Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
* Бала өз мүддесіне қатысты кез-келген отбасылық мәселелерді шешу кезінде өз пікірін еркін білдіруге құқылы. Мәселен, қандай мектепте оқу, жазғы демалысты.
Advertisements

Бала өз мүддесіне қатысты кез-келген отбасылық мәселелерді шешу кезінде өз пікірін еркін білдіруге құқылы. Мәселен, қандай мектепте оқу, жазғы демалысты.
М.Әуезов атындағы 2 ОЖББМ 6 класындағы Қылмыспен күрес көптің ісі атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Мектебі: 202 орта мектебі (10 сыныпқа арналған практикалық сабақ) Мұғалім: Азаматова Ботакөз Бейінді оқыту жөніндегі орынбасары.
-Оқушылардың құқықтық білімдері тексере отырып, заң ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат.
«21 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы- ата-ана »
Мариновка қазақ орта мектебі 2015 ж. Заң ғылымында Конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық құрлыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен.
Экономика және оның қоғам өміріндегі орны. «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев (18 ақпан 2005 жыл). Қазақстан халқына жолдауында Жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен.
Қабиева Гулбариса Нағимқызы М. Сиранов атындағы орта мектептің педагог -психологы.
Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Трекин жалпы орта білім беретін қазақ мектебі Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Трекин жалпы орта білім беретін.
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас мәдениеті.
Фирма және кәсіпкерлік теориясы Кәсіпкерліктің әлеуметтік- экономикалық мәні және оның сипаттық белгілері.
Ғалымдардың пікірінше, адамның саусағына қарап оның сезім мәселесіне келгенде қандай адам екенін айтуға болады екен. Психолог және әлеуметтанушы мамандар.
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Неврология, психиатрия және жұқпалы аурулар кафедрасы ПӘН: Коммуникативтік дағдылар. ТАҚЫРЫП: Дәрігердің құқығы.
Ата-аналарға арналған тренинг. Тренингтің міндеттері: Өз баласын түсіну мүмкіндіктерін кеңейту; Баламен өзара қатынасты жақсы түсіну; Баламен өзара әрекеттің.
Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік адамзат.
Заманауи оқыту әдістемелерінің жеті негізгі модулі.
О т б а с ы шағын отбасы күрделі отбасы Ата-аналар, балалары екі не одан да көп отбасының (ағайынды адамдардың отбасының (ағайынды адамдардың бір шаңырақ.
Ұстаздың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп.
Транксрипт:

Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.

Бала өз мүддесіне қатысты кез-келген отбасылық мәселелерді шешу кезінде өз пікірін еркін білдіруге құқылы. Мәселен, қандай мектепте оқу, жазғы демалысты қайда өткізу,т. б. Бала өзі қалаған үйірмелерді және спорт секцияларын жеке өзі анықтай алады. Бірақ барлық мәселелерді өзі шеше алмайды. Оның жасын және шеше алатын мәселелерін ескеру қажет. 10 жасқа толған баланың жеке пікірін міндетті түрде ескеру қажет. Мәселен, аты-жөні, тегін өзгерткенде, асырап алғанда немесе асырап алудан бас тартқан кезде. Ата-аналар ажырасқан жағдайда баланың олардың қайсысымен қалатындығы жөніндегі пікірін ескеру қажет.

Қ анатты с ө здер: «Ата за ң ә ркімні ң бойт ұ мары болып, оны ң ә рбір қ а ғ идасы м ү лтіксіз орындал ғ анда ғ ана орта қ ма қ сат қ а қ ол жеткіземіз». Н. Назарбаев. «Бала бол, бас қ а бол – б ә ріне за ң біреу - а қ » «Тура биде ту ғ ан жо қ, ту ғ анда биде иман жо қ ». Ж. Баласа ғұ н.

Бала үшін билологиялық ата-ананың қамқорлығы аса қажет. Егер ата-аналары жоқ болса мүмкіндігінше бағып-қағумен баланың туыстары айналысуы керек. Ал туыстары арасында баланы орналастыруға мүмкіндік болмаса, ондай жағдай өзге отбасылардың ұл (қыз) асырап алуы дұрыс болмақ. Егер баланың өз елі жағында қамқорлыққа алатын ешкімі болмаса, онда ата-анасының қарауынсыз қалған баланы өзге біреудің асырап алуы баланы орналастырудың баламалы әдісі ретінде қарастарылуы мүмкін.Бар мүмкіндігінше әрбір бала отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқылы. Бала өз ата-анасымен және басқа да туыстарымен отбасында тұруға, олармен қарым-қатынас жасауға құқылы.Әрбір бала өз ата- анасын білуге және олардың қамқорлығын сезінуге, сондай-ақ, әке-шешесімен бірге тұруға құқылы.БҰҰ-ның Баланың құқықтары туралы халықаралық Конвенциясы баланың өз ата-анасынан ажырап қалмауын міндеттейді. Ал егер ажырап қалса, ата- аналарының біреуімен, немесе екеуімен де қарым-қатынас жасап отыруға мүмкіндік береді. Бала өз ата-анасының тәрбиесін алуға, олардың қызығушылықтарын, жан –жақты дамуын қамтамасыз етуге, оның адамдық қадір қасиетін сыйлауға құқылы.

Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, олардың әрқайсысы өзінің даралығын сақтауға құқылы. Даралықтың белгісіне оның есімі, тегі, әкесінің аты жатады. Балаға есім ата-анасының келісімі бойынша беріледі. Әдетте, ата-аналар өз балаларына кез келген атты ойлап қоя береді.Дегенмен, ондай таңдаудың шегі бар. Баланың мүддесін ескере отырып, ата-аналар өз құқықтарын пайдаланып, баланың мүддесіне қарама-қайшы келетін, айналасына күлкі, не жағымсыз жағдай туындататын есімді таңдамау керек. Баланың әкесінің аты ұлттық дәстүр ескеріле отырып, әкесінің есімімен жазылады. Мәселен, ата- аналарының қалауына қарай әкесінің атына ұлы, қызы сөздері қосылып жазылуы мүмкін. Егер баланың әкесінің аты қос аттан тұрса (мәселен Әділмұрат) ата-аналарының қалауына қарай екі аттың бірі баланың әкесінің аты болып жазылады. Егер әкесінің аты белгісіз болса, шешесінің нұсқауымен баланың әкесі ретіндегі адамның есімі жазылады, ал тегі шешесінің тегімен көрсетіледі.

Құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін баланың құқығы заңмен бекітіледі.Құқық қорғауды ата-аналар, бағып-қағу және қамқорлыққа алу органдары, сот, прокурор жүзеге асырады. Заң баланы озбырлықтың түрлерінен оның абройын төмендетуден, ата-аналар тарапынан болатын қиянаттан қорғайды.ҚР-да балалардың мүддесі қорғала отырып, ондай ата-аналарды ата-аналық құқықтан және баланы бағып-қағуға беруден айыруға байланысты шараларды қолдану заңдық тұрғыда қарастырылған. Бала мүліктік құқыққа да ие. Ол көбінесе өз ата-аналарының және отбасының өзге де мүшелерінің күтіп бағуы құқықтарына байланысты болмақ.Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата-ананың атына келіп түседі, алайда, ол қаржы баланы күтіп-бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалады. Заң балаға сыйға немесе мұраға алған мүлікті меншігіне алу құқығын береді, сондай- ақ еңбекпен айналыса отырып, өзінің жеке еңбегінің кірістерін алуға, жекеленген пәтердің иесі болуға, т.б. мүмкіндік береді.Балаларға қамқорлық жасай отырып, мемлекет бала туған кезде жәрдемақы төлейді. Көп балалы отбасыларын түрлі жағынан қорғауға алынған.

ҚР ҚР-сындағы бала құқыұтары туралы заңының 20 бабына сәйкес әрбір бала ҚР Конститутциясын және заңдарын сақтауға, өзге адамдардың құқықтарын, еркіндіктерін, ары мен абройын, республиканың мемлекеттік символдарын сыйлауға, еңбекке жарамсыз ата-анаға қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұраларды, ескерткіштерді қорғауға, табиғатты сақтап, табиғи байлықтарға ұқыппен қарауға міндетті. Бала құқықтары туралы Конвенция тек баланың құқықтары мен оларды қорғауды қарастырады.

Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы. Бала құқықтары туралы Конвенция. Әйелдерге қатысты кемісітушіліктің барлық түрлерін жою туралы Конвенция. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. ҚР-дағы бала құқықтары туралы ҚР Заңы Неке және отбасы туралы ҚР Заңы.

- Бала деп кімді айтамыз? - Баланың қандай құқығы бар? - Еңбек етуге; - Өз пікірін білдіруге; - Баланың өз атын, әкесінің атын алуға; - Мүлікке ие болу; - Қорғалуға; - Отбасында өмір сүруге, тәрбиеленуге; - Ұлтын таңдауға; - Дем алуға; - Денсаулығын сақтауға құқылы.

«Бала құқығының» заңдарынан баптарды ұсыну. 1 – бап Бала сипаттамасы. 18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін. 2 - бап Дискриминацияны, яғни зорлық – зомбылықты болдырмау. Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық – зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті.

3 – бап Бала құқығын анағұрлым толық қамтамасыз ету. Балаға қатысты жасалатын барлық іс - әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеруі қажет. Егер ата – ана немесе басқа тұлға балаға керекті қамқорлықты көрсете алмаса, онда бұл жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алуы тиіс. 4 - бап Құқықты іске асыру. Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауы керек.

5 – бап Отбасындағы тәрбие және бала қабілетінің дамуы. Мемлекет баланың жан – жақты дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата – аналар мен кеңейген отбасылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс. 6 - бап Өсу мен даму. Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті. 7 – бап Есім мен азаматтық. Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай - ақ азаматтық алуға, мүмкіндігі барынша өз ата – анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы.

8 - бап Жеке тұлғалықты сақтау. Мемлекет баланың өзіндік қайталанбас тұлғалылығын сақтауға, тіпті керек болған жағдайда оның негізгі қасиеттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады. 9 – бап Ата – анадан ажырау. Бала өз мүддесіне қарама – қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата – анасымен бірге тұруға құқылы. Сондай – ақ бала ата – анасының екеуінен немесе біреуінен ажыраған жағдай да олармен байланыс жасап тұруға құқылы бап Отбасының қосылуы. Бала мен ата – ана отбасын біріктіру немесе өзара қарым – қатынастарын нығайту мақсатында кез – келген елден шығын өз еліне келуге құқылы.

11 – бап Заңсыз орын алмастыру және оралмау. Мемлекет ата – ананың немесе үшінші бір жақтың баланы шет елде заңсыз ұстап тұруына болмаса ұрлауына жол бермеуге және бұл жағдайда тиісті шаралар қолдануға міндетті бап Баланың көзқарасы. Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лайық. 13 – бап Пікір айту еркіндігі. Бала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай – ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы.

14 - бап Ой, ар – намыс және дін бостандығы. Ата - ананың балаға тиісті деңгейде жетекшілік етуі барысында мемлекет сол баланың ой еркіндігін, ар – ұяты мен дінін құрметтеуге міндетті. 15 – бап Ассоциация бостандығы. Бала басқа адамдармен кездесуге және ассоциаларға кіруге болмаса оны құруға құқылы бап Жеке өмір сүру құқығын сақтау. Балалар өздерінің жеке, жанұялық және отбасылық өміріне қол сұғушылар еттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады.

Жалғасын тап 1. Ананың көңілі Баланың көңілі Балалы үй Баласыз үй қу – балалы болғанда білерсің.

Сұрақ: Сендерге бала құқығының қандай түрлері таныс?

Жауап: - Мен мектепке баруға, оқуға, хайуанаттар бағына баруға еркіндігім бар. - Мен қыста сырғанауға, ойнауға, сурет салуға, бестік баға алуға құқықтымын. - Мен демалуға құқықтымын. - Мен ауырып қалсам, дәрігер шақыруға, емханада жатып емделуге құқығым бар. - Мен өз елімнің еркін азаматы болуға, мектепке баруға, өз ойымды ашық өз тілімде айтуға құқығым бар. - Өзіме ұнайтын спорт түрімен шұғылдануға, серуендеуге құқығым бар. - Мен дүкенге баруға, ұнайтын киімдер сатып алуға құқықтымын.

Жауап: - Ойнауға, туыстарыма қыдыруға құқығым бар. Балалар күнделікті өздері қолданып жүрген құқықтары жайында айтып отыр. «Менің құқығым бар» деген сөзден не ұғасыңдар? - Менің өз кітабымды алып, оны оқуға құқығым бар. Маған ешкім тыйым сала алмайды. Мен басқаларды ренжітпей. тек жақсылық істеуге құқықтымын. - Ең бірінші мен өмір сүруге, оқуға, дем алуға, қыдыруға құқықтымын. -«Менің құқығым бар» сөзінен міндетті түрде емес, бірақ өз қалауым бойынша не істесем де еркім өзімде дегенді түсінемін. - Тек жақсы істерді істеуге құқықтымын, жаман істерді істеуге құқығым жоқ деп түсінемін.

Қорытынды: Конвенцияда адам құқығын құрметтеуге, баланы ата – анасынан, олардың мәдениетіне, тіліне, өзі тұратын елдің ұлттық байлығына, қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу жөнінде айтылған. Біз тәуелсіз, егеменді елміз. Өзімізге тән елтаңба, әнұран, туымыз бар. Соның маңыздыларының бірі – 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған. Конституция 98 бапты біріктіріп 9 бөлімнен тұрады. Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері осы бөлімдерде жазылған. Әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек. Бүгін осы мәселелерді қарастырдық. «Заң білу – заман талабы». «Бала құқығы». «Заңға бағыну – адамзат міндеті». Бүгінгі іс – шарамызды қорытындылай келе, сіздерге көп алғыс айтамын. Заңды аяққа баспайық, ағайын! Сау болыңыздар!