Жыр патшалығының алыбы - Жамбыл. Білімділік мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарда жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
« Артықша туған азамат» Жамбыл Жабаев.. Жамбыл Жабаев – 100 жасаған ақын.
Advertisements

Жамбыл Жабаев ( ). Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсысымыздың борышымыз.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Абайдың табиғат лирикасы Қазақ тілі 10 Б сынып Мұғалім: Зеева Ләззат Шамшыраққызы.
Сабақ тақырыбы: Жыр алыбы-Жамбыл Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Утешкалиева Ж О.
Сабақ тақырыбы: Жамбыл деген жәй атым, Халық менің шын атым!
Подготовила : ученица 7 « В » класса ОСШ 3 им. Абая Семёнова Т. қ. Талғар – 2011 ж.
Қасым Аманжолов
5В шет.тілі: екі шет тілі 210 топ Анласын Фариза Арыстанбек Ақнұр.
Ертігілердің тәрбиелік маңызы 1.«Бала естігенін айтады,көргенін істейді» 1.«Бала естігенін айтады,көргенін істейді» 2. Ертегінің тәрбиелік маңызы 2. Ертегінің.
Жәнібек Кәрбозин. Сабақтың мақсаты: Жәнібек Кәрбозиннің Жиырма тиын әңгімесі бойынша білім беру. Сабақтың міндеттері: 1.Білімділік: Мәтіннің мазмұнын.
Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімдік жоспарының таныстырылымы Талдықорған қаласы 19 ОМГ Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімдік.
Ең биік шың – адамның жүрегі. Жамбыл өзінің жырымен сол шыңға жол таба білді.Сол шыңды бағындырды. Мирза Тұрсынзаде.
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебі «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлау» технологиясын пайдалана.
«Көңіл-күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл- күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді.
Қазақстан тарихы Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы Сабақ тақырыбы:
Тақырыбы: Әміре Қашаубаев. Төл сөз.. Мақсаты: 1.Білімділік: Әлемге белгілі болған әнші Әміре Қашаубаев шығармашылығымен танысу,Төл сөз,оның жасалу жолдары.
Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Уақыт. 5-ші сынып үшін қазақ тілінен сабақ жоспары Дайындаған: 4 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиетім.
Ұстаздың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп.
Қазақстан тарихы Тарих пәнінің мұғалімі Сүлейменова Г. Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы Сабақ тақырыбы:
Мұғалімнің өз сабағын талдауы. Сабақты талдау түрлері І.Толық талдау І.Толық талдау ІІ. Сабақ кезеңі бойынша талдау ІІ. Сабақ кезеңі бойынша талдау ІІІ.
Транксрипт:

Жыр патшалығының алыбы - Жамбыл

Білімділік мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарда жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын тексеру. Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру. Дамытушылық мақсаты: Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға Ж.Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта: а) Ж.Жабаевтың портреті ә) Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты кезеңдерге арналған көркем суреттер б) «Жамбыл» тірек – сызбасы

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы бейне сюжет

Жамбылдың шығармашылығын төрт топқа бөліп қарауға болады: 1. Байларды, халықтың қолы жете алмаған байлықты сынайтын өлеңдері. Мысалы: Сәт сайланарда, Мәңке,Шалтабайға. 2. Ұлы Отан Соғысы жылдарында жазылған өлең- жырлары. Мысалы: Ленинградтық өренім,Аттандыру,Отан әмірі, Ата жаумен айқастық, Өмір мен өлім белдесті. 3. Айтыстары. Мысалы: Айкүміспен, Бұрым қызбен, Сарамен, Сарбаспен, Досмамбетпен, Құлмамбетпен, Шашубай және т. б 4. Дастандары: Өтеген Батыр, Сұраншы Батыр «Өтеген батыр» дастаны.

«Айтыс ақыны» Жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудің дүлділ ақыны Сүйімбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал- құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүмүс, Бақтыбай, Досмағанбет, Құлманбет сияқты ақындармен айтысқа түскен. Бұлар ғана емес қырғыздың Тыныбек, Қалығұл, Найманбай сияқты ақын –жыраулармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл- көсір поэзиясынан тағлым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі.

«Жамбыл - фольклоршы ақын» Жамбыл тек төкпе ақын емес, сонымен қатар тамаша жыршы да, күйші де болған.Ол қырғыздың әйгілі «Манас», түрікменнің «Көрұғлы», шығыстың «Ләйлі- Мәжнүні», «Жүсіп-Зылиха», т.б. жыр – қиссаларын жатқа сағаттап, тіпті тәулік бойы талмай жырлайтын болған.

«Сатиралық өлеңдері» Бұл ащы сын, өткір мысқылға толы өлеңдер.Ақынның бізге жеткен алғашқы («Шағым») өлеңінен бастап өмірінің соңында шығарған әзіл-сықақ, ажуаларына («Әке -әзілі») дейінгі аралықтағы шығармашылығында сатиралық күш бәсеңсіп көрген емес. Ақын назарына іліккен ұнамсыздықтар күлкілі өлеңге айналмай қалмаған. Жамбылдың үлкен сатирашы ақын екені оның «Кәдірбайдың төбеті», «Кәкімге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Есенәлі мешкейге» сияқты өлеңдерінен-ақ айқын сезіледі.

Отаншыл өлеңдері Атаның әлдиі Балаларға Балама хат Бесік жыры. Жастық жыры Жаңа жыл Жаңа жыл сәлемі. Жеңіс жырын сайраңдар. Жүз жасаған жүректен Ленинградтық өренім. Шәкірт балаларға. Октябрь толғауы Сыйлық. Туысқан ел. Халық туысқандығы. Өнердің өсуі

Жүз жасаған жүркетен, Жырларымды төгейін. Көктемнің күніндей, Жауды жеңіп, күлімдеп, Келгеніңді көрейін! Қаһарманым, күнім деп, Беттеріңнен өбейін!... Ж.Жабаев

Қақаған қар аралас соғып боран, Ел үркей, көк найзалы жау торыған. Ел үркей, көк найзалы жау торыған. Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын, Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым содан. Жамбыл деп қойылыпты атым содан. Жамбыл Жамбыл

«...Ол домбырасын шертіп, баяулатып бір қоңыр ән салып отыр. Ол күй мен әннің ырғағы бойын билеп, тәттіліктің тіл жетпес тереңіне жүздіргендей, балбыраған өлшеусіз бір рахатта отырған тәрізді...» Ғали Орманов

Жамбыл қырғыз ақындарының ортасында

Жамбыл мен Күләш Бәйсейітова

М.Калинин Жамбылды орденмен марапаттауда

Жамбыл және Дина Нұрпейісова

Жамбыл және жазушы В.Ивановпен әнгімелесуде

Жамбыл мен Ғабит Мүсірепов

Жамбыл халық ақындарының ортасында

М ұ хтар Ә уезов Жамбыл баста ғ ан а қ ын, жазушылар арасында жыл.

Шәкірті Кенен Әзірбаев

ІІІ. Бекіту 1. Білім

Тест сұрақтары: 1. Жамбыл қай жылы, қай жерде дүниеге келді? А)1845ж.Шығыс Қазақстанда В)1846ж.Әулие ата өңірінде. С)1848ж.Орталық Қазақстанда. Д)1847ж. Көкшетау облысында. 2. Жамбылдың шығармасы. А)``Сұраншы батыр`` В)``Қыс`` С)``Сағындым`` Д)``Жүйрігім`` 3.Жамбылдың ұстазы кім еді? А) Абай В) Тезек төре С) Cүйінбай Д) Шашубай 5. Ақынның жыры жас ұрпақты неге үндейді? А) Білімге В) Еңбекке С) Жалқаулыққа Д) Ерлік пен туған жерді сүюге. 6.Жамбыл қай жылы қанша жасында қайтыс болды? А) 1945ж 99 жасында. В)1946ж 100 жасында. С)1947ж 101 жасында. Д)1949ж 102 жасында.

2. Түсіну Жамбыл өлеңдерін мәнерлеп оқу

3. Қолдану Жамбыл өлеңдерінің жазылу тарихы мен тақырыптық ерекшелігіне талдау жасау. І топ Мәңке туралы ІІ топ Кәмшат қыз

Мәңке туралы Жанғойлық болысы пысық келеді, Мұрындары пұшық келеді. Екі арадан ептеп жерінде, Көздерін кысып келеді. Сөздерін ұзарта келеді, Өңешін қызарта келеді. Өнімі азырақ жерде, Үстіне тұз арта келеді. Ыңыранып отырып алады, Әр алуан қырға салады. Ақыры құдай жарылқап, Қалталарын толтырып алады.

Мәңке туралы

Кәмшат қыз

Кермиық Кәмшат қыздың көрдік көркін, Қоңдырған шекесіне құндыз бөркін. Секідді алтайы түлкі сылаң қағып, Шеніне келтірмейді-ау емін-еркін! Қырандай қияннан-ақ ілер едім, Қырқада қызыл жүзін бұрса бертін. Шаң жұқпас шашасына саңлақ едім, Сан жерде шаршы төске самғап едім. Жұртшыдай жұрт торымай, алысқа ұшып, Алатын тоятымды таңдап едім. Айдынның ақ шортанын жібермейтін, Жасымнан жаза баспас қармақ едім. Болғанмен сыртым қораш, ішім сұлу, Сол ғана тұла бойға берген жылу. Ажары бет пен іштің бірдей емес, Керек-ау, Кәмшат, соны пайым қылу! Солмай ма көктемдегі әдемі гүл, Оңбай ма арудағы алқызыл түр? Еңкейіп, екіндіге күн құласа, Көріксіз көрінбей ме дүние бір?! Осының бәрі мысал ойлағанға, Кәмшат қыз, ойлан, ойланба, оны өзің біл. Көңілге келіп бір сөз қалғаннан соң, Тынар ма айтып өтпей қу қызыл тіл!

4 талдау 1. Өлең құрылысына талдау жасау Өлеңді өркендеттім, өршіп өстім, Көргенде жақсы жырды құстай ұштым. «Жас ақын», «Жап-жақсы ақын», «Жамбыл ақын» Дегенде, дара болып көзге түстім.

2. Семантикалық карта Көркемдегіш құралдар ЭпитетТеңеуМетафораАллите- рация АссонансНақыл сөз «Ұрлық түбі - қорлық» деп, Болармыз құр келеке. Менің пірім - Сүйінбай, Сөз сөйлемен сыйынбай! Ақ сәлдесі басыңда Боз інгендей боздаған Сүйінбай деп сөйлесем, Сөз келеді бұрқырап Әйгілі ақылгөйі желді сөздің. Әкежан, сен де тіле, бата берсін,

Жамбыл кім? Жамбыл айтысқан ақындар Жамбыл өлеңдері мен дастандары 5. Жинақтау

Баға. Сын Шығармашылық жұмыс. Тақырып: «Жамбыл ата» Керекті сөздер: әлемге, бата, асқақтата, Жамбыл ата. Жүз жасаған... Сүйінбайдан алдың... Қалықтаттың кең... Қазағымның, даңқын…

Үйге тапсырма: Жамбыл Жабаевтың өмір жолын және өлеңдерін жаттау.