Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 10 лет назад пользователемСанжарбек Кожабеков
2 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге 1993жылдың 15 қарашасында дүниеге келді. Теңгенің тарихы ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңынан бастау алды. Теңгенің авторлары дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Меңдібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелханов. Алғашқы теңгенi «Harrison&Sons» компаниясы Англияда басып шығарды. Ең бірінші бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге (СССР) ауыстырылды.
3 Теңгенің нышаны Жаңа валютаның атауы – теңге, ал ұсағы – тиын еді. Қарашаның 13-і барлық газеттер жаңа валютаның суреттерін берді. Ал қарашаның 15-інен 20-сына дейінгі уақыт сомды теңгеге ауыстыру үшін берілді. Тура алты күнде халық қолдағы ақшасын тәуелсіз елдің валютасына айырбастауы керек еді. Бес жүз сом бір теңгеге ауыстырылды. Ағартушы Әл-Фараби, күйші Сүйінбай, ғалым Шоқан Уәлиханов, ақын Абай, Әбілқайыр хан бейнеленген теңге халықтың арасына ене берді.
4 1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып тасталынып, олардың орнына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді.
5 Эмиссиялық банктің басты міндеті айналысқа қажетті ақша мөлшерін шығару және артық мөлшерін айналыстан алу. Әрине, ақшаны айналысқа қажетті мөлшерден артық шығару оның құнсыздануына жол береді.
6 Монеталар: 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 теңге Банкноталар: 200, 500, 1000, 2000, 5000, теңге
8 2001 жылы: 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген); 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген); Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар; 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) шығарылды жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы теңгелік банкноттар жылы: 200, 500, 1000, 2000, 5000 және теңгелік банкноттар (мүлде жаңа дизайн) жылы: 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген); 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген); Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар; 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) шығарылды жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы теңгелік банкноттар жылы: 200, 500, 1000, 2000, 5000 және теңгелік банкноттар (мүлде жаңа дизайн).
10 Банкноталардың бет жағында орталық бөлігінде «Астана- Бәйтерек» монументі қазіргі заманғы қазақстандық сәулеттің, конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. Банкнотаның ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгісі жазылған. «Бәйтерек» ескерткішінің сол жағында бір түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған. Оң жақ жоғарғы бөлігінде – мемлекеттік жалаудың бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде сенімді, шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдикада ашық алақан бейнеленген.
11 Қажетті жабдықтар мен заманауи технология алынған соң, теңге өз елімізде шығатын болды. Бұл 1995 жылдың мамыр айы еді. Тұңғыш банкнот фабрикасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашты. Теңге туралы ой толғаған Елбасы кейінірек ақшаны дайындау барысында түрлі жайттар орын алғанын айтты. Күллі қазақтың мақтанышына айналған теңгенің тұңғыш келбеті мұражайларда тұр осы күнде. Оларда Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай және Әбілхайыр мен Абылай хандардың суреті болған. 90- шы жылдары біздің теңге дизайны жағынан ТМД-дағы ең көрікті ақша болып танылды.
13 Бүгінгі күні ұлттық валютамыз Орта Азиядағы тұрақты валюталардың біріне айналуда. Айналымға енгізген бастапқы кездері ұлттық валютаға деген сенімділіктің төмендігі және елдегі экономикалық дағдарыстардың болуы, оның құндылығына теріс әсер етті. Соның салдарынан теңгеміз АҚШ долларына қатысты құлдырады десе болады. Айталық, теңге енгізілгенде 1 АҚШ долларының бағасы 4,75 тиынға тең болса, 2000 жылы ол 155 теңгеге дейін құнсызданды жылдан бастап осы күнге дейін теңгеміз АҚШ долларына қатысты тұрақтанып, 2001 жылы оның АҚШ долларына қатысты бағамы 155,6 теңгеден жылдардың ортасына дейін 117,4 теңгеге дейін төмендесе, 2009 жылдың сәуірде ұлттық валютаның девальвацияланып, 150,8 теңгеге дейін қайта көтерілді.
14 Халықаралық банкноттар бірлестігі (IBNS) осымен екінші жыл қатарынан қазақстандық теңгені жыл банкнотасы деп жариялады. IBNS біздің теңгелік купюраны 2012 жылы әлемде шығарылған жүз банкнотаның ішінен таңдады. Сонымен отандық теңге дизайны, шығармашылығы, техникалық орындалуы және деңгейі жағынан үздік деп танылған. Қазақстан банкноттары осыған дейін де халықаралық жүлделерге ие болған еді жылы ҚР Ұлттық банкінің жаңа банкноты Халықаралық Валюта Ассоциациясының (IACA) тағайындаған жылдың ең үздік жаңа сериясы жүлдесіне ие болған еді. Сол жылы тағы да Бангкокте теңгелік купюра "Үздік жаңа банкнота" номинациясы бойынша топ жарды. Ал 2008 жылы 5000 теңгелік банкнотадағы теңгенің 15 жылдық мерейтойына арнап шығарылған "SPARK" қорғаныс элементі банкнота қауіпсіздігі жөнінен ең үздік инновация деп танылды жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай шығарылған теңгелік естелік банкнотасы Халықаралық банкнота бірлестігінің (IBNS) "2011 жылдың үздік банкнотасы" деген жүлдеcін еншіледі.
15 Инвестициялық монеталар – инвестициялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан дайындалып жасалады. Ол – алтын мен күмістен жасалған «құйма» монеталар. Инвестициялық монеталардың бағамы биржадағы қымбат металдардың құнына негізделіп, күнделікті анықталады. Коллекциялық монеталар – коллекциялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан және қымбат емес металдан шектеулі тиражбен дайындалған мерейтойлық, ескерткіш және арнайы соғылған монеталарды айтамыз. Айналыста жүретін монеталар – қымбат емес металдан дайындалған және қолма-қол айналысына арналған монета. Күнделікті тіршілкте қолданып, жұмсап жүрген монеталар мен теңгелер.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.