Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 10 лет назад пользователемЭльмира Мухамбеткалиева
2 9 А сыныбы 2011 – 2012 оқу жылы
3 4 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің І санатты информатика пәнінің мұғалімі Омарбекова Салтанат Күнтуғанқызы 9А сынып жетекшісі
4 Мақсаты : 1. Білімділігі: Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. 2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Оқушы бойында саналы тәртіп, сапалы білім алуға дұрыс көзқарас қалыптастыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 3. Дамытушылығы: Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту. Т әрбие сағатының көрнекілігі: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. 2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар. 3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.
5 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
8 Мұғалім сөзі: Тәуелсіз елім - Қазақстаным тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Міне содан бері 20 жыл!
9 І – жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар Біздің сыныбымыздың Тәуелсіз елім – Қазақстаным атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! ІІ – жүргізуші: Қайырлы күн «Тәуелсіз елім - Қазақстаным» ашық тәрбие сағатының қонақтары. Ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіз. Мұғалімнің сөзі: Шәкірттерім қазіргі кезде сен ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол. Сен көп уақытыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесің, көңілді мерекелерді асыға күтесің. Саған қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. І - жүргізуші: Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
10 1 – жүргізуші: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. 2-жүргізуші: Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық. Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады. 1-жүргізуші: Рахмет Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды.
12 1-жүргізуші: Осы бір тағылымы терең оқиғаның себептеріне үңіліп көрейік, жауап іздейік. 1-сұрақ: Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не? 2-оқушы: 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің пленумы болды, онда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды. 2-жүргізуші: 2-сұрақ: Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады? Неге жаныштауға тырысты? 3-оқушы: Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік- әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады.
14 1-жүргізуші: 3-сұрақ: Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды? 2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер? 4-оқушы: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды. 1-жүргізуші: Ерлігіңе қуанам да, сүйінем, Қайрат аға рухыңа мен иілем. Бәйшешектің солғанына ах ұрсам, Әділ жанның қазасына күйінем. Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар.
17 КӨРІНІС Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазып отыр. Өлеңін оқиды. Қайрат: Қайнама қазақ қамы үшін, Қарусыз шықтық алаңға. Алыстан әскер алдырып, Қырып салды-ау табанда. Сөйлесем даусым жетпейді, Кез болдық мынау заманға. Шовинизм еді ғой, Басты себеп жанжалға. Осы кезде екі жендет Қайратты сот залына әкеледі. Хатшы: Сот келеді, тұрыңдар! Хатшы: Отырыңдар! Сот үкімді оқиды. Сот: -Алдындағы сот нәтижесі бойынша: Қазақ КСР Жоғары сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп, жоғарыда айтылған оқиғалардың негізінде Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287, 299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп табылып мынандай қылмыстық жазаға тартылсын.
20 Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға кесілсін. Апасы: -Жоқ, бұл үкім дұрыс емес. Менің балам ақ, ол қылмыскер емес. Хатшы: -Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар. Сот: Қайрат Рысқұлбеков ақтық сөзің бар ма? Қайрат: Бар. Ақтық сөз өлеңін оқиды. Қайрат: Ақтық сөзің не? – деген, Бүгін қойды сот сұрақ. Айтамын оны халқыма, Жоқ пиғыл менде жасымақ. Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар. Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар, Алам десең, алыңдар!
22 Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. Еркек тоқты - құрбандық, Атам десең атыңдар! Хош аман бол артымда, Ағайын, туған-азамат. Артымда қалған ата-анам, Ел-жұртым саған аманат! Сот: -Бүгінгі сот жабық. Екі жендет Қайратты залдан жетеледі. Осы кезде апасы баласының соңына жүреді. Осы кезде Қайрат Анама деген өлеңін оқиды. Қайрат: Мейірімді ақ жүзіне анамның, Көңіл жүдеп, көз жасаурап қараймын. Кешір ана, кешірімшіл едің ғой, Кемістігі көп-ау мына балаңның. Кейін білдім, кеш ұғындым, өкінем, Өкінем де, басымды иіп өтінем. Кешір, ана, кешірімшіл едің ғой, Қолыңнан тым ерте ұзап кетіп ем.
23 2-жүргізуші: Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21-ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21-ші камерасында, 21-ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті. 1-жүргізуші: 5-сұрақ: Ұлы Отан соғысында көптеген батыр қыздар болды, Әзілхан Нұршайықов ағамыз айтқандай осы екі күнге созылған сұм соғыста елім деп, алаңда жүрген қыздар болды ма? 5-оқушы: Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған. Осы ел намысын қорғап, ел болашағын ойлап, ерлігімен көзге түскен 23-тің атынан Ләззат туралы айтқым келеді. Чайковский атындағы училищенің студенті- Ләззат танкімен тапталып өлтірілген. Оған көптеген ақын жазушылар жыр арнады. Желтоқсан оқиғасы туралы режиссер Қалдыбай Әсенов түсірген Аллажар фильмінің басты кейіпкері де – Ләззат. 2-жүргізуші: 6-сұрақ: Желтоқсан оқиғасы біткен соң әділдік орнады ма? 6-оқушы: Қыршын кеткен жастардың күткені-әділдік еді. Ол үміттері ақталды ма? Бірақ сондай жаза қолданатындай олардың бұзықтық жасамағандығы бірнеше жылдардан кейін анықталды. Желтоқсан жаңғырығы алысқа жетті жылы 6-шілдеде Қазақ ССР жоғары кеңесі Президиумының Комиссиясы құрылды. Мүшесіне 12 адам кірді. Комиссия қыруар іс жүргізді. 25 томнан тұратын 2 мыңдай құжат тексерілді. Ақыр аяғында желтоқсан оқиғасы ақталды.
24 1-жүргізуші: 7-сұрақ: Тәуелсіздігімізді желтоқсанның жемісі дей аламыз ба? 7-оқушы: Қазақстан өз тәуелсіздігіне ұзақ та, қиын-қыстау күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізді. Осы күресте 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алатын орыны ерекше. Ол қазақтың қаншалықты қажыр-қайратты, төзімділігі бар екенін көрсетті. Мұхтар Шахановтың Төрт жыл кешіккен шындық – өлеңі оқылады: Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның, Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның. Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың. Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы. Өздеріңдей ер намыс т ы жас өркені бар елдің, Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
25 Мұғалімнің сөзі: Балалар, өткенге шолу жасайықшы? Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? Сол туралы ойымызды ортаға салсақ. 8 – оқушы: 1991 жылы 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады. 9 - оқушы: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан республикасының жоғарғы сесиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылы» мемлекет деп жарияланды. 10 – оқушы: 1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы. Қазақстан республикасының заңдарына қол қойды. 11 – оқушы: 1992 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды 12- оқушы: 1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді. І- жүргізуші: Тәуелсіздік - тірегім алмас үнді, Тәтті үміті халқымның сан ғасыры Көк байрақты, кемеңгер кемел ойлы Келбетіңнен көремін жалғасымды.
26 ІІ – жүргізуші: Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың, Жүректерге үміт боп жағылғансың Аяулысың білмеген алақаннан – Суып барып қайтадан табылғансың. І – жүргізуші: «Менің Қазақстаным» әні орындалады (хор) Қорытынды: «Ынтымақты елге ырыс енші». Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Сондықтан бостандығымыз баянды болу үшін өзімізбен мидай араласып кеткен жүздеген ұлт өкілдерімен арамызға сызат түсірмеуіміз керек. Мыңға жөн айтып алқалы топты аузына қаратқан қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз. Бір ата, бір ананың түлегіміз Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз «Бірлік барда тірлік бар» деген бабам Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз !
27 Тест. 1. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы, қай күні қабылданды? а) 1991 жылы 16 желтоқсан ә) 1995 жылы 30 тамыз б) 1997 жылы 17 қараша 2. Қазақстан Республикасының Туының авторы кім? а) Ш.Ниязбеков ә) Ж.Мәлібеков б) Ш.Айманов 3. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды? а) 1998 жылы ә) 1986 жылы б) 1991 жылы Бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе Бәрін білгім келеді? ойыны бойынша сұрақтарға жауап бере отырып 20 жылдық шежіремізді еске түсірейік.
28 Менің Қазақстаным – Менің Болашағым
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.