Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
2 Бес арыс деген атпен ел есінде қалған ақын-жазуларымыздың қазақ әдебиетінде алар орны зор. Бірі тұңғыш қазақ әліпбиін жасаса, енді бірі тұңғыш қазақ романын жазып шықты. Одан да басқа артына мол мұра қалдырып кеткен арыстарымыздың елеулі еңбектері ұлан –ғайыр.
3 Ахмет Байтұрсынов ( ) Қазақ тілі білімінің іргетасын қалаушы, ірі ғалым, ағартушы педагог, сөз құдіретін танытқан танымал ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері.
4 Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жыл 28 қаңтарда қазіргі Қостанай облысы Торғай атырабындағы Сарытүбек деген жерде дүниеге келді жылдары Торғай қаласындағы 2 сыныпты орысша-қазақша училищеде, жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады жылдан Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы өңірлерінде бала оқытып, әділет үшін күреске араласа бастайды жылы шілде айында патша өкіметінің тыңшыларының жаласымен Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз сегіз ай бойы қамауда жатады. Ақыры Қазақстанда тұру құқығынан айрылып, 1910 жылы наурыз айында Орынбор қаласына келеді.
5 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал», 1911 жылы Орынборда «Маса», жылдар арасында «Оқу құралы» жеті рет қайта басылып ұзақ пайдаланылды жылдары «Тіл құрал» атты кітабы басылып шықты жылдар – А Байтұрсынов Орынборда шығып тұрған «Қазақ» газетінің редакторы, жыл басы – А.Байтұрсынов Алаш қозғалысының алғы шебінде жылдары Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери- революциялық комитетінің мүшесі, Республика оқу-ағарту Халық комиссары, Қазақстан Академиялық Орталығының жетекшісі, Ташкент, Алматы жоғары оқу орындарында профессор болып қызмет атқарды жылы абақтыға қамалып, 1936 жылы босатылады жылы 8 қазанда қайтадан тұтқынға алынып, репрессия құрбаны болады.
6 «Тарту» Балалар, бұл жол басы даналықта, Келіңдер, түсіп байқап қаралық та! Даналық өшпес жарық, кетпес байлық, Жүріңдер іздеп тауып алалық та! **** Кек көрсеттім қазақ деген намысқа, Жол сілтедім жақын емес алысқа. Өзге жұрттар өрге қадам басқанда, Дедім: "Сен де қатарыңнан қалыспа. А. Байтұрсынов
7 Шәкәрім Құдайбердіұлы ( ) Шәкәрім Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс бөктерінде 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Атасы Құнанбайдың, соңынан ағасы Абайдың тәлім-тәрбиесін алады. Өзінің «Мұталғанның өмірі» атты ұзақ өлеңінде бес жасынан ауыл молдасынан сабақ алып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады. Сөйтіп, өз бетімен орысша үйренеді, ғылым- білім жолына түседі. «Қос жұртым» өлеңінде ақын халықтың өткен өміріне көз жіберіп, бүгінгісін талдайды.
8 «Оятқан ерте мені шығыс жыры» деп Шәкәрім өзінің тәлім алған мектебін нақты атайды. Ол сонымен қатар, Гетені де, Пушкинді де өзіне жақын тартқан. Шәкәрім Абайдан көп үлгі-өнеге алған, оны ұстаз тұтқан. Ойшыл ақын Аллаһты тануға шақырады. Дін бұзушыларды қатты сыңға алады: «Көнбеймін дінді теріс бұзғаныңа, сопының бара қойман құрбанына». Шәкәрім өзін өмір бойы Толстойдың шәкіртімін деп санаған.
9 Жастарға «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам, айла, зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық. Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық! Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық! Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан, Жалыналық Абайға, жүр баралық! Мынау Абай – бір ғалым жол ұғарлық, Замандасы болмады сөзді ұғарлық. Амалы жоқ, айналды енді бізге, Күн туды етегіне жабысарлық!» - дейді.
10 Мағжан Жұмабаев ( ) Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?» Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген, Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?
11 Мағжан Бекенұлы Жұмабаев ( ) - қазақ әдебиетінің көгіндегі XX ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны. Туған жері - бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап,өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды.Бұл мектепте патша әскерінен қашып жүрген Ажиетдин Ақанов деген оқыған, білімді башқұрт жігіті мұғалім боп істеген.Зерек Мағжан төрт жасында осы мектеп есігін ашады, хат таниды, Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысады. Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды. Ақын Шығыс әдебиеті даналары Фирдоуси, Сағди, Ғафиз,Омар Хаям дастандарын түпнұсқадан оқып-үйренеді.
12 Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңірген, орыс тілін де жетік білген.Соның арқасында ол Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон, Гете тағы да басқа орыс, Батыс ақын-жазушыларының шығармаларымен танысып, олардың таңдаулы туындыларын ана тілімізге аударып, халқымыздың игілігіне айналдырған. Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында. Мағжан – лирик ақын, сыршыл ақын.. Ақын лирикасының тақырыптары алуан: туған жер, ата мекен, халық тағдыры, ар – адамгершілік, шынайы махаббат, т.б. Мағжан – эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген суымас перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Халқымыздың сондай ер жүрек перзенттерінің бірі – батыр Баян. «Батыр Баян» поэмасы «алашым» деп еңіреп, «майданда жолбарыстай» ерлік көрсеткен осы аруақты көкжал батырға арналған.
13 Жүсіпбек Аймауытов ( ) Аймауытов, Жүсіпбек ( ) қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген ж. бастап Баянауылдағы орысша- қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады.
14 Ұ Р А Н Қазағым, қақтықпа. қамалма! Ел болар қамыңды амалда! Кетті түн, ағып таң, шығып күн Сал малды, сал жанды аянба! Мал баққан, жай жатқан ел едік, Бейнетті көп тартқан ер едік, Қаны жат, тілі жат, діні жат Жат елден таяқты жеп едік. Жатқа жем бай едік, кен едік, Бағын жоқ биліктен кім едік, Партия сұрқия, қым-қиғаш, «Басы аман» көп надан сен едің. Зарыққан, талыққан шағына Тап болды бостандық бағына! Ұйымдас, ұрандас, жағалас! Сен де мін бабанның тағына! Құның жоқ, қорлықта өшіп ең, Терезең төремен болды тең. Намыстан, кайраттан қатарға ені Басқадан кем болған сенің нең? Ұраным, қорғаным, сен Алаш! Жолына кұрмалдық мал мен бас! Өнер тап, өрге шап, қару ат. Аллалап алға бас, ал Алаш!!!
15 Міржақып Дулатов ( ) «Оян, қазақ» Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп, Қарағым, енді жату жарамас-ты. М.Дулатов
16 Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайреткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Сарықопа болысының үшінші ауылы. Әкесі - Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі - Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі.
17 Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды. Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.