Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебі «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлау» технологиясын пайдалана.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Баймухамбетова Риза Камешовнаның ПОРТФОЛИОСЫ «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш.
Advertisements

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі Өткізген оқытушы: Бирманова Аймгуль Алмуханбетказиевна Ақтөбе
Мектептегі білім сапасын көтеру жоспарының үздік жобасы Қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігі 2015 жыл.
Бітік орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.
Мектебі: 202 орта мектебі (10 сыныпқа арналған практикалық сабақ) Мұғалім: Азаматова Ботакөз Бейінді оқыту жөніндегі орынбасары.
Сабақтың тақырыбы:. Сабақтың мақсаттары: Кітаптың адам өміріндегі алатын орнын ұғындыру; Түрлі тәсілдер арқылы оқушының байқағыштық, тапқырлық, өз ойын.
«Көңіл-күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл- күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді.
Қасенова Айгүл Мұхтарқызы Қазақ тілі сабағы 10 – А сыныбы «2 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекеме.
Модуль дегеніміз-тұтас жүйенің бір бөлшегі, пәннің негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне байланысты элементтердің жиынтығы. Модулдік технология.
Мақсаты : 1.Эксперименттік тапсырма орындату арқылы оқушылардың зерттеушілік қабілетінің аша ықпал ету. 2.Білімді өз бетінше алуға, оны жетілдіре түсуге.
«Павлодар облысы Ақсу қаласы Дөнентаев орта мектебі» Баяндама тақырыбы: Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы мен ерекшіліктері Дайындаған: ағылшын.
Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Трекин жалпы орта білім беретін қазақ мектебі Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Трекин жалпы орта білім беретін.
Заманауи оқыту әдістемелерінің жеті негізгі модулі.
Сабақтың тақырыбы: Ш. Айтматов «Найман - Ана» әңгімесіндегі мәңгүрттік мәселесі.
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі.
Тақырыбы: Әміре Қашаубаев. Төл сөз.. Мақсаты: 1.Білімділік: Әлемге белгілі болған әнші Әміре Қашаубаев шығармашылығымен танысу,Төл сөз,оның жасалу жолдары.
Ойлау мен сөйлеу түрлері Қасиеттері. Балада ойлау мен сөйлеудің даму ерекшеліктері Ойлау мен сөйлеу түрлері Қасиеттері. Балада ойлау мен сөйлеудің даму.
«Ойын технологиясы арқылы қазақ тілін үйрену» атты бейімделген бағдарламаның тақырыптық жоспары «Күншуақ» мектеп алды даярлық тобына арналған
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ.
Оспанова Жұлдызай Төлешқызы. Экологиялық білім берудің мақсаты Экологиялық білім берудің мақсаты – жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік қатынастарды.
Транксрипт:

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебі «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлау» технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту Дайындаған: Тарих пәнінің мұғалімі: Аманбаева Г.А.

Тарих – мектепте оқытылатын негізгі қоғамдық пәндердің бірі. Жеке тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін тарих пәнінің орны ерекше. Өйткені, бұл пән – адам баласының, барлық халықтың басынан кешкен оқиғаларын, мемлекеттердің құрылу тарихын оқытады. Өткенді білу арқылы болашаққа көз тіге аламыз. Сабақ – оқытудың негізгі үрдісі. Оны есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру әрбір мұғалімнің өзіндік шеберлігін қажет етеді. Сондықтан пән мұғалімі қазіргі оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін, жетістіктерін пайдаланып сабақтың сапасын, ғылымилығын арттырып, оқушының өзіндік ойлау қабілетін дамытып, шығармашылыққа бағыттауы қажет. Мен өз сабақтарымда жаңа заман талабына сай «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» бағдарламасы негізінде оқыту технологияларын қолданамын. «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» бағдарламасын 2 жыл тыңдаушы ретінде арнайы оқып, сертификат алуымның көмегі тиді. Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» бағдарламасы – алған білімін өмірде қолдана алатын, өзін таныта, дамыта білетін жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік тудыратын технология. Сабақ беруде оқытудың әдістерін түрлендіріп отырамын, «Топтастыру – Кластер», «Ой қозғау», «Болжау», «Венн диаграммасы», «РАФТ», «Пікірталас», «Т кестесі», «Джигсо» т.б.

СТО үш сатыдан тұрады Қызығушылықты ояту Мағынаны ажырату Ой - толғаныс Тарих сабағында тарихи материалдарды, көркем әдебиетті, деректі құжаттарды, баспа ағындарын мақсатты пайдалана отырып, тиімді әдіс- тәсілдер арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып, шығармашылыққа баулып, өздігінен ізенуіне қолайлы жағдай тудырамын. Оқушылардың сабақ үрдісі кезінде тарихи мәселелерді өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен ұғына білу қабілетіне баулудағы іс - әрекеттерге тоқталайын. Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін байырғы білімін еске түсіртіп, жаңа тақырып туралы болжам жасатып және сауал қоюға үйрету қажет. Қызығушылықты ояту сатысында: 8 кластағы «Абылай хан билігі тұсындағы Қазақ хандығы» тақырыбын өткен кезде жаңа тақырыпты бастамас бұрын, «Миға шабуыл» әдісін пайдаландым.

Ол үшін мынадай мәтін оқылады: «Ол 1711жылы Түркістан қаласында дүниеге келді. Оның азан шақырып қойған аты Әбілмансұр. Бірақ ол Сабалақ деген жасырын атпен жүруге мәжбүр болды. 1729жыл. Шу өзені бойындағы Төле би ауылының маңы. Жоңғарлармен шайқас. Жоңғарлар жағынан Қалдан Сереннің туысы Шарыш батыр шығып, шарт қойды: «Уа, қатыны көп, батыры көп қазақтар! Көк сақалдымен де, көп сақалдымен де сайысқа шықпаймын. Жасыңнан кім бар?» деп сүңгісін жерге қадады. Жау талабы жас батыр болып, атақтыларын кәрі деп, көзге ілмей тұр.Қазақта Шарышпен тең түсетін батыр көп. Бірақ жауды жеңетін жас батыр керек. Осы кезде Төле бидің жас жылқышысы Сабалақ «Абылайлап» жауға шапты. Шайқас түске дейін созылып, Шарыштың басын шапты. Осы жеңістен кейін Сабалақ «Абылай» атанып, Әбілмәмбет хан бауырын тауып, жас ханзада ордаға оралды.» Мәтін бойынша берілген сұрақтар: Бұл мәтінде кім туралы айтылып тұр? Неліктен Әбілмансұр «Сабалақ» деген атпен жүруге мәжбүр болды? Жоңғар батыры Шарыштың қазақтар арасынан жас батырды жекпе- жекке шақырғанда нені көздеп тұр? Шайқасқа түскен Сабалақтың «Абылайлап» ұрандау себебі? Миға шабуыл әдісі бойынша ми қыртыстарына шабуыл жасап, оқушылар Абылай хан туралы мәтінді тыңдап, бұрыннан таныс білімдерін жан- жақты еске түсірді. Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы, жаңа сабаққа қызуғышылығы оянды.

Несіме н аты қалды? Ол кім? Не істеді? Хан Саясат кер Дипломат Қазақ хандығын басқарды Елін қорғад ы Батыр Елшілік орнатты Үш жүздің басын біріктірді Жоңғар ларды жеңді Қазақ хандығ ы күшейді Ал, «Категориялы топтастыру стратегиясы» арқылы, оқушылар Абылай туралы білімін кеңірек талдап, ойларын жинақтап, ортаға салды. Сонда оқушының жаңа тақырып бойынша не білетіні, не білмейтіні анықталды. Абылай

Мағынаны ажырату сатысында оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен түсініп, қабылдап, өзіне пайдасын алу керек.Әр түрлі сұрақ қоюды, жаңа білімді сын елегінен өткізе білуі керек. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған ЖигСО әдісі бойынша төмендегідей тапсырма бердім. Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Өз топтарында 1,2,3,4 нөмірлерге бөлінеді. 1,2,3,4 жеке топтарға жиналады. Әр жеке топқа жаңа тақырып бойынша тарихи құжаттардан тезис ретінде құралған мәтін беріледі: А) Абылайдың қазақ жерін біріктіру жолындағы күресі. Ә) Абылайдың Ресеймен қарым-қатынасы. Б)Қазақ – жоңғар қатынастары. В) Абылайдың қазақ тарихында алатын орны. Мәтінді талдап болғаннан кейін бастапқы өз топтарына оралып, түсіндіруге кіріседі. Мәтінді пысықтау үшін проблемалық сұрақтар қойылады: 1.Абылайдың іші – саяси қызметі қандай бағыттарға бөлінді? 2.Ресеймен де, Қытаймен де қатар дипломатиялық қатынас орнатқанда қандай мақсатты көздеді? 3.Не себептен Жоңғар мемлекетін Қытай тез арада басып алды ? 4.Абылайдың қазақ тарихындағы алатын маңызы қандай?

Ой толғаныс сатысында жаңа сабақ барысындағы алған білімін саралап, өздерінің не үйренгенін байқап, тереңдете түседі. Мысалы: Осы сабақты бектіу үшін «Эссе» жазды. Эссені бағалаудың арнайы 1-5 – тің арасында рубрикалар дайындап, тақтаға іліп қойдым. «5» алу үшін Эссе мына шарттарға лайық болуға тиісті: Бір айтқанды қайталай бермей, мәнділігімен көзге түсу керек. Дәлелді берілген тезисті қолдаңыз. Сол тезизке қарсы берілген дәлелді есепке алыңыз. Әңгіменің кіріспесі анық, мәтіннен және қорытындыдан тұру керек. Мұқият және қатесіз жазылған болу керек. Көлемі 3- 4 парақ болу керек. «4» алу үшін, Эссе мынадай болу керек. Бір айтқынды қайталап айта бермей, мәнді айтылуы керек. Дәлелді берілген тезисті қолдаңыз. Әңгіменің кіріспесі, мәтінінен және қортыныдылаудан тұру керек Мұқият және қатесіз жазылу керек. көлемі 2-3 парақ болу керек.

«3» алу үшін Тезисі анық емес Тезисті қолдайтын себептері жоқ. Әңгіме құрылымының жүйелілігі жетіспейді (кіріспе, мәтін, қорытындылау) Ұқыпты жазылмаған, грамматикалық және орфографиялық қателері байқалады. Көлемі 1-2 парақтан азырақ Рубрика бойынша оқушы жұмысын мұғалімге бермей тұрып, өз еңбектеріне өздері баға береді, талқылайды. Кейбір жұмыстарды «Автор орындығынан оқу» әдісі бойынша алға орындыққа отырғызып дауыстап оқытуға болады. Мұндағы мақсат сауатты оқумен қатар, оқушының өз идеясының дұрыстығына көз жеткізеді. Сонымен қатар, 4пен5-ке бағаланған жұмыстарды оқушының рұқсатымен аудиторияға көрсетуге болады.

Сабақты қорытындылау, жинақтау, жүйелеу мақсатында «Блум жүйесі» бойынша талдауды ұсындым. ШарттарыТапсырмаТүсінік, саралау, мысалдар БілімЖаңадан қандай білім алдың? Түсінік, ұғу.Берілген білімді түсіндің бе? Немен дәлелдейсің? ҚолдануАлған біліміңді неге қолданар едің? АнализҚабылдаған біліміңді саралай біл, маңызын дәлелде? СинтезАлған біліміңді жинақта БағаӨзіндік баға бер КоррекцияНені ұға алмадың, жете түсінбедің, соны сарала

Тарих сабағында оқушы бойында сын тұрғысынан ойлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызатын төмендегідей жағдай жасалады: СТО тудыру үшін уақыт беру, қолайлы жағдай жасау; Оқушыларға ойланып – толғануға рұқсат беру; Әр түрлі идеялар мен пікірді қабыл алу; Егер оқушы қолайлы жағдайға түсіп қалса, ісінің әжуасыз екендігіне сендіру; Әрбір оқушының жасаған сынына және оның сын көзбен қарау қабілеттілігіне сенім білдіру; Сын тұрғысынан ойлауды бағалау. СТО бағдарламасынан нәтиже күтіледі: Сабақ барасында барлық іс - әрекетті оқушыға бағыттаймын. Оқушыларым өз ойын нақтылап, жүйелеп, талдап, ашық айта бастады. Ұжымдық, достық, сенімділік, ынтымақтастық ахуал орнады. Бұрын білген білімдеріне білім қосылып отырады. Көркем әдебиетті, тарихи материалдарды іздеп оқуға, оқушының ізденуіне, зерттеуіне үздіксіз жұмыс жасауына жол аштым. Оқушының ой бөлісуден – шығармашылық қасиетін арттыруға әкелдім. Қосымша материалдар көздерімен, БАҚ ағындарымен жұмыс істеп, қажетті материалдарды іріктеді. Қорытынды: Мемлекетіміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы жас ұрпақтың саналы тәрбие, сапалы білім, салиқалы ұлағат алуына байланысты. Ендеше, сауатты, белсенді, іскер, тілі мен ұлтын қадір тұтатын ұлт ұрпағын тәрбиелеу ұстаздың қолында.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Шәкірттеріңіз тәуелсіз Қазақстанның көркеюіне үлес қосарлық азамат болғай! Шәкірттеріңіз тәуелсіз Қазақстанның көркеюіне үлес қосарлық азамат болғай!