Қолданбалы курс 10 сынып. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы 46 А. С. Пушкин атындағы орта мектебі Бекітемін: Мектеп директоры: Б. Сыздық « » 2008 жыл Адам.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Баймухамбетова Риза Камешовнаның ПОРТФОЛИОСЫ «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш.
Advertisements

12 сынып 1 сынып. Білімді, білікті, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жылдам өзгеріп отыратын ортада өмір сүруге бейімделген, өздігінше дамуға, өз ойын.
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ҚОҒАМНЫҢ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СҰРАНЫСЫНА СӘЙКЕСТЕНДІРУ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ІЗГІЛЕНДІРУДІ, ОНЫҢ ВАРИАТИВТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ.
Оқушылардың ғылыми қоғамындағы география секциясының жұмыс бағдарламасы Имашева Шынаргүл Қанатқалиқызы география пәнінің I-санатты мұғалімі Қазақстан Республикасы.
Оспанова Гүлнар Айжарыққызы Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің Жоғары санатты Химия-биология пәнінің мұғалімі.
Ермаханова Эльмира Әбдібайқызы химия пәнінің мұғалімі «Химия және Өмір» 9-сыныпқа химия пәнінен үйірме сабаққа арналған авторлық бағдарлама Қызылорда облысы,
Аудандық білім бөлімі Қосымша білім беру бағдарламасын әзірлеу әдістемесі Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері: Б.Әбішев Шиелі-2006 жыл.
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ҚОҒАМНЫҢ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СҰРАНЫСЫНА СӘЙКЕСТЕНДІРУ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ІЗГІЛЕНДІРУДІ, ОНЫҢ ВАРИАТИВТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ.
1. Туған жылы, айы, күні: Ұлты : қазақ 3. Білімі: жоғары 4. Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Каменка ауылы. 5. Мамандығы:
Бактыгуль Калимова Тулеугалиевна Атырау қаласы, Жамбыл орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Көшмұханова Атырау қаласы, 2014 жыл.
М.Әуезов атындағы 2 орта жалпы білім беретін мектеп.
Жалпы педагогика пәніне кіріспе. Жоспар 1.Педагогиканың ғылым ретінде дамуына әсер ететін факторлар мен даму ерекшеліктері 2. Педагогикалық ғылымдар жүйесін.
ТҮЙІНДЕМЕ Мұғалімнің аты-жөні: ПЕРНЕБЕКОВА ГУЛЬНАРА АБИЛДАХАНҚЫЗЫ Туған жылы, айы, күні: 17 тамыз 1981 жыл Қызмет орны: Қызылорда қаласы, Жаңақорған кенті,
Биология пәні мұғалімі: Нұрмағанбетова Бахыт 4-сабақ: 4-сабақ: Түйе төрт түліктің төресі Түйенің тіршілік етуін, дене құрылысын, адам өміріндегі маңызын,елімізде.
Мектепке дейінгі ұйымдағы экологиялық, аксиологиялық іс- әрекеттің тұғырлары.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қызылорда облысы Шиелі ауданы 214 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б. Қалдыбектің.
Бітік орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.
Инклюзивті білім беру Тақырыбы: Мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқыту мәселелерін шешу.
«Коммуникация» Сөйлеуді дамыту. «Денсаулық» Дене шынықтыру.
Транксрипт:

Қолданбалы курс 10 сынып

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы 46 А. С. Пушкин атындағы орта мектебі Бекітемін: Мектеп директоры: ______________ Б. Сыздық «_____» _______________ 2008 жыл Адам физиологиясы 1 жыл Қосымша білім беру педагогы: Мыханов Ғ Шиелі кенті, 2008 жыл

Қолданбалы курс дегеніміз оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету, тақырыпты кеңінен ашып көрсету, ойлау қабілетін дамыту, оларды оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін сабақтар. Жаратылыстану – математикалық бағытында 10 – сыныпта жүргізілетін биология пәнінен қолданбалы курс бағдарламасы жалпы орта білім беру саласындағы биология бағдарламасына сәйкес жасалған. Физиология (грекше physis - табиғат, logos - ілім ) тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тіндері және жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым. Адам физиологиясы курсынан алған білімін іс жүзінде қалыптастыру. Қазіргі таңда мектеп бітіруші түлектеріміздің медицина саласына көп көңіл бөлуіне байланысты курсты адам физиологиясы деп алуды жөн көрдім. Сонымен қатар қосымша материалдар мен зертханалық жұмыстармен үнемі шұғылдану еңбек сүйгіштікке, жауапкершілікке, табандылыққа және жігерлілікке үйретеді. Алға қойған мақсатқа жету үшін қайсарлықты қалыптастырады, ақыл – ойы мен таным белсенділігі артады. Кіріспе

Түсінік хат Курстың мақсаты: Физиология ғылымының қағидаларымен таныстыру арқылы адам денсаулығын тиімді ұйымдастыруды үйрету; Әрбір адамға денсаулық деңгейін анықтау мен нығайту тәсілдерін үйрету. Курстың міндеттері: ғылыми деректерден, ұғымдардан, заңдар мен теориялардан тұратын биология ғылымының негізін білу; негізгі ұғымдар мен теорияларды білу. өз бетімен белсенді жұмыс істеуге үйрету; оқыту өмірмен тығыз байланыстыру; қосымша білім беру арқылы алған білімді сапалы да орынды пайдалана алу машығын қалыптастыру; ҰБТ – ға дайындық. Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар: физиологияның даму кезеңдерін қалыптастыру; жасушаның құрылысы, қызметі туралы түсінік қалыптастыру ; орталық жүйке жүйесінің қызметі туралы білімін кеңейту; қанның құрамы мен қызметі туралы түсінігін қалыптастыру; зат алмау процесін түсіндіру; адамның мақсатты іс - әрекеті туралы көзқарасын қалыптастыру. 4. Пәнаралық кіріктіру: Физика, химия, математика т.б 5. Кәсіпке бағдарлау: Генетик, селекционер, дәрігер, фармацевт, биология пәнінің мұғалімі, агроном, зоотехник, биотехнолог, эколог. 6. Курстың уақыт көлемі: 34 сағат, аптасына 1 сағат. 7. Курсты ұйымдастыру формасы: теориялық (түсіндіру), практикалық (зертханалық жұмыс). 8. Аяқтау формасы: тест жұмысы, рефераттар қорғау.

Курстың тақырыптық мазмұны р/сӨтілетін тақырыптарСағат санымерзімі Кіріспе2 сағат 1Адам ағзасына жалпы шолу1 2Адам мен жануар ағзасының ұқсастықтары мен айырмашылығы1 І – тарау. Физиология ғылымы4 сағат 3Физологяның даму кезеңдері1 4Организмнің құрылымы мен қызметі1 5Цитофизиология 1 зерт.жұмыс1 6Тест жұмысы1 ІІ – тарау. Орталық жүйке жүйесі6 сағат 7Нейрондар мен нейроглия1 8Орталық жүйке жүйесінің рефлекстік қызметі1 9Жұлын1 10Ми және оның бөлімдері1 11Жүйке жүйесінің гигиенасы1 12Тест жұмысы1 ІІІ – тарау. Қан және қан айналым8 сағат 13Қанның физикалық және химиялық қасиеттері1 14Қанның құрамы1 15Иммундық жүйе1

16Қанның ұюы1 17Жүректің қан айдау қызметі1 18Қантамырлар1 19Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем 2 зерт.жұмыс1 20Тест жұмысы1 ІҮ – тарау. Зат алмасу6 сағат 21Денедегі энергиялық өзгерістер1 22Пластикалық және энергиялық алмасу1 23Дәрумендер және олардың маңызы1 24Қоректік заттардың калориялық коэффициенті1 25Нәруыз, май, көмірсулар мен минериалды заттардың организм үшін маңызы 1 26Тест жұмысы1 Ү – тарау. Адамның мақсатты іс -әрекеті8 сағат 27Еңбек физиологиясы1 28Дене еңбегі1 29Ой еңбегі1 30Дене жаттығулары1 31Қозғалыс сапасының дамуы1 32Қажу1 33Сынақ алу ( тест)1 34Рефераттар қорғау1

Бағдарламаның мазмұны Аптасына - 1 сағат, барлығы - 34 сағат. Бағдарлама 5 тараудан тұрады. Кіріспе (2 сағат). Адам ағзасына жалпы шолу І – тарау. Физиология ғылымы (4 сағат) Физиологияның даму кезеңдері. Цитофизиология. ІІ – тарау. Орталық жүйке жүйесі (6 сағат) Орталық жүйке жүйесінің рефлекстік қызметі, жұлын, ми және оның бөлімдері ІІІ – тарау. Қан және қан айналым. (8 сағат). Қанның құрамы, иммундық жүйе, жүректің қан айдау қызметі, қантамырлар ІҮ –тарау. Зат алмасу (6 сағат) Денедегі энергиялық өзгерістер, қоректік заттардың калориялық коэффициенті Ү – тарау. Адамның мақсатты іс -әрекеті (8 сағат). Еңбек физиологиясы, ой еңбегі, дене жаттығулары

Пайдаланылған әдебиеттер І. Оқушылар үшін: 1. Оқушылар анықтамасы сынып. Биология. 2. Қызықты физиология. Б.Сергеев. 3. Биология және салауаттылық негіздері (журнал). 4. Денсаулық журналы. ІІ. Мұғалім үшін: Адам физиологиясы. Сәтбаева Х.Қ, Өтепбергенов А.А, Нілдебаева Ж.Б ж Жалпы генетика. Стамбеков С.Ж Қызықты биология. Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлов ж Адам анатомиясының практикумы. М.М.Юсупов. Алматы.1979 ж 5. Биология және салауаттылық негіздері (журнал).