Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 11 лет назад пользователемFeruza Kozhabekova
1 Тақырыбы:Қазақ ағартушылары
2 Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Шалкиіз шығармаларының өзіндік ерекшеліктері – ондағы философиялық толғаныстардың молдығы. Көркем шығарма қашан да сол заманның, сол кездің ой-өрісімен салыстырыла бағаланбақ. Шалкиіздің философиялық ойлары ұзақ толғанып, өз заманын нәзік түсіне білуінің жемісі. Бұл ерекшеліктер жыраудың шалқар даналықтың, терең ақылдың иесі болғандығын көрсетеді. Осыдан келіп біздер Шалкиіз ойларының, шығармаларының өміршендігін, арада төрт жарым ғасырдай өтсе де ұрпақ жадында ұмытылмай сақталуының сырын ұғамыз. Белгілі ғалым әрі жазушы Мұхтар Мағауин: «Шалкиіз – новатор еді – дейді. – Ол қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салды. Бұл тұрғыдан алғанда Шалкиізді қазақтың барлық жырауының атасы деуге болады. Өзінің философиялық афористік поэзиясы – толғауларында Шалкиіз ойлылықтың, көркемдіктің шыңына шықты. Қиыннан қиыстыру, нақтылық, ықшамдылық, ойнақылық, сонымен қатар тереңдік – Шалкиіз поэзиясының ерекшелігі. Бұл жағынан алғанда қазақ жырауларының ешқайсысы да онымен белдесе алмайды». Халидидің айтуынша, Ақтамберді – ойраттармен күрес дәуірінде қазақ қолының басында жүрген аруақты ерлердің бірі. Ақтамберді шығармалары нақыл сөздерге, афоризимдік толғауларға толы. Қазақ халқының болмысы, тіршілік тынысы, ерекшеліктері, сол кездегі тарихи оқиғалар оның толғауларынан ерекше айқын көрінеді. Ақтамберді бүкіл ел мүддесін, ру, ата намысы емес, иісі қазақтың намысын қуады, елді ерлікке, бірлікке шақырады. Дұщпаннан көрген, қорлығым Сары су болды жүрекке, Он жетіде құрсанып Қылыш ілдім білекке, Жауға қарай аттандым, Жеткіз деп, құдай тілекке! Ақтамберді, өзінен бұрын өткен Доспамбет, Шалкиіз дәстүрлерінен әрі қарай жалғастырушы болып табылады. Ақтамберді жырларында көшпелі қазақтардың ой арманы, мақсат мүдделері, олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылды. Бұған жыраудың «Күлдір- күлдір кісінетіп» деп басталатын ұзақ толғауы дәлел бола алады. Бұқар жырау (XVII-XVIII) XVIII ғасыр жыраулары ішіндегі ең көрнекті кесек тұлға – Бұқар жырау Қалқаманұлы шамамен 1668 жылдары дүниеге келді. Бұқар өмірін тұңғыш зерттеуші Мәшһүр Жүсіптің айтуына қарағанда және өз шығармаларынан да көрінетіндей, Бұқардың, тіпті, сауып ішер малы, мініп-түсер аты да болмайды.
3 Қазақ ағартушыларының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – ( ) демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды. Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылыми қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (Петерборға барғанға дейінгі уақыт, яғни жылдар аралығы) және 2) кемелдену кезеңі ( ) деп екіге бөлуге болады. Петербордан басталатын қызықты да мазмұнды соңғы кезеңі Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан - өмірінің соңына дейінгі жылдарды қамтиды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан өзінің 30 жылдық аз өмірінің ішінде этнография, Қазақстан және Орта Азия тарихы мен мәдениеті саласында еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы- демократ. Ш. Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдамаларын байқауға болады. Қазақ ағартушыларының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – ( ) демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды. Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылыми қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (Петерборға барғанға дейінгі уақыт, яғни жылдар аралығы) және 2) кемелдену кезеңі ( ) деп екіге бөлуге болады. Петербордан басталатын қызықты да мазмұнды соңғы кезеңі Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан - өмірінің соңына дейінгі жылдарды қамтиды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан өзінің 30 жылдық аз өмірінің ішінде этнография, Қазақстан және Орта Азия тарихы мен мәдениеті саласында еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы- демократ. Ш. Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдамаларын байқауға болады. Ыбырай дүниетанымы калыптасуына туған ел халық ауыз әдебиеті, прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Уәлиханов секілді Алтынсарин да өз халқының артта калушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағарту- шылыкта деп сенді және Қазақстаңдағы Халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты. Абай казақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол "ақынның азаматтык парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде" деп білді. Абайдың философиялық шығармасы қара сөздер деп аталады Арабша ғақлия. Оның этикалық принципі - адам бол.
4 Абай ілімін одан әрі жалғастырған казақтың рухани мәениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы ( ). Ол арнайы оку орнында оқымаса да араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорыткан: "Жасымнан жетік білдім турік тілін, Сол тілге аударылған барлық білім. Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды, Жарқырап қараңғыда туып күнім. Оятқан мені ерте - Шығыс жыры, Айнадай айқын болды әлем сыры. Талпынып орыс тілін уйренумен, Надандықтың тазарып кетті кірі". Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптаскан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңір, Нұр, Күн, Табиғат - ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.
5 Зейін қойып көргендеріңізгерахмет!
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.