Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 11 лет назад пользователемФариза Анласын
1 5В шет.тілі: екі шет тілі 210 топ Анласын Фариза Арыстанбек Ақнұр
2 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім I. Жыраулар толғауы II. Сыпыра жырау III. Асан қайғы шешендігі IV. Қазтуған жырау V. Шалкиіз жырау VI. Доспамбет жырау 3. Қорытынды 4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3 XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы, негізінде, жыраулық поэзия. Алғашқыда иыр, иырағу- жыр, жыршы сөзінен шыққан жырау аты әрі өз жанынан өлең - жыр шығарушы, әрі бұрыннан қалыптасқан туындыларды-эпостық дастандарды жатқа айтып, ұрпақ санасына жеткізуші, орнықтырушы қызметін атқарған халық поэзиясының өкілі.
4 Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері эпостық жырларды шығарушылар, ауызша таратушылар, таратқанда жанына өлең, жыр шумақтарын қосушылар, сәл өзгертушілер, сөйтіп бір эпостың бірнеше нұсқасын тудырушылар болғаны сөзсіз.
5 Эпостық жырларда Сыпыра жырау ұзақ (180 жас, бірде 120 жас ) жасаған қария, қарт, ақылгөй деп әсіреленеді. « Құбығұл », « Едіге би », « Тоқтамыс ханның хикаяты » аңыз - әңгімелер мен « Едіге батыр », « Ер Тарғын » эпикалық жырларында Сыпыра жырау Ханзада ханның елінде жүзден жасы асқан бір Сыпыра жырау деген қарт бар еді. Сыпыра жырау өз өмірінде тоғыз ханды өткізген, толғау толғап, тоғыз ханды түзеткен еді, - деп суреттеледі. Ауыз әдебиеті дәстүрі біздің заманымызға Сыпыра жыраудың қиын кезеңде өзінен ақыл - кеңес сұраған Алтын Орданың сол кездегі билеушілеріне арнаған бірнеше толғау - монологын жеткізді. Бұл толғау - монологтарда жырау билеушінің өзін, оның ата - бабалары мен төңірегіндегілерді сипаттап, қалыптасқан жағдайға баға берген, болашақты болжап, содан кейін ақыл - кеңесін айтқан.
6 «Ер Тарғын» жырында Сыпыра жырау туралы «өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі» делінген «Телағыс» жырында ол ноғайлы ішіндегі өзара қырқысты өршітпей, ел арасындағы беделімен тегеуірінді жырымен жауласушы жақтарды бітістіріп отырған тұлға ретінде көрінеді Ноғай халқында кездесетін «Тоқтамыс ханның хикаяты» атты аңызда Сыпыра жыраудың атынан қара сөзбен аралас айтылатын жырлар өзінің табиғи сипаты жағынан жыраудың «Мен қартыңмын, қартыңмын» атты толғауына ұқсас келеді. «Қырымның қырық батырын» жырлаған әйгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың ұрпағы санаған
8 Мен қартыңмын, қартыңмын, Не көрмеген қартыңмын. Бастыққа бастық, Бастық хан Оны көрген кәріңмін. Одан соңғы Кедей хан, Оны көрген кәріңмін. Одан соңғы Ала хан, Оны көрген кәріңмін. Одан соңғы Қара хан, Оны көрген кәріңмін. Құлағы шұнақ Хазар хан Оны көрген кәріңмін. Он екі тұтам оқ атқан, Одан соңғы ер Шыңғыс Оны көрген кәріңмін. Мұнарасы қырық құлаш Өзден сұлтан Жәнібек Оны көрген кәріңмін. Ұлы бабам Домбауыл Соны көрген кәріңмін. Жүз сексенге келгенде, Сонша хандар өткенде Жас та болсаң, Тоқым хан, Сені көрген кәріңмін.
9 Есім Байболов Сыпыраның Кавказ жұрты арасында сақталған біраз өлеңін жиып-теріп жария етті. Сыпыра Қобыландыны біліп қана қоймай, өлгенін де көрген. Ел бүлініп, ат тұяғынан шаң бораған жаугершілікте Қобыландының жоғынан жауды жайпай алмайтынына өкініш білдіреді. Ал бұл толғау 1391 жылы Дешті Қыпшақ арқылы Ақсақ Темір жорыққа шыққанда, Тоқтамыс Сарайды тастап, Дон даласына қашпақ болған, сонда ел жақсылары Сыпыраны алып келіп, тоқтау айтқызып, Тоқтамысты сабасына түсіріп, Ақсақ Темірге қарсы шығуға көндірген.
10 (14 ғ-дың соңғы ширегі-15 ғ-дың 60 ж. ш. ), ақын, философ, аңыз кейіпкері. Хафлық қамын, елінің болашағын ойлап, үнемі мұңға батып жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына «кайғы» деген сөз қосып, Асан Қайғы атап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде (15 ғ.) өмір сүрген Асан Қайғы алдымен Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ- Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған.
11 Асан Қайғы көптеген нақыл сөздердің, философия толғаулардың авторы. Бұлардың бізге жеткен жұқаналарынан көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының кұралу кезеңіндегі белгілі тарихи окиғалардың елесін танимыз. Асан Қайғы қазақ руларының Әбілқайыр ұлысынан бөлінуіне қарсы болмағанымен, атамекен Дешті Қыпшақтан кетуге наразылық білдіреді. Жәнібек, Керей хандарды оңтүстік жаққа емес, батысқа Жайық, Жем бойына қоныстануға үгіттейді. Асан Қайғы «ең алдымен хандық үкіметгі күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет» деп санайды. Жәнібек ханды «уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының болашағын жете ойламайсың» деп сөгеді. Шоқан Уәлиханов «көшпенді ноғай-қазақ ұлысының философы» деп атаған Асан Қайғы туыстас руларды бір орталыққа бағынған мемлекет етіп ұйымдастыру, қазақ хандығын нығайту жолында елеулі еңбек етеді
12 Таза мінсіз асыл тас Су түбінде жатады, Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас- Жел толқыса шығады, Ой түбінде жатқан сөз Шер толқыса шығады. Көлде жүрген қоңыр қаз, Қыр қәдірін не білсін! Қырда жүрген дуадақ Су қадыін не білсін! Ауылдағы жамандар, Ел қадірін не білсін! Көшіп-қонып көрмеген, Жер қадірін не білсін!
13 Қазтуған Сүйінішұлы (шамамен 15 ғасырда өмір сүрген) – жырау, жорық жыршысы, қазақ эпосын жасаушылардың бірі. Қазтуған жыраудың артынан өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалған. Бірақ жырларының көпшілігі сақталмаған.
14 Бізге жеткен шығармалары «Бұдырайған екі шекелі» «Алаң да алаң, алаң жұрт» «Белгілі биік көк сеңгір»
16 Қазтуған жырлары алғаш рет Ғ.Мұштақтың «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» деген кітабында басылған Кейіннен «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан» «15-18 ғасырлардағы қазақ поэзиясы» «Бес ғасыр жырлайды» атты жинақтарда жарық көрген
18 Темірге қатысты толғаулары ғибратқа мол.
19 Жапырағы жасыл жаутерек, Жайқалмағы желден- дүр, Шалулығы белден-дүр, Төренің кежігуі елден- дүр, Байлардың мақтанбағы малдан-дүр, Ақ киіктің шабар жері майдан-дүр, Кешу кешмек сайдан- дүр, Батыр болмақ сойдан- дүр. Жалаңаш барып жауға ти, Тәңірі өзі біледі, Ажалымыз қайдан-дүр! Күпшек санды тіл жалмаған күреңді Тілеген достан аяман! Тілекті бірге тілеген Малымды достан аяман! Тайғақ кешу, тар жерде, Менің досым бар-ды һәр жерде, Іздесем табылмайды тар жерде. Табылмаса қайтейін, Мен есімді Хаққа тапсырғанмын һәр жерде. Жапалақ ұшпас жасыл тау, Жақсылардың өзі өлседе сөз сау. Ойлап тұрсам жаманның, Жалаңдаған өз басына тілі жау. Дүбір-дүбір шу көрген Түлкішек түлкің жетер басыңа-ай, Түлкідей құйрық тастаған Жаман фиғылың жетер басыңа-ай.
20 XV ғасырдың 90-жылдарының орта шенінде Азау қаласында дүниеге келген. Сол кезде Донның төменгі ағысын, Азау маңын мекендеген Кіші Орданы билеуші әскери ақсүйектер тұқымынан шыққан болашақ жырау заманы мен ортасының талабына сай тамаша тәрбие алып өскен сияқты. Доспамбеттің бүкіл Дәшті-Қыпшақты жақсы білгені, Стамбұл мен Бақшасарайда да болғаны, сахара тұрмысымен қатар мұсылман кенттерінің жайына да қаныққаны аңғарылады. Өз заманындағы талай әскери жорыққа қатысқан жауынгер жырау туыстас түркі тайпаларының арасындағы көп қырқыстың бірінде, 1523 жылдың бас кезінде Астрахань түбінде қаза табады.
21 Жыраулық поэзия-ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдік құбылысы. Жыраулық поэзия көбіне қазақта кең дамыған ақындық өнердің түрі, оның шығу тегі, көшпелі, жартылай көшпелі өмір сүрген ру, тайпалардың бай мұрасы. Сондықтан жыраулық поэзияда ауыз әдебиетіне тән ерекшеліктермен бірге жазба поэзияға тән өрнектер де қатар кемелденген. Жыраулық поэзияда әсіресе бұрын ауыз әдебиетінде көп тараған толғау жанры, сөз үлгілері кеңінен қолданылған. Толғауда, негізінен, терең азаматтық әуен, замана келбеті, ірі қоғамдық, әлеуметтік, саяси, философиялық мәселелер мен тақырыптар ерекше орын алады.
22 Сарбасов Б. С. - Оғыз - Наме китаби эпос ескерткіші, Алматы 2013 Жақан Молдабеков – Шешендік ( оқу құралы ), Алматы Қарасай 2009 Википедия – әлеуметтік жүйесі
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.