ҚР Білім беру жүйесі
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және қоғам қажеттіліктеріне сайт көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру. Білім беру жүйесіндегі жаңашылдық үдерістердің жүзеге асуы бұл білім беру жүйесінің дамуы, оны жаңарту мен тиімділігін арттырудың басты шорты.
Гимназия – жалпы орта білім беретін оқу орыны. Оқушыларды олардың бейімділігіне сәйкес тереңдетіп, сала бойынша, дифференциациялы оқытуды көздейтін негізгі және қосалқы жалпы білім беретін бағдарламаларды жүзеге эстрады. Алғаш 1538 ж. Страсбург қаласында (Франция) ұйымдастырылды. Қазақстанда гимназиялар 19 ғасырдың ортасынан бастап ашыла баста ты: Әулиеатадағы ерлер гимназиясы (1913), Верный ерлер гимназиясы, Семейдегі ерлер гимназиясы (1894), Қостанайдағы қыздар гимназиясы.
Лицей – білім берудің баламалы нисаны; негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламалары мен жоғары басқыштағы оқушылар үшін кәсіби бағдары бар оқытуды жүзеге асыратын орта жалпы білім беретін оқу орны. Лицей - негізінде және қосымша жалпы білім бағдарламасының іске асатын орта жалпы білім беру мекемесі; жоғарғы сынып оқушыларының кәсіптікке жуық оқуын жүзеге асыру.
Батыс Еуропада, Латын Америкасының және Африканың бірнеше мемлекеттерінде, Ресей Федерациясында жалпы білім беретін орта мектептер лицей деп аталады. Қазақстан Республикасында бұл көбінесе жетілдірілген, дамытылған, арнаулы мамандандырылған оқу орынын көрсетеді.