теңдеулер Ом за ң ы. Кедергі. Электр тогы – заряд.
Химиялы қ реакцияларды ң жылдамды ғ ы. Ә рт ү рлі факторларды ң ә сері.
Тұлғалық өсу Орында ғ ан:. То қ санбаева Н. Қ.. Тұлғалық өсу Жеке мінезді ң, қ абілеттерді ң ж ә не ә леуметтік - Менні ң дамуы. Ба ғ алаулар ғ а т ә.
Транксрипт:

Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Тақырыбы: Ежелгі Шығыс және Антика философиясы. Орындаған:Аманжол А. Тобы:201ФӨТ Б Қабылдаған:Оразымбетова З.Ш Шымкент-2019

Ежелгі шығыс философиясы Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде – Қытай мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды.Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт.Алғашқы философиялық ойлар алғашқы астрономия, космология, математика iлiмдерiмен жəне ескi мифологиямен тығыз байланысты. Философия қоғамдық сананың ерекше формасы ретiнде əлi бекiне қойған жоқ болатын. Шаруашылық талаптары нақты ғылымдардың дамуын қажет еттi. Вавилон математиктерi алгебра мен геометрияның бастауын жасады: квадраттық теңдеулердi шеше білді, қазiргi уақыт өлшемдерiн ойлап тапты (сағат, минут, секунд, т. б.), абыздардың мифтiк құдайлар туралы iлiмi (теогония) – дүниенiң пайда болу iлiмiне (космогония) ұласты. Құдайлар атасы – Ай, құдайлар – жұлдыздар, болып саналды. Күн соларды сөндiретiн, өлiм əкелетiн зұлымдық күш делiндi. Ай өлiп, қайта тiрiлетiн өшпес өмiрдi бейнеледi.

Антикалық философия Антикалық философия деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын бiлдiредi. Антика сөзiнiң латын тiлiнен аударғанда көне деген мағынаны бiлдiретiнiн ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңiн аңғартар едi. Ал хронологиялық шеңберiне келер болсақ, антикалық философия өзiнiң бастауын б.з.д. VII-VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептердi ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның iшiндегi үш iрi кезеңдi айқындауға болады: антикалық философияның қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б.з.д. VII- V ғ.); классикалық грек философиясы (б.з.д. ΙV ғ); эллиндiк-римдiк философия (б.з.д. ΙΙ ғ - б.з. V ғ). Ал Дж.Реале мен Д.Антисери антикалық философия дамуының төмендегiдей жетiлдiрiлген жүйесiн ұсынады:

Үнді философиясы Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі үнді философиясы ол брахманизмге оппозициядан басталады. Б.э.д 7 – 6 ғасырларда брахманизм ішінен джайнизм және буддизм пайда болады осы бағыттардын негізінен үнді елінде 4 – кастаға бөлінді. 1. Әскери (кшатрий) 2. Абыздар. (брахмандар) 3. Басы бос қоғам мүшелері. (вайшилер) 4. Төменгі каста (шудралар)

Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Брахмандар әбден масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені, брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын. Джайнизм – этикалық ілім. Оның негізгі – адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм – материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеністік, уақыт, қозғалыс, тыныштық та кіреді. Ал жанның басты белгісі, джайнизм бойынша – сана. Джайнизмнің ұстаған тәртібі буддизмнен де қатаң. Буддизм – біздің заманымызға дейінгі 4 – 5 ғасырларда діни ілім ретінде дүниеге келді. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха Гаутама Будда(б.з.д. 623 – 524). Буддизмде төрт басты мәселе бар:

1.Өмір азапқа толы; 2.Ол азаптардың себебі бар ; 3.Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар; 4.Азаптан құтылудың кезі бар.

Антика философиясының негізгі даму кезеңдері: 1.Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады. 2.Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді. 3. Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.

Милет мектебі. Фалес (шамамен б.з.д жж.) – милет мектебінің негізін салушы, адамзат тарихында аты аталатын ең алғашқы көрнекті грек ғалымы, философы. Бізге қалдырған мұрасы: - Дүниенің алғашқы бастамасы (архэ) су деп білді; - Жерді судың үстінде тұратын жазық диск деп ұғынды; - Өлі табиғаттың барлық заттардың жаны бар (гилозоизм) деп санады; - Әлемнің орталығы Жер деп түсінді; - Жылдың ұзақтығы күн болатынын дәлелдеп бақты; - Математикада жаңалықтар (Фалес теоремасы) ашты.

Анаксимандр (б.з.д жж.) - Фалес шәкірті: - Алғашқы бастама, дүниенің негізі апейрон (-мәңгі өлшеусіз, шексіз субстанция), барлығы одан пайда болады, оған айналады; - Материяның сақталу заңын (заттың томдық құрылымын) меңзеді: тірі дүние, барлық заттар микроскопиялық элементтерден тұрады; - Алғаш рет адамдардың эволюция процесінде жануарлардан пайда болатынын (Ч.Дарвин ілілімен бұрын) болжады.

Анаксимен (б.з.д.546 ж. туған) Анаксимандр шәкірті : Алғашқы бастама ауа деп білді; Жер бетіндегі барлық заттар - ауаның әртүрлі шоғырланған қозғалысының (ауа қысылғанда суға айналады, одан кейін лайға, топыраққа, тасқа, және т.б.) нәтижесі; Адам жаны (психэ) мен ғарыш жаны – ауаны (пневма) бірдей, ұқсас –деді; Құдайды табиғат күштері және аспан денелерімен барабарлықта қарастырды.

Антикалық философия кезеңдері 1. Б.з.д. VII-V ғасырлар 2. Б.з.д. V ғасырдың ортасы мен IV ғасыр 3. Б.з.д. IV ғасырдың соңы – II ғасырлар

Бірінші кезе ң Сократқа дейінгі кезең (б.э.д.VII–VI ғғ) – «Сократқа дейінгі» - философтар қызметімен байланысты: Милет мектебі, Гераклит, пифогоршылдар, элея мектебі, атомистер. Сократқа дейінгілердің негізгі айналысқан мәселелері – бұл табиғат, ғарыш, барлық тіршіліктің бастамасын іздеу. Философиялық ойлану әдістері - өздерінің жеке көқарастарын көркем сөздермен мәлімдеу, оларды догмаға айналдыру.

Фалес Аңыз бойынша Фалес жеті дананың бірі болып саналды. Оны алғашқы философ, алғашқы математик, алғашқы астроном деп атады. Ол геометриялық теоремаларды дәлелдеушілердің көш басында болды. Күннің тұтылуын болжады, айдың ұзақтығын 30 күнге, жылды 365 күнге бөлді. Фалес бүкіл жаратылыстың негізін су деп санады. Оның іліміне сәйкес бәрі судан басталады және оған қайтып оралады. Сөйтіп, судан барлық заттар пайда болатын алғашқы негіз және алғашқы бастау ретінде түсіндірді.

Фалестің шәкірті және жолын қуушы. Оның барлық еңбектері жоғалған, олардың арасынан Табиғат туралы шығармасын ерекше атайды. Анаксимандр бүкіл жаратылыстың алғашқы негізі ретінде абстрактылы және шексіз затты – апейронды қабылдады. Апейронды су ретінде де, өзге қандай да бір зат ретінде анықтау мүмкін емес. Анаксимандр стихиялы диалектик болды және грек философиясында хайуанаттар мен адамның шығу тегі туралы мәселені алғаш рет қойды. Анаксимандр

Анаксимен Анаксимандрды ң ш ә кірті ж ә не жолын қ уушы. Фалес пен Анаксимандр сия қ ты ол астрономиялы қ құ былыстарды зерттеп, оны таби ғ и жолмен т ү сіндіруге ұ мтылды. Анаксименні ң пікірінше Жаратылысты ң ал ғ аш қ ы негізі ауа болып табылады. Ауа сейіле отырып от қ а, қ оюлана отырып желге, одан кейін б ұ лт қ а айналды. Су болып б ұ дан ә рі топыра ққ а, тас қ а ж ә не бас қ а заттар ғ а айналады.

Эфестік Гераклит (б.д.д ) – диалектиканың негізін қалаушылардың бірі. Гераклит Эфес қаласын билеген, Кодридтер патшалығы тегінен щыққан. Гераклит идеяларының мазмұндалуы қиындығымен ерекшеленді, сол үшін оны көзі тірісінде қараңғы деп атады. Тіршілікің бастауы ретінде әлемді іліммен басқарылатын от деп санады. Эфестік Гераклит

Пифагор Пифагор (б.д.д жж.) – пифагорлық одақтың негізін қалаушы. Ол Поликраттың қатыгездігінен тастап кетуге мәжбүр болған Ионидегі Самос аралында туған болу керек. Фалестің ақыл-кеңесімен Египетке барған ол22 жыл бойы египеттік балгерлерден дәріс алды. Милеттіктерден айырмашылығы, ол әлем субстанциясын санмен теңестірді: сан мен өлшем жоқ жерде хаос пен химер үстемдік етеді, демек, барлық тірліктің негізі сан дейді. Әлемде сұлулықтан басқа ештеңе жоқ, ал сұлулықта пропорциядан өзге ештеңе болмайды, пропорциядан саннан бөтен түк таппайсың дейді

Екінші кезе ң Классикалық кезең (б.д.д. V – IV ғғ – көне грек философиясының гүлдену уақыты). Бұл кезеңге софистердің ағартушылық – философиялық қызметтері, Сократтың философиялық ойлануы, Платон және Аристотель философиясы жатады. Философияның зерттеу предметі ғарыш қана емес, адам, қоғам, мемлекет.

Протагор К ө не грек философы, к ө рнекті софист, Протагорды ң «А қ и қ ат» атты е ң бегі, «Адам барлы қ бар заттар мен жо қ заттарды ң ө лшеміші» деген с ө зден басталады. Б ұ л жерде адам деп жеке адамды айтады ж ә не осыдан қ андайда болмасын білімні ң, құ ндылы қ тарды ң, за ң дар мен ә дет – ғұ рыптарды ң салыстырмалы ғ ы т ү сіндіріледі. Ол Фурий қ аласы ү шін за ң жазды, Периклді ң тапсырмасы бойынша Афины ғ а арнал ғ ан Конституцияны ә зірледі, осы қ алада құ дайлар ғ а сенбегендігі ү шін ұ сталып, сотталды, ал оны ң Құ дайлар туралы кітабы жария т ү рде ө ртелді.

Сократ Азаматтарды сауаттандырумен, білімді таратумен айналысқан, адам мәселесінің мәңгілік сұрақтарына жауап іздеді, маевтика әдісін ашты, бұл әдіс қазірдің өзінде де білім саласында қолданылады; көркем сөзбен мәлімдеумен емес, ақиқатты еркін пікір – талас арқылы табатын диалогтық әдісті енгізді. Сократ әдісі – бұл диалектика, пікір – талас өнері ретінде түсіндірілетін (күмәндану, ирония, майевтика, индукция, дефиниция)

Платон Платонның пікірінше, шын болмыс ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Әлемде қанша бір тектес, ұқсас заттар, қатынастар, процестер көп болса, сонша идеялар бар. Идеялар бір – біріне бағынышты немесе ортақ бір идеяға бағынышты болады. Жоғарғы идея – абсолютті жақсылық немесе әлемдік ақыл – ой. Платонның денесіз форма (идея) ілімін сынға алады; заттар идеясы сол заттың өзінің ішінде де болады. Материя – бұл материал, зат: а) түрсіз және анық емес зат, ә) бұл «заттың неден тұратыны» Материя – бұл заттардың алуан түрінің пайда болу мүмкіншілігі; ол енжар (пассивті) және инертті; белсенді фактор- бұл форма. Формалардың барлық формасы – Құдай, бірақ барлық жерде өмір сүрмейді, өйткені адамға ақыл – ой берілген

Аристотель Аристотельдің адам тәрбиесі мәселесіне өзіне дейінгі ойшылдарға қарағанда айрықша көніл бөлді. Ол адамның жан – жақты мәдени және рухани дамуына ерекше ықпал ететін өнер деп атап көрсетті. Әсіресе өнерлердің ішінде Аристотель трагедияны ерекше бөліп алып, оның адамдарға тигізетін әсерін бағалады. Трагедия демосқа (демос грек тілінде «халық») жақын тұрады. Өйткені демос – бұл күш, саяси шындық, одан ешқайда кете алмайсың. Аристотель өнер және оның түрлері арқылы адамгершілік пен парасаттылықты қалыптастыруға болады деп есептеді

Ү шінші кезе ң Римдік – эллинистік кезең (б.д.д. IIIғ. – б.д. VI ғ) киниктер философиясының және басқа «сократтық» мектептердің, стоялықтар, скептиктер, эпикур философиясының таралуымен сипатталады. Бұл кезеңде антикалық философиялық ойдың құлдырауы байқалады: римдік - эллинистік кезең философиясында өзінің тереңдігі мен мазмұны бойынша классикалық кезең – орын тапты; христиандық философия қалыптаса бастайды.

Тит Лукреций Кар «Заттар табиғаты туралы» (б.д.д. I ғ.) дастанында мәңгі өлмес құдайлардың болуын жоққа шығарады. Ол әлемнің, адамның пайда болуын және адам қолымен жасалғанның бәрін ғылыми жолмен дәлелдеуге тырысты. Оның пікірі бойынша табиғат атомдардан тұрады. Атомдар бір – бірімен қосылып, аспан денелерін, жерді, тірі заттардың, адамдардың жанын құрайды. Ол денемен бірге өлетін жанның өмір сүретінін теріске шығарады

Антикалық философияның басты жетістіктері: Философияда екі бағыт – идеалистік (Платон) және материалистік (Демокрит), екі бағытта алма кезек ауысып басымдық танытты: сократқа дейінгі кезеңде материалистік, классикалық және римдік – эллинистік кезеңде – теңдей ықпалы болды, қазіргі уақытта да, материализм мен идеализм қатар болуда; философияның негізгі сұрағы «Қайсысы алғашқы ? материя немесе сана?» қалыптасты; еуропалық философияның негізгі қағидалары: ойлау, ойды жеткізу еркіндігі, тұлғаның еркін дамуы, философиялық білімдердің дамуы теологиялық негізде ғана емес, ғылыми негізде дамуы қаланды. Келешек жетістіктері философиялық тұрғыдан негізделді: заттардың атомдық құрылымы, математикалық және басқа да ғылымдардың негізі

Әдебиеттер: Негізгі: Антология мировой философии В 4-х т. М., Мысль Платон Соч. В 3-х т. М., т. Сенека Луций Анний Осчастливой жизни // Римские стоики М., 1970 Қосымша: Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәли Қ. Философия тарихы. Алматы 1999 Домбровский А. И. Сад Эпикура. М., 1967 Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философияның қысқаша тарихы. Алматы, 1999 Маковский А. Досократики Часть вторая Казань, 1915 Томсон Д. Первые философи М., 1967