Жакишева Мейрамгүл Кенжеғалиқызы Мағжан Жұмабаев атындағы 39 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Абайдың табиғат лирикасы Қазақ тілі 10 Б сынып Мұғалім: Зеева Ләззат Шамшыраққызы.
Advertisements

5 орта мектеп Ашық сабақ Тақырыбы: Зат есім Өткізген: Смаилова Ултуар Жакановна Текелі – 2014 жыл.
Баймухамбетова Риза Камешовнаның ПОРТФОЛИОСЫ «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш.
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ. «Инклюзивті білім беру баланың қоғамдағы қиындықтарын бірлесе отырып жеңе білуге мүмкіндік береді» СЕМАГО.
Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімдік жоспарының таныстырылымы Талдықорған қаласы 19 ОМГ Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімдік.
Microsoft Excel -де Графика мен диаграммаларды құру.
Қ.Тыныбеков атындағы жалпы орта мектеп ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАП ОҚЫТУ Дайындаған: Диханбаева Г 2016 ж-2017 жылы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға, біріктіруге және бөліктерге бөлуге үйрету. Тәрбиелілік: Уақытты.
Арттерапия – жаңа оқыту технологиясының озық үлгісі.
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы 101 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Айшаубекова Ақерке Нұртайқызы.
Әдебиет - өмір айнасы.. Ауыз әдебиеті Қай халықтың болсын ауыз әдебиеті бар. Қазақ халқы ауыз әдебиеті шығармаларына бай. Халық а у ы з ә д е б и е т.
Жай мұғалім – хабарлайды, Жақсы мұғалім – түсіндіреді, Керемет мұғалім – көрсетеді, Ұлы мұғалім – шабыттандырады. Уильям Уорд Уильям Уорд.
Мектептегі білім сапасын көтеру жоспарының үздік жобасы Қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігі 2015 жыл.
Ұстаздың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп.
Мақсаты : 1.Эксперименттік тапсырма орындату арқылы оқушылардың зерттеушілік қабілетінің аша ықпал ету. 2.Білімді өз бетінше алуға, оны жетілдіре түсуге.
ОҚО, Ш АРДАРА АУДАНЫ Қ ОССЕЙІТ АУЫЛЫ С ЫРДАРИЯ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ Қамысбаева Сырсұлу Түркменбайқызы.
1.Word Pad қандай редактор және оның мүмкіндіктері? (2 ұпай) 2.Word Pad бағдарламасын іске қосу жолы? (1 ұпай) 3.Word Pad бағдарламасының терезе элементтерін.
Математика, 5 сынып Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді азайту.
Н.Мейірманов атындағы негізгі мектеп Тақырыбы: Абай мен Ахмет шығармаларының идеялық үндестігі ( сыныптан тыс оқыған шығармалар бойынша ) Өткізген Байтемірова.
Транксрипт:

Жакишева Мейрамгүл Кенжеғалиқызы Мағжан Жұмабаев атындағы 39 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Көркем шығармадағы портрет жасау Білімділік мақсаты: 1. 6-сыныптағы оқушылардың пәнге деген қызығуын, ынтасын арттырып, әлеуметтік, танымдық мотивтерінің қалыптасуына жол ашады. Дүниетанымдық көзқарасын тереңдететіп, сапалы білім мен іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сөз таптары бойынша алған білімдері интерактивті технология, кешенді жаттығулар мен тапсырмалар арқылы пысықталып, оқушының алған білімін бекітеді. Дамытушылық мақсаты: ББД қалыптастыру мен дамыту оқушы құндылығының негізі : 1.Ақпараттық: әр түрлі ақпараттық құралдармен жұмыс жасай білу; мәтіннен ең негізгі мәселені көре білу; алынған ақпаратты кесте, слайд, тезис түріне айналдыра білу. 2. Коммуникативтік: ауызша сөйлеудің негізгі тәсілдерін меңгере алу: монолог, диалог, сұрақтарға қысқа жауап қайыра білу, полилог деңгейінде өз ойын сауатты, анық, дәлелді жеткізе білу; өз көзқарасын қорғай білу. 3. Оқу-зерттеушілік: жұмысты орындаудың ең тиімді жолдарын өз бетінше орындай алу; оны жүйелей білу. 4. Әлеуметтік: белсенді жеке тұлға рөлін орындау. 5. Технологиялық:тапсырмаларды орындау барысында өзіндік қолтаңбасын (элементін)қалдыру; 6. Рефлексиялық:өзінің оқу іс-әрекетіне талдау жасай алу; өзінің іс-әрекет әтижесін түсіне отырып, қиындығын(қателігін) таба білу.

Тәрбиелік мақсаты: жеке тұлғаның пәнге деген қызығушылығын көтеру, толеранттық, сыйлау, құрметтеу қасиетін тәрбиелеу. Сабақ типі: аралас Сабақ түрі: on –Iine жүйесі бойынша өтетін тіл ұстарту сабағы Пәнаралық байланыс: музыка, сурет, әдебиет Қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру: Жалпылай Жекелей Топпен Оқыту әдістері: баяндау, иллюстрациялық түсіндіру, сипаттау, салыстыру, сұрыптау, жинақтау, талдау, интерактивті, тірек белгілері, Қ.Бітібаеваның жобалау технологиясы, топтау стратегиясы,ойын элементтері Көрнекілік (слайдтар, суреттер) интерактивті тақта. Сабақта енгізілетін терминдер мен түсініктер: «портрет», «мінез».

«Әдемі сөйлеу» дегенді қалай түсінеміз?

АвторыШығарма атыкейіпкер Б.Майлин«Даудың басы- Дайрабайдың көк сиыры» Әмір, Әйгерім М.Әуезов«Біржан сал Абай ауылында» Дайрабай Б.Момышұлы«Жауынгердің тұлғасы» Мөңке Ә.Нұрпейісов«Балықшылар»Полковник Серебряков Б.Соқпақбаев«Менің атым Қожа»Тұрар Ш.Мұртаза«Тұтқын бала»Майқанова 1- тапсырма: Бұрын оқылған шығармалардағы кейіпкерлерді еске түсір және сәйкестендір.

2-тапсырма :Үзіндіде кімнің портреті берілген? Шығармадан үзінді Кімнің портреті? … Солардың ішіндегі ең көріктісі және жиынға қадірлі, сүйіктісі-мынау қос ішекті домбыраны безілдетіп отырған орта бойлы, қызғылт жүзді, кең ақ маңдайлы, нұрлы жігіт. …Ол еңгезердей ірі кісі.Қол-аяғы серейген ұзын, ашулы ол бір кісіге көз салмай, үлкен алақанымен трубканың темекі салған басын сығымдай қысып ұстап, сұп-сұр боп шірене басып тұр … Үсік шалған беті қап-қара, еріндері шыт-шыт тілініп кеткен. Федоровқа тымақ астынан тесіле қарап, атып барады....тақыр бас қара бала.... Бір түрлі болды нұсқасы, Кеудесі болды кепедей, Мұрны болды төбедей, Күрек тісі кетпендей, Кеңірдегінің тесігі Жүгімен түйе өткендей...

Кейіпкердің портретін оның сырт бейнесі: бет пішіні, дене бітімі, киім киісі т.б. құрайды. Кейіпкердің портретін әсіресе оның көзге көрінетін бейнесі: қимыл-қозғалысы, жүрісі, бет қимылы, өзін-өзі ұстау әдебі көрсетеді.

3-тапсырма: Мәтін бойынша жұмыс...Хамит-ұзынша бойлы, жауырынды, тіп-тік сұр жігіт. Қырлы мұрынды, шүңіректеу көзді қаракер тобылғы көзді, қырқып жүретін сақалы, мұрты бар. Жасы жиырма бес, жиырма алтылар шамасында. Сом сұлу денесі ылғи сіңірмен шиырылған күшті көк етті еді. Бар денесі серіппелі көктемірден құйып жасалғандай.Түйіліп жазылған қиғаштау қасы мен тұңғиықтау көзі Хамитте зор қайрат, үлкен қайсарлық бар екенін көрсетеді. Бет - аузы бүркіттің бетіндей. Қыран бүркіттің түрпілі саусақтарындай, күшті темірдей жұдырықтарын түйіп, кәрін тігіп, кіжініп: -А-а. Қандай қылайын!-деп төніп келсе, өлген кісінің аруағы ұшып кететіндей азамат. («Бандыны қуған Хамит» Сәкен Сейфуллин )

4-тапсырма: Хамитті суреттеуде пайдаланылған көркемдеуіш сөздерді кесте бойынша жүйеле Бет пішініДене бітіміҚимыл-қозғалысы, тұлғасы

5-тапсырма: Хамиттің портретінде оның еркіндігін, ешкімге бас имейтін қайсарлығын қай сөйлемнен байқауға болады? Сол сөйлемге морфологиялық талдау жаса

Түйіліп жазылған қиғаштау қасы мен тұңғиықтау көзі Хамитте зор қайрат, үлкен қайсарлық бар екенін көрсетеді.

түйіліп- жазылған- қиғаштау- қасы- мен- тұңғиықтау – көзі- Хамитте- зор- қайрат- үлкен – қайсарлық – бар екенін– көрсетеді-

6-тапсырма: Адамның түр-тұрпатын, мінез-құлқын сипаттайтын қандай фразеологизмдерді Хамиттің портретін жасауға, мінезін бейнелеуге қолданар едің?

Фразеологизмдер Азуын айға білеген-мейлінше батыл, қайратты айылын жимау-қорықпау жаны сіріден жаралған-мықты жүзіктің көзінен өткендей-сұлу жүрегінің түгі бар-қорықпайды кәріне міну-қаһарлану жайдың атқан тасындай-аса мықты қадалған жерінен қан алу-дегеніне жету қайрауы жеткен-бабына келген.

7 тапсырма: Осы фразеологизмдерді қатыстырып сөйлем құра.

8-тапсырма Оқушылардың шығармашылық жұмысы Өз портретіңді немесе досыңның т.б. портретін суреттеп жаз.

Суретші Майса Ықыласованың шығармашылығы туралы Ол өте жан-жақты, талантты қазақ суретшісі. Суретші бейнелеу өнерінің ішіндегі бірнеше саланы алып жүр. Батик, кескіндеме, графика салаларының әрқайсысында суретші өзінің шығармашылық құрылымын шынайы бере біледі. Майса Ықыласова адам сезімінің қыр-сырын ақындардың шығармаларындағы лирикамен ұштастырады. Ол өзінің әрбір шығармасында жазу сызықтарын жеңіл қолданып, бояу түстерін үйлесімділікпен таңдайды. Мысалы, портреттеріндегі бояулар адамның ішкі дүниесін шебер бейнелейді. Суретші өз шығармаларындағы символикалық белгілер мен сұлу қыздың суреті арқылы ақынның өлең жолдарын қылқаламның ұшымен жеткізгісі келгендей. Әдебиеттегі портрет пен живописьтегі портреттің айырмасы бар. Живописьтегі портрет қимылсыз, қозғалыссыз болса, ал жазушы адамды қимыл, қозғалыста етіп суреттейді.

9-тапсырма: Өз ойыңды басқаға дәл де әсерлі жеткізе біл. Сендер Қарағанды қаласындағы сурет көрмесіне барып, суретші Майса Ықыласованың суретін көрдіңдер делік. Осы көрген суретті ата- аналарыңа, әпкелеріңе қалай суреттеп жеткізер едіңдер?

Авторы-суретші Майса Ықыласова

Үйге тапсырма 1-деңгей: Ғ. Мүсіреповтің Талпақ танау шығармасы бойынша көркемдегіш құралдарды жүйелеп келу. 2-деңгей: Ғ. Мүсіреповтің Талпақ танау шығармасы бойынша портреттерді табу. 3-деңгей: Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесің?-эссе жазу.

Рефлексия Портрет Мінез

"Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиісті. Және баланың маңайындағы адамдардың жүріс- тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті.Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады". М.Жұмабаев

Назар аударғандарыңызға рақмет!