Тақырыбы:Мұсылман майрамдары және салт-жоралары мен ұйғарымдары. Сабақтың білімдік мақсаты: Мұсылман мейрамдары және салт- жоралары мен ұйғарымдары туралы түсінікті қалыптастыру; Сабақтың дамытушылық мақсаты: Мұсылман мейрамдары және салт-жоралары мен ұйғарымдарының мағанасын түсіндіре отарып, гуманистік дүниетанымының негіздерін қалыптастыру. Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың бойында рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырып, имандылыққа тәрбиелеу,
Сабақтың жоспары 1.Исламның таралуы. 2.Рамазан айты 3.Құрбан айт мейрамдары 4.Мәуліт мерекесі 5.Қадір түнінің қасиеттері 6.Туылған балаға қатысты ислами шаралар 7. Неке салттары 8.Құрбандық шалу
Мұсылман майрамдары және салт- жоралары мен ұйғарымдары Туылған балаға қатысты ислами шаралар Неке салттары Айт мейрамдары Құрбандық шалу дәстүрі Қадір түні Мәуліт мерекесі
Ислам діні 1.Иман және инабат 2.Иман және ождан 3.Ислам дінінің іргелі қағидалары 4.Пайғамбар хадистері, оның әдеп ғылымымен байланыстылығы 5.Ата-баба әруағын қастерлеу 6.Қазақ еліндегі түрлі діни ағымдар туралы түсінік
Адамзатты басқа бүкіл тіршілік иелерінен ажыратып тұратын нәрсе – руханият Руханият белгілері Өнерге, білімге құштарлық Ғылымға талпыну Ата-ана алдындағы парызды түсіну Еңбек- сүйгіштік Туған жерді, ана тілді қастерлеу Отанды сүю
Руханият дегеніміз Адамның жан дүниесі Дүниетанымы Білім деңгейі Ұлттық қадір-қасиеті Адамдық мінез-құлқы
Халықтың рухани болмысын қалыптастыруда бірінші кезекте, діннің рөлі үлкен. Таза діни тәрбие негізінде сенім қалыптастырған иманды кісінің рухани бастаулары: Ислами талаптарға сай өмір сүреді Сөзі мен ісі бір жерден шығып отырады. Әрбір әрекетінен: Ізгілік, рақымшылық Асқан сабырлылық Қарапайымдылық байқалады.
Мұсылман елдерінде азғындық жолдарға: Ұрлық, қарлыққа Ішімдік ішуге Есірткі құмарлыққа шек қойылған Мұсылман елдерінде: - Қайыршы жоқ - Кедейлер мен жетімдер қамқорлыққа алынған Мұның себебі не? Бұл ислам тәрбиесінің құдіреті Бұл бүкіл әлем мойындап отырған құндылық
Киелі қазақ жерінде: Үй ұрлығы деген болмаған Жесір де, жетім де, қараусыз қалған қария да болмаған Әр ру өз кемтарларына қамқорлық жасай білген Үлкендер кішіге өнеге болған Бірсөзділікті ерлікке балаған Ерлерін ардақтаған Сөз қадірін біліп, уәж сөзге тоқтаған
Қасиетті Мәуліт мерекесі республикамыздың түкпір- түкпірінде ұлықталып, мерекеленіп жатыр. Кеше Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен арнайы дастарқан жайылып, Құран бағышталды, уағыз айтылды... Қасиетті Мәуліт мерекесі республикамыздың түкпір- түкпірінде ұлықталып, мерекеленіп жатыр. Кеше Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен арнайы дастарқан жайылып, Құран бағышталды, уағыз айтылды... Бірнеше ғасырлардан бері тойланып келе жатқан бұл мерекенің басты мақсаты - Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың іс- әрекеттерін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға шақыру боп табылады. Салтанатты шараның ашылу сөзін сөйлеген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлінің айтуынша, мәуліт - араб сөзі, қазақша «туылған күн» деген мағына береді. Бұл атау Алла тағаланың ең сүйікті пендесі әрі сардары Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келуінің құрметіне берілген. Бірнеше ғасырлардан бері тойланып келе жатқан бұл мерекенің басты мақсаты - Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың іс- әрекеттерін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға шақыру боп табылады. Салтанатты шараның ашылу сөзін сөйлеген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлінің айтуынша, мәуліт - араб сөзі, қазақша «туылған күн» деген мағына береді. Бұл атау Алла тағаланың ең сүйікті пендесі әрі сардары Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келуінің құрметіне берілген.
Қадір түні (араб. |لَيْلَةِ الْقَدْرِ Ләйләт-ул-Қадыр) қасиетті түн. Ораза (Рамазан) айының соңғы он күнінің бірінде болады. Бұл түн туралы Құран Кәрімнің Қадыр сүресінде айтылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде түсірілгендігі, оның мың айдан қайырлы екендігі, бұл түнде Жәбірейіл періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі және таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады. Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады. Кейбір рауаяттарға қарағанда Қадір түні. Рамазан айының 27-ші түні, дегенмен Қадір түнінің дәл қай түн екені белгісіз. Сондықтан тақуа кісілер Ораза айының соңғы он түнін түгелдей құлшылықпен өткізеді. [1]ОразаРамазанҚұран КәрімніңҚадыр сүресіндеаяттанҚұранныңЖәбірейіл періштемұсылмандарғарауаяттарға [1] Мұсылман үмбетінің Құран Кәрімнің асыл аяттары түсе бастаған, нұр шашқан Рамазан айы да өрмектің жүзінен ауды. Қыркүйектің 20-сында Ораза айты басталады. Ал бүгінгі түн, яғни, қарашаның 15-інен 16- сына қараған түн - қасиетті Қадір түніне келеді. Қадір түні - бүкіл адамзатқа Құран түсе бастаған ерекше қасиетті түн. Араб тіліндегі «қадр» сөзі «мән- маңыз» және «өлшем» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бұл сөз «құдырет» мағынасы да қамтиды. Қадір түнінің қасиетін жұмыр басты пенде өз ақылымен біле алмайды. Сондықтан оның қадір-қасиетін Жаратушымыздың өзі «Қадір» сүресінде: «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады», - деп баяндайды. Сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Аллаһ Қадір түнін үмбетіме сый ретінде тарту етті, бұл бұрынғы үмбеттерге берілмеген» деп, бұл сыйдың қадірін білуге шақырады. Тағы бір хадисінде: «Кімде-кім сауабын тек қана Аллаһтан күтіп, ықыласпен сол түнді ғибадат жасаумен өткізсе, күнәлары кешіріледі», - дейді. Сондықтан мүмкіндігінше, әрбір пенде Қадір түнінде берілетін сыйдан мақұрым қалмауға тырысуы керек. Ол түнді бос өткізбей, дәрет алып, екі бас болса да намаз оқып, Аллаһ Тағаланың шексіз мейірімінен шын жүректен сұрап, дұға еткен жөн. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Басқа уақыттарда әрбір жақсылықтың сауабы он есе болса, ережеп айында жүзден асады. Шағбанда үш жүзден асып, Рамазанда мың есеге артады, жұма түндері мың еседен асып, Қадір түнінде отыз мыңға дейін жетеді», - деген.
21 орта мектеп Туылған балаға қатысты ислами шаралар. Неке салттары. Құрбандық шалу дәстүрі.
Бала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша.
Сәбиге ат қоюда негізінен, түрлі салт-дәстүрлер бар. 1. Балаға артық саусағына қарай ат қою. Есімдері: Артық, Артықәлі, Артық-бай, Қосекен. 2. Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай. 3. Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою. Есімдері: Тасболат, Тастемір, Шымырбай. 4. Баласы шетіней бер- ген үйде жас сәбиге ат қою. Есімдері: Аман, Аман-күл, Есен, Жүрсін, Тоқтар, Тұрсын, Тұрсынкүл т.б. 5. Бала-шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар, Мыңжа-сар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқ- санбай, Ұзақбай.
6. Елдің ардақты азаматтарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен жаңа туылған балаға ат қою. Есімдері: Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Иса- тай, Қазыбек, Махамбет, Сәбит, Сәкен, Сырым, Төлеби, Ыбырай т.б. 7. Ерекше көзге түскен белгілеріне қарай ат қою. Есімдері: Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет, Меңдібай, Меңдігүл, Сүндет. 8. Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою. Есімдері: Ғали, Жамал, Зылиха, Иса, Мұхаммед, Омар, Оспан, Сүлеймен, Хадиша. 9. Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат маталардың, нәзік өсімдіктердің атын қою. Есімдері: Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Құралай, Мақпал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар т.б.
10. Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою. Есімдері: Лекер, Шалабай, Шалабек. 11. Мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен ат қою. Есімдері: Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат. 12. Соңғы балаға ат қою. Есімдері: Кенжебай, Кенжегүл, Кенжетай. 13. Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты ат қою. Есімдері: Арыстан, Аюбай, Бота, Ботагөз, Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш т.б. 14. Ұлы жоқ үйде қыз туғанда ат қою. Есімдері: Болған, Тойған, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан, Ұлту т.б.
Неке қию (араб тілінде - "никах") Исламда жауапкершілік пен адалдықтың, адам жаны мен жүрегінің тынышталуына себепкер болатын игі әрекеттердің бірі болып саналады. Неке қию - адамның Аллаһ, қоғам және өзінің алдында үлкен жауапкершілікке бой ұсынуы. Бір-бірін сүйетін ер мен әйелдің өзара түсіністік, адалдық пен сабырлылық принциптерін ұстана отырып махаббат пен тыныштықты сақтап, бір-біріне қамқорлық етуге, өмірлерін жайлы жасауға, осы махаббат пен мейірімділік ортасында балаларын тәрбиелеп, бақытты да берекелі отбасын құруға бағытталған жауапкершіліктің бір түрі.
Құрбандық шалу дәстүрі Құрбандық -Алла жолына арнап шалынатын мал. Құрбандыққа мал шалу дәстүрі ислам тарихында өз ұлы Исмаилды Алла ризалығы үшін құрбан етпек болған Ибраһим пайғамбарға байланысты шыққан. Құрбан айт кезіндегі құрбандық үшін малдың үш түрін: түйе, сиыр, қой не болмаса ешкі союға болады. Құс союға болмайды, ал жылқы малы Имам Ағзам жолы бойынша соғысАллаИбраһим пайғамбарғаҚұрбан айттүйесиырқойешкіҚұс жылқыИмам Ағзам көлігі саналып, құрбандыққа жатпайды.
Құрбандыққа қой мен ешкінің бір жасқа толғаны, түйенің бес, сиыр мен өгіздің екі жастағысы сойылады. Бұлардың дене мүшелері түгел әрі сау болуы шарт. Құрбандық етінің үштен бірі отбасына қалдырылады, екінші жартысы тұрмысы нашар ағайын-туысқа, үшінші бөлігі кембағалдарға таратылады. Құрбан (араб.: -«жақындау»), Шариғаттағы терминдік мағынасы - Аллаһ Тағаланың ризашылығына жақындау ниетімен Құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты.араб.