«21 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы- ата-ана »
Қош келдіңіздер! Көңіл-күйлеріңіз қалай?
Жас ұрпақты парасатты, ақылды, мейірімді жан-жақты азамат ретінде тәрбиелеудегі ата- ананың ролін көрсету. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптастасуына ата-ана беретін тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, қарым-қатынас орнату. Ата-аналарға оқытудағы жаңалықтар туралы мәлімет беру. Ата-аналардың мектеппен, сынып жетекшімен тығыз байланысын орнату.. Мақсаты:
Жоспары: 1.Психологиялық тест Сіз қандай тәрбиешісіз? 2.Сауалнама «Сіз балаңызды білесіз бе?» 3.Жағдаяттарды шешу. 4.«Түйінді сөз». 5.Рефлексия
1.Психологиялық тест Сіз қандай тәрбиешісіз?
Ата-аналарға арналған тест Сіз қандай тәрбиешісіз? 1.Бала сыныптасымен төбелесіп қалды, Сізді тез арада мектепке шақыртып жатыр, не шара қолданасыз? а) ызалықпен жазалайсыз ә) жөнін сұрап, қай себеппен төбелес шыққанын анықтайсыз, содан кейін шешім қабылдайсыз б) ең алдымен сынып жетекшісімен сөйлесесіз 2.Үйді жинап жатқанда, бала кездейсоқ вазаны сындырып алды, Сіздің әрекетіңіз: а) ең біріншіден, желкеден бір қоясыз ә) ашу үстінде: Жоғал! Сенің көмегіңсіз-ақ істеп аламын-деп айғайлайсыз б) баланы жұбатасыз, ол әдейі істеген жоқ қой 3.Егер Сіз баланы жазаладыңыз, содан кейін өзіңіз дұрыс істемегеніңізді сездіңіз, онда: а) өз беделіңізді түсірмейін деп, үндемейсіз ә) кешірім сұрайсыз б) қатеңізді түсініп, үлкендердің де қателесетінін айтып түсіндіресіз
4.Бала Сізді сұрақпен жаудырып, сұрап жатыр, Сіз шаршап тұрсыз... Сіздің әрекетіңіз: а) итеріңкіреп: Бір сәт сенен демалайыншы ә) ойланбастан, амалсыздан жауап бересіз б) шаршағаныңызды түсіндіресіз, бұл сұрақты басқа уақытқа қойып, уақытын белгілейсіз 5.Бала Сізден шығарма жазуға көмек сұрайды. Сіз не істейсіз? а) жазасыз, оған тек қана шығарманы көшіріп алу қалады ә) қатаң айтасыз: өзің жаз, сонда ғана үйренесің-деп б) мазмұнына көмектесіп, әдебиетіне нұсқау беруге қол ұшын бересіз. Одан кейін өз ойымен жазады 6.Бала анасына – аквариум сатып алып, балық ұстайықшы- дейді. Сіз не деп жауап бересіз? а) бірден: Ол сенің уақытыңды алады,-дейсіз ә) Жарайды, сен соны қаласаң, мен саған аквариумда балық ұстауға көмектесемін-дейсіз б) Егер сенің ынтаң терең болса, мен саған сатып алып берем, бірақ есіңде болсын, өзің қарайсың-дейсіз
Тестің кілті: Егер Сіз барлық 6 сұраққа да б әрпімен жауап берсеңіз, Сіз жақсы тәрбиешісіз. Егер Сіздің жауабыңыз б әрпінің 3-еуіне ие болса, Сізге өз әдет- қылығыңызға назар аударғаныңыз артық емес. Егер одан да аз жауап берсеңіз немесе жауапты ойланбай белгілесеңіз, өз психологиялық әдістеріңізге тереңірек ой салуыңызға тура келеді.
2.Сауалнама «Сіз балаңызды білесіз бе?»
Сауалнама Құрметті ата-ана! Балаңыздың тәрбиесі сізді ойландыруы керек деп есептейсізбе? Отбасында балаңызбен қарым-қатынасыңыз қандай? Отбасында кім көбірек бақылап тәрбиелеуге алған, кімнің ықпалы күшті деп есептейсіз. Балаңыз сабақтан бос уақытта немен шұғылданады? Сыртқы ортадағы балаңыздың жолдастарына көңіл бөлесіз бе? Мектептегі тәрбие жұмысына көқарасыңыз қалай? Осы мәселеге қандай ұсыныстар айтар едіңіз? Мектепке жиі шақырып, әр түрлі сыныптан тыс шараларға қатынасуға қалай қарайсыздар? Балаңыздың үй шаруасына көмегіңіз қандай? Үй жұмыстарына қыздың, ұлдың жұмысы деп бөлесіз, әлде бірдей жұмсайсызба? Балаңызды жеке өнерге баулисызба? Кейбір ата-ана баласының нашар оқитынын мұғалімге байланысты дейді. Сіз оған қалай қара едіңіз? Мұғалімі туралы жеке пікіріңіз қандай? Мұғалімнің жұмысына көңіліңіз тола ма? Үй жұмысына көңіліңіз тола ма? Ұсыныстар қоса аласыз ба? Болашақта балаңыздың кім болатыны сізді ойландыра ма? Кім болғанын қалайсыз? Сауалнама Құрметті ата-ана! Балаңыздың тәрбиесі сізді ойландыруы керек деп есептейсізбе? Отбасында балаңызбен қарым-қатынасыңыз қандай? Отбасында кім көбірек бақылап тәрбиелеуге алған, кімнің ықпалы күшті деп есептейсіз. Балаңыз сабақтан бос уақытта немен шұғылданады? Сыртқы ортадағы балаңыздың жолдастарына көңіл бөлесіз бе? Мектептегі тәрбие жұмысына көқарасыңыз қалай? Осы мәселеге қандай ұсыныстар айтар едіңіз? Мектепке жиі шақырып, әр түрлі сыныптан тыс шараларға қатынасуға қалай қарайсыздар? Балаңыздың үй шаруасына көмегіңіз қандай? Үй жұмыстарына қыздың, ұлдың жұмысы деп бөлесіз, әлде бірдей жұмсайсызба? Балаңызды жеке өнерге баулисызба? Кейбір ата-ана баласының нашар оқитынын мұғалімге байланысты дейді. Сіз оған қалай қара едіңіз? Мұғалімі туралы жеке пікіріңіз қандай? Мұғалімнің жұмысына көңіліңіз тола ма? Үй жұмысына көңіліңіз тола ма? Ұсыныстар қоса аласыз ба? Болашақта балаңыздың кім болатыны сізді ойландыра ма? Кім болғанын қалайсыз?
Жағдаяттарды шешу. І топ. 1 - жағдаят. Он жасар баласының бөлмесін жинап жүрген шешесі баласының бір қатар заттарын қажетсіз деп лақтырып жіберді. Баласы сабақтан келген соң, бұл жағдайды көріп шешесіне қатты ренжіді. Шешесінің ойынша баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі осы үйді реттестіретін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам шешесі болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы тиіс. Сұрақ: Шешесінің іс -әрекеті дұрыс деп ойлайсыз ба? Қандай қателік бар? Баланың қандай құқығы бұзылды? ІІ топ. 2 - жағдаят. Таңертеңгі мезгіл. Анасы баласын сабаққа баруға оятады. Бала ұйқысынан тұрғысы келмеді. Әкесі баласын жақтап, сабаққа бармауын өтінді. Осы кезде телефон соғылды.Тұтқаны алған шешесіне баласы өзін жоқ деп айтқызды. Сұрақ: Анасы мен әкесінің іс -әрекеті дұрыс деп ойлайсыз ба? Қандай қателік бар? Бала қандай сезімде болады?
Жағдаяттарды шешу. ІІІ топ. 3 - жағдаят. Бала өте қатал отбасында тәрбиеленеді. Оған ата - анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, тәтті әперіп еркелетпеді, концерт, кино, спектакльге де барып көрмеді. Ата - анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді, тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы қалыпта ғана өсті. Бала ата - анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да олардан бір ауыз жылы сөз естімеді. Сұрақ: Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз? Сіз балаңыздың осындай болып өсуін қалайсыз ба? ІV топ. 4 - жағдаят. Соңғы кезде Сымбаттың тәрбиесіне байланысты отбасында екі түрлі көзқарас туындап отыр. Әкесі Сымбатты шығыс жекпе-жегінің үйірмесіне жазамын, кейін өзін өзі қорғап үйренеді десе, анасы баласының ол үйірмеге баруға мүлдем қарсы. Оның ойынша, бұл қыз бала айналысатын іс емес. Сымбат не істерін білмей әуре. Үйірмеге қатысқысы келеді, бірақ анасының көңілін де қалдырғысы келмейді Сұрақ: Мұндай жағдайда ата - ана не істеу керек? Сіз кімнің көз қарасын жақтайсыз? Әкесінің бе? әлде шешесінің бе?
«Түйінді сөз» Қорытынды: Құрметті ата-аналар! Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ата-ана, ұстаз, жақсы құрбысынан екені сөзсіз. Сондықтан «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер. Жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев айтқан – бала тәрбиесі барлығымыздың бірлескен жұмысымыздың нәтижесі. Бұлардың барлығы қоғамға тәуелді. «Мейірімділікті анадан, Әдептілікті данадан үйрен» дейді халқымыз. Бір біріне қамқор, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу және адамгершілікті мол асыл қаситтерді бойларына сіңдіру біздің міндетіміз екенін айта келіп пікір алмасу түрінде өткен ата-аналар жиналысымды тәмамдаймын.
«Рефлексия».
Назарларыңызға көп-көп рахмет!