ізгілік, жақсылық туралы ұғымдарын кеңейту; жақсылықты бойларына сіңіруге, жағымды қарым-қатынас жасай білуге үйрету; сүйіспеншілікке,ойлылыққа, сезімталдыққа.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
«2 жалпы орта білім беретін» ММ Жақсылық жасай білейік Мухатова Дария Меделбекқызы 4 сынып.
Advertisements

- Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы, бәрің сондай қуанышты, бір – біріңе күліп.
Балқаш- аңыз І нұсқа. Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі.
«21 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы- ата-ана »
Сабақтың тақырыбы: «Шындық шыңы – ақиқат» Сыныбы: 6 в Құндылық: Ақиқат. Қасиеттер: Шыншылдық, адалдық, бірлік/ой,сөз,іс /
АНА МЕН БАЛА ! 1 жасыңда Сені алақанына салып бақты, тамақ беріп, жуындырды. Оның түн ұйқысын төрт бөліп, ұйықтатпай рахметіңді сөйтіп айттың.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы ( ) ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна.
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш. Сыныбы: 8 а Пән мұғалімі: Асилова А.Т.
Ақпанның жиырма жетісі. Класс жұмысы.. Сабақтың тақырыбы: Есімдік.
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік. Сипитанова Зауреш Мусақызы.
Қыркүйектің жиырма сегізі Тіл таба білу өнері Тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдылар.
Ұстаздың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп.
«Ғасырдың ғаламат ақыны» (Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың туғанына 70 жыл) ( Поэзия кеші )
С АБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ : М ЫҢ БІР МАҚАЛ, ЖҮЗ БІР ЖҰМБАҚ С АБАҚТЫҢ - МАҚСАТЫ :О ҚУШЫЛАРДЫ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ СӨЗ ӨНЕРІ МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫН ҰҒЫП, ОЙДА САҚТАП,
15 сәуір - Ғашықтар күні
ТАНЫСТЫРУ СӨЗ ТАПҚАНҒА ОЙЛАН ТАП СЕН БІЛЕСІҢ БЕ? КІМ ЖЫЛДАМ? ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ГЕНДЕРЛІК СИПАТЫ Мақсаты: оқушыларды халықтық педагогика негізінде.
Даналық сөздер қоржыны Құ растырушы: Қ айырова К. Ө. – 32 МГ бастауыш класс ж ә не « Ө зін- ө зі тану» п ә ніні ң м ұғ алімі.
Ғалымдардың пікірінше, адамның саусағына қарап оның сезім мәселесіне келгенде қандай адам екенін айтуға болады екен. Психолог және әлеуметтанушы мамандар.
Тақырыбы:Ата-ананың қара шаңырағы. Мақсаты: а) Студенттердің ата-ана алдындағы парызын, міндеттерін ұғынуға, ұнамсыз жайлардан бойын аулақ салуға, отбасындағы.
Мақсаты Оқушыларды ойын-жаттығулар арқылы 5-сыныпқа даярлау, оқушы көзқарасын қалыптастыру, қабілетін тануға көмектесу.
Транксрипт:

ізгілік, жақсылық туралы ұғымдарын кеңейту; жақсылықты бойларына сіңіруге, жағымды қарым-қатынас жасай білуге үйрету; сүйіспеншілікке,ойлылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Құндылық: Дұрыс іс-әрекет. Қасиеттер: «Жақсылық – жан азығы». Жақсылыққа, ізгі әрекеттерге тәрбиелеу.

Тыныштық сәті

Дәйексөз Жақсылық істеуден жалықпа, Жақсылық істеуден жалықпа, Істеген жақсылығыңа өкінбе!

Әңгімелеу

Ертеде Адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына Жақсылықты отырғызып қойыпты.Адам бір іс жасарда Жақсылық « істе » десе,Жамандық « істеме » деп сыбырлайды екен.Сөйтіп,адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді. Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып: -Адам, ана балыққа көмектесіп жібер,-десе, Жамандық: -Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма,- дейді. Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутендеп, көмек сұрғандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді. Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр-шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық: - Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит-құсқа жем боласың ғой,- дейді. Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық: -Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді,-дейді. Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ-шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады. Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі Жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәннен айырып тастағысы келіп оқталды да, шыр-пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол: -Әй, адам-ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда қол ұшыңды көрсетіп, жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп-кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе?- деп налыған екен. Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп, Адам ата ұрпағын алдына шақырып алып: -Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жаманлдыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол,- деп батасын береді. Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетеді.

Ой қозғау «Жақсылық – ізгілік бастауы» дегенді қалай түсінесіз? Адам жақсылық пен ізгі қасиеттерді жасау үшін не істеуі қажет?

Шығармашылық жұмыс

Жұмыстан келген анасы ұлына:- Ауырып тұрғаным, жата тұрсам ба екен? – деді. -Жата беріңіз, - деді кітаптың қызығына түскен ұлы назар аудармастан. Мамасы төсегіне барып жатты да ұлына көрпенің үстінен тон жаба салуды өтінді. Ұлы орнынан салдыр-күлдір еткізіп ренжи тұрды да үн-түнсіз оның өтінішін орындады. (В. Воробьев) * Бала анасына жанашырлық білдіре алдыма? * Сен оның орнында болсаң не істер едің?

«» әнін қосылып айту «Армандастар» әнін қосылып айту Бір дәуірдің түлеп ұшқан жастары едік Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік Бәріміз де жазылмаған дастан едік Армандастар – құрдастар Қайырмасы: Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік Бәріміз бір өмір жолын бастап едік Армандастар қайда? Абзал достар қайда? Замандастар, қарлығаштар қайда екен? Арман қуған, қиял қуған кезің қайда? Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда? Сол алғашқы алаулаған сезім қайда? Армандастар – құрдастар Қайырмасы: Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік Бәріміз бір өмір жолын бастап едік Армандастар қайда? Абзал достар қайда? Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

«Тілек ағашы» Сіз соңғы рет өзге адамдарға қандай жақсы, игі іс жасадыңыз?