ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ ФИЛОСОФИЯСЫ Орындаған: Жаңбырбаева Аяла биология 2 топ тексерген: Джанкадыров С.С.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Қарағанды Мемлекеттік Медицина университеті ТАҚЫРЫ: ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ ФИЛОСОФИЯСЫ Орындаған: Ахметжанова Н.Ж Тексерген: Бакирова А.Т Қарағанды 2017 жыл.
Advertisements

Монизм (көне грекше: μόνος, грек. monos – біреу, жалғыз) – шындықтың, бар нәрсенің біртұтас бастамадан, бір негізден тұратынын мойындайтын ілім. Монизм.
Орындаған: Әбдіхан А.Е. Қабылдаған:Құрманбаева Ж. БУРЖ ӘЛ-АРАБ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ СӘНДІ ҚОНАҚ ҮЙ.
Оқытудың белсенді әдістері Орындаған:зПИП-17-2 с тобының студенті Сарыбаева А.Ғ.
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Тақырыбы: Ежелгі Шығыс және Антика философиясы. Орындаған:Аманжол А. Тобы:201.
Ферменттер әсерінің теориясы. Ферменттердің әсер ету механизмі. Фермент активаторлары мен тежегіштері.
INDEPNDENT WORK OF STUDENT The theme: Examination of the patient Written by: Kadyrzhanov Miras Nurbekuly Faculty: General Medecine Group: Approved.
2- семинар сабақ Балалармен жас өспірімдердің физикалық физикалық дамуын талдау. Адамның жасының кезеңдері және олардың ерекшеліктерін сипаттау.
Кристалдардың ішкі құрылысы тор тәрізді екенін және олардың симметриясы жайында ұғымды ғылымға алғаш рет Р.Аюи (1784) енгізді, оның теориясын А.В.Гадолин.
Орындаған:Жеңісова Б Қ Тексерген:Иманкулова ГУ. Жоспары: Биотикалық факторлардың түрлері 4 Экологиялық факторлар 1 Абиотикалық факторлар 2 Биотикалық.
Қазақстан Республика білім және ғылым министрлігі Алматы Орталық Техникалық колледжі ТАКЫРЫБЫ : МАТРИЦАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН АМАЛДАР ТЕКСЕРГЕН:
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қазақстан тарихы және әлуметтік - саяси пәндер кафедрасы Тақырыбы : Әлуметтану тарихының негізгі бағыты. Дайындаған:
i А[i] Жиымға кіретін айнымалыларды массивтің элементтері дейді. Олардың саны сипаттау бөлімінде анықталады да,
Орындаған: 7 А сынып оқушысы Смагулова Дальмира Тақырыбы: Пи саны.
Анықтама: Айталық, f(x) функциясы а нүктесінің қайсыбір маңайында, мүмкін сол нүктенің өзінен басқа, анықталған болсын. Егер а-ға жинақталатын кез келген.
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ БЕЙНЕЖҮЙЕСІ.. Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, ягни сурет тікбұрышты нүктелер.
сұраны с табыс 4 Сатып алушылардың табыстарының өзгерісі 1 - қарапйыам тауарлар (табыстың өсуімен бірге мұндай тауарларға деген сұраныс та өседі)
ДІННІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ. Жоспары: 1. Дін ұғымы, мазмұны. 2. Діннің анықтамасы. 3. Дін философиясының категориялары.(Фетишизм,Магия)
Жем қ орлы қ. Жоспар Жемқорлық дегеніміз не? Қазақстандағы жемқорлық Қорытынды.
* Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен.
Транксрипт:

ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ ФИЛОСОФИЯСЫ Орындаған: Жаңбырбаева Аяла биология 2топ тексерген: Джанкадыров С.С

ЖОСПАРЫ 1. ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ 2. НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ. 3. МАРСИЛИО ФИЧИНО ФИЛОСОФИЯСЫ. 4. ДЖОРДАНО БРУНО НАТУРФИЛОСОФИЯСЫ. 5. ҚАЙТА ӨРЛЕУ ГУМАНИСТЕРІ ФИЛОСОФИЯСЫ.

ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІНІҢ ТӨРТ КЕЗЕҢІ БАР: XIV-XVI ғғ. 1. ӘУЕЛГІ ҚАЙТА ӨРЛЕУ немесе ПРОТОРЕНЕССАНС (итал. ТРЕЧЕНТО) -– 14 ғ. 2. ЕРТЕДЕГІ ҚАЙТА ӨРЛЕУ (итал. КВАТРОЧЕНТО) – Италияда жж. 3. ЖОҒАРЫ ҚАЙТА ӨРЛЕУ – (итал. ЧИНКВИЧЕНТО) – Италия мен Францияда – жж. 4. КЕЙІНГІ ҚАЙТА ӨРЛЕУ – Италияда 1580 жылдан бастап 16 ғ. соңына дейін. Сонымен бірге Нидерландыда, Германияда, Данияда Швецияда 16 ғ. бірінші жартысында «СОЛТҮСТІК ҚАЙТА ӨРЛЕУ» дәуірі пайда болды.

1. ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН БЕЛГІЛЕРІ ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІНҢ БАСТЫ БЕЛГІЛЕРІНЕ МЫНАЛАР ЖАТАДЫ: 1. АНТРОПОЦЕНТРИЗМ – адам тұлғасын тұтастық түрде абсолютизациялау, яғни философиялық, эстетикалық, өнер трактаттарында адам ардақталып, оның ақыл-ой мен сезімі, шексіз шығармашылық мүмкіндіктері мадақталды. 3. ГУМАНИЗМ (лат. humanus – «адамсүйгіштік» ) – адамды тұлға ретінде қастерлеу, еркін ойлау мен адамның индивидуалдық дамуын насихаттау. « Гуманизм» терминін алғашқыда Рим ораторы – Цицерон, Қайта өрлеу дәуірінде – Л.Бруни енгізді. 3. АНТИКАЛЫҚ ӨНЕР МЕН ФИЛОСОФИЯНЫ ЖАҢҒЫРТУ - Антикалық философия – неоплатонизм философиясында көрініс тапты. 4. АНТИКЛЕРИКАЛИЗМ (лат. а nticlericalis – д і нге қарсы) – дүниеге діннен арылған зиялы көзқарас – адамға дене пішінінің сұлулығы мен ақыл-ойын дәріптеу. 5. ИНДИВИДУАЛДЫЛЫҚ – өнер еңбектеріне авторлық стильдің тән екендігі, шығармашылық тың жаңа түрлері. 6. Философиялық негіз – 1) ГУМАНИСТІК НЕОПЛАТОНИЗМ - адам мен табиғаттың рухани жағынан бірігуін қолдады. 2) ПАНТЕИЗМ – (гр. пан – бәрі, теос – құдай) – Құдайды табиғатпен тұтастай алып қарайды, яғни табиғат пен Құдай бірге құйылысып қосылып кетеді, екеуі бірдей дүниенің бастамалары.

ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУРІНІҢ ӘЙГІЛІ ФИЛОСОФТАРЫ: 1. НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ 2. МАРСИЛИО ФИЧИНО 3. ПИКО ДЕЛЛА МИРАНДОЛА 4. ЛОРЕНЦО ВАЛЛА 5. МИШЕЛЬ ДЕ МОНТЕНЬ 6. ЭРАЗМ РОТТЕРДАМСКИЙ 7. МАРТИН ЛЮТЕР 8. ТОМАС МОР 9. ТОМАЗО КАМПАНЕЛЛА 10. НИККОЛО МАКИАВЕЛЛИ 11. ДЖОРДАНО БРУНО ПИКО ДЕЛЛА МИРАНДОЛА (орталықта), МАРСИЛИО ФИЧИНО (сол жақта) И АНДЖЕЛО ПОЛИЦИАНО

Қайта өрлеу заманының көрнекті ойшылдарының бірі Н. Кузанский ( жж.) философ, Рим католик шіркеуінің кардиналы. Ойшылдың философиялық еңбектерінің таңдаулысы – «Ғылыми білімсіздік». Философиялық идеялары – пантеизм деп аталады. Кузанский «Құдай абсолюттік жоғарғы шек, шексіздік бола отырып, ешқандай шектеуліден зиян көрмейді. Ол болашақ бөлшектенбейтін, абсолюттік ең кіші шек те болады», – деді. Құдайдың абсолюттік жоғарғы шек ретінде пен абсолютті кіші шектің сәйкес келуі: біріншіден, Құдайдың бар ғаламды мекендейтіні (бәрі- барлығында) және әлемнің құдайдан тыс өмір сүретінін мойындау (әрбір зат белгілі бір дәрежеде өз ішінде барлық басқа заттарды ұстайды, тұтынады); екіншіден, Құдай дегеніміз – себеп пен салдардың, демек жасампаздық пен жаратылғанның бірлігі; үшіншіден, көзге көрінетін заттар мен Құдайдың мәні сәйкес келеді, ол бұл әлемнің бірлігін қуалайды. Күрделі атауға ие болған «Ғылыми білімсіздік» еңбектің мәні ақиқатты іздеу жолында анықталмағанның анықталғанмен, белгісіздің белгілімен салыстырылуында. Бірақ, шексіздікті зерттегенде, мұны елестету мүмкін емес, өйткені оның көлемі белгісіз, еш нәрсемен салыстыруға келмейді. Адамның (шектелген) парасаты мен шексіздік а расындағы қайшылық, Н. Кузанскийдің ойынша, білімсіздікті туындатады. Осы тұрғыда Құдайды тану мүмкін емес, өйткені ол – шексіздік, оны бұл жалғанның шекті заттарымен салыстыруға болмайды.

2. НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ Құдайлық бастау барлық ғаламның шексіз мүмкіндігі болады. «Мәңгілік дүниеге келу» шектеусізден шектілердің, дарадан көптің, абстрактілі қарапайымнан нақты күрделілердің, дербестің өрбуінен тұрады. Н. Кузанский космологиясының бастауы жердің Ғалам орталығы еместігін, оның басқа планеталар, мысалы Күн сияқты өз табиғатының бар екенін және әр уақытта қалыпты қозғалыста болатынын болжауға мүмкіндік берді. Н. Кузанский табиғат әлемін, әлемдік жанмен жанданған тірі ағза есебінде елестетеді. Бұл әлемнің барлық бөліктері жалпы байланыста болады, қалыпты қозғалыста өмір сүреді. Табиғат қайшылықты, ол қарама-қарсылықтардың бірлігі есебінде көрінісін табады. «Барлық заттар, – дейді ол, – қарама- қарсылықтардан тұрады, біреуі екіншісін жеңуі арқылы өз табиғатын екі түрлі қарама қарсылықтар арқылы айқындайды... шексіздік бізді кез келген қарама- қарсылықты толық меңгеруге мәжбүр етеді» (Кузанский Н.). Универсум бастауы идеясын Кузанский жаңа платоншылдардың эманация (латынша emanatio – өту, тарату деген сөз. Антика философиясында кездесетін универсум, яғни жоғары және жетілген онтологиялық сатыдан жетілмеген және төменгі сатыларға өту деген сөз қағидасына сәйкес дамытады. Адам жаратылысынан табиғатты тануға деген қабілетке ие болған микрокосм. Оның таным мүмкіндігі құдайдікіне ұқсас, еркін шығармашылық ақыл арқылы жүзеге а сады. Ақылдың үш түрі, үш түрлі қабілет : сезім (сезім мен елестетуден тұрады), естілік және ақыл-парасат болады.

НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ фрагмент «Распятия с донатором Николаем Кузанским» работы мастера жития Марии

3. МАРСИЛИО ФИЧИНО ФИЛОСОФИЯСЫ М. Фичино ( жж.) – замандастары «екінші Платон» деп атаған католиктік шіркеу қызметкері, Платонның барлық еңбегін латын тіліне аударды. Осы теориялық негізде Фичино Қайта өрлеу заманының гуманистік дүниетанымдық көзқарастарына тән идеяларды дамытады. Фичино: «Құдай табиғаты жағынан қайда да бірдей парасат болса, онда бұл жалпыға ортақ парасатты діндердің бәрінен табуға болады. Сондықтан діндердің барлық өзіндік ерекшеліктерін алып тастап, жалпыға ортақ «Нағыз жаратылыс» дінін жасау керек», – дейді. Фичиноның таным теориясы – сырттай қарап, пайымдаушы теория, өйткені танымның негізі сұлулықты пайымдау мен сұлулықтан ләззат алу деп есептейді. Пайымдаудың ең жоғарғы сатысы – мистикалық пайымдау, Құдаймен қосылу. Жердегі сұлулыққа қол жеткізу, одан ләззат алу мистикалық пайымдауға қайшы келмейді, керісінше, оған барар жолдағы саты болады. Схоластика ойшылдары сияқты, Фичино дін мен философияның қатынасы туралы сұрақты маңызды теориялық және идеологиялық мәселе деп ерекшелейді. Мұның шешімінде схоластикалық тәсілді игеру арқылы ол философия дін ілімінің құқықсыз қызметшісі емес, олар тең құқылы қатынас жағдайында болады деген қорытындыға келеді. Фичино Н. Кузанскийдің адамның шығармашылық мәні туралы ой желісін дамытады, а дамның шығармашылық қабілеті оның әлемді тану мүмкіндігінен және жан-жақты қызметі түрлерінен өз көрінісін табатынын мақұлдайды.

МАРСИЛИО ФИЧИНО ( )

3. МАРСИЛИО ФИЧИНО ФИЛОСОФИЯСЫ Адамның жігерлі мүмкіндіктері шексіз. Әлемге әмірін жүргізетін адамның шексіз жігерлі мүмкіндіктерін мойындаудан Фичино «адам дегеніміз – ерік бостандығына ие болған Құдай, оған бүкіл әлем бағынышты» деген ойға келеді. «Жанды және жансыздардың... барлығының үстінен әмірін жүргізетін адам, кейбір жағдайда Құдай болады. Ол – өзі ие болған... басқаратын... тәрбиелейтін парасатсыз жануарлардың құдайы, ол – өзі қоныстанған, пайдаланатын ортаның құдайы, ол – өлмейтін, түрін өзгертетін, түрлендіретін барлық материалдық заттардың құдайы. Табиғатымен соншама затқа үстемдік жүргізетін бұл адам мәңгі-бақи өлмейтін Құдайдың орнын алады, өзінің де мәңгі-бақи болатыны ешбір күмәнсіз» (Лосев А.Ф. Эстетика Возрождения). Сонымен, Фичино ілімдерінде адамның шексіз қуаты (күші) идеясы тұжырымдалады, ол Абсолюттің қуатына теңестіріледі.

4. ДЖОРДАНО БРУНО ФИЛОСОФИЯСЫ Джордано Бруно ( жж.) – дін қызметкері, философия докторы. Философиялық идеяларын жалған деп, одан бас тартпағаны үшін 1600 ж. 17 ақпанда баяу жанған отқа өртеліп өлтірілді. Оның философиясы – материалистік пантеизм деп анықталады. Дж. Бруно ілімінің философиялық тікелей бастаулары Н. Кузанский мен Б. Телезионың еңбектеріне сүйенеді. Жаратылыстану ғылымдары саласында оған Н. Коперниктің астрономия идеялары үлкен әсерін тигізеді. Бруно табиғат философиясы мәселелерін шешуге бағыттайды. Философияның мақсаты табиғатты тану деп есептейді. Бруно философиясының арқауы – құдайлық пен табиғаттық, материалдық пен идеалдық, денелік пен руханилық, ғарыштық пен жерлік, парасаттылық пен сезімдіктің диалектикалық бірлігі туралы ой. Құдай мен табиғат қатынасын Бруно пантеизм тұрғысынан шешеді. Сондықтан ол, біріншіден, Құдайдың әлемнен толық бөлектенуін жоюға, олардың бірлігін көрсетуге ұмтылады. Құдай өзіне тиісті сапада болмыстан «тыс» және «үстінде» емес, барлық жерде және жан-жақта бар; екіншіден, ол Құдай мен табиғатты жиі теңестіреді, табиғатты өз алдына дербес бастау ретінде қарастырады. «Табиғат дегеніміз – Құдайдың өзі немесе з аттардың өз ішіне жасырынған құдайлық күш»; үшіншіден, антика философтарының ( Парменид, Демокрит, Эпикур, Лукреций т.б.) ықпалымен Құдайды тек табиғатпен ғана емес, материямен де байланыстырады.

ДЖОРДАНО БРУНО

4. ДЖОРДАНО БРУНО ФИЛОСОФИЯСЫ Бруноның субстанция туралы ілімін зерделеп қарасақ, оның әлемдік жанды денелік, материалдық бастаудан айырмайтынын, оларды біріккен бүтін біріккен субстанцияның өмір сүретінін мойындайтыны анықталады. «Біз, - деп пайымдайды Бруно, - екі түрлі субстанцияны табамыз - біреуі рухани, екіншісі денелік, бірақ бұл екеуі соңында бір болмысқа және бір түбірге (негізге) саяды» (Бруно Дж. Диалоги). Тек осы біріккен субстанция универсумдардың соңғы, ең бір терең бастауы болады. Сезімдік танымның алдында шексіздік мағынасы ашылмайды. Ес танымда үлкен орын алады. Сезімдік деректерді ой елегінен өткізіп, оларды жинақтау еске түсіріп, көз алдына ойша елестету арқылы жүзеге асады. Табиғаттың ең жоғарғы құпияларына жету мүмкіндігін сезім көрсеткіштерін жинақтаушы парасат (интеллект) береді. Бруно кейбір еңбегінде бұл иерархияның төртінші сатысына ақылды қосады. Дж. Бруноның жаратылыстану салаларындағы философиялық ғылыми идеялары схоластикалық дүниетанымдық көзқарасты жеңуге үлкен үлесін қосты. Ол тек қана ақылдың көмегімен әлемнің бірлігін, ондағы қарама-қарсылықтардың диалектикалық сәйкес келуін және оның шексіздігін тануға қол жеткізіледі, ақиқатқа жетудің мәнді бастауы – парасат болады деп есептейді.

5. ҚАЙТА ӨРЛЕУ ГУМАНИСТЕРІ ФИЛОСОФИЯСЫ Осыған жақын рухтағы идеяларды Петрарканың ізбасарлары, соның ішінде Италия гуманисі Джованни Бокаччо ( жж.) да айтады. Бұл уақыт философиясының өзіндік ерекшелігі антиклерикалдық, яғни дінге қарсы сипаты. Гуманистер жаратылыстану ғылымдарының ешқандай практикалық құндылықтарын көре алмады, табиғат философиясы олардың қызығушылық шеңберіне кірмеді. Ойшылдар барлық мүмкіндіктерін әлеуметтік және моральдық мәселелерді шешуге жұмылдырды. XV ғасыр ортасында Қайта өрлеу философиясы антика дәуірі ойшылдарының философиясының шеңберін кеңейтті. Қайта өрлеу философиясы материалистік үрдістерге және жаратылыстану ғылымдары туралы білімге бай араб философиясының идеяларымен де сусындады. Қайта өрлеу философиясы секуляризацияға (латынша saecularis – бұқара, қауым; секуляризация – қоғамдық өмір салаларының, жеке адамның дін ықпалынан арылуы деген сөз), яғни діни сананың философиялық санаға әсерінің шектелуіне алып келді. Қайта өрлеу философиясы – табиғатты адам өмірімен, тәнімен ұқсастыруы керек деп есептеді. Бұл натурфилософиялық (латынша natura – табиғат; натурфилософия – табиғат философиясы, табиғаттың тұтастай танылымы деген сөз) идеялардың пайда болуына алып келді. Италия философиясының тағы бір ерекшелігі – мистикалық түрде берілген, көрсетілетін әлемге деген пантеистік көзқарас. Ол Николай Кузанский, Флоренциядағы Платон академиясының мүшелері: Марсилио Фичино мен Пико делла Мирандола, Пьетро Помпонаци тәрізді ойшылдар ілімдерінен көрінісін тапты.

Иллюстрация к сонетам Ф. Петрарки

Дж. Уотерхауз. Картина к новеллам «Декамерон», Дж. Боккаччо (1916 г.)

BOTTICELLI MADONNA OF THE POMEGRANITE «ВИТРУВИАНСКИЙ ЧЕЛОВЕК» ЛЕОНАРДО ДА ВИНЧИ

ЛЕОНАРДО ДА ВИНЧИ ЛЕОНАРДО ДА ВИНЧИ. МАДОННА ЛИТТА. ЛЕОНАРДО ДА ВИНЧИ. МОНА ЛИЗА. Париж, Лувр