Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 11 лет назад пользователемЖадыра Мухаметкалиева
1 Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады: 1. Сымдарды, жалғаушы ашаларды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады. 2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды. 3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды. 4. ДК-де ылғалды қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды. 5. Қорабы немесе сымдары зақымданған ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады. 6. ДК-мен қатар үстел үстіне портфель, сөмке, кітап қоюға тыйым салынады. Үстел үстінде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс. 7. Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды. 8. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін алаңдатуға, басқа жұмыспен айналысуға болмайды..
2 ДК-де жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары: 1. Қоректендіру көзіне қосылған ДК-ді мұқият қарап, оңашалануының және компьютер корпусы мен сымдарының ақауы жоқ екеніне көз жеткізу керек. 2. Сымдары жұмыс кезінде байқаусыззда ілініп кететіндей болып салбырап тұрмағанына көңіл аудару керек. 3. Жұмыс орнын тексеру және пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керектігін ескеру керек.
3 ДК жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары: 1. компьютерде жұмыс кезінде көздің экраннан оңтайлы арақашықтығын (60-70 см) сақтау қажет. Жұмыс істеуге ыңғайлы, тиімді қашықтық – 50 см. 2. Сыныпқа сырттан кірген мұғалімдер мен үлкен кісілерге оқушылардың тұруының қажеті жоқ. 3. Көздің талуы немесе шаршауы жағдайында оқушылар орнынан тұрмай-ақ көздің талуын немесе шаршауын басатын бірнеше жаттығу орындауына болады. 4. Оқушылар электр тогымен зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін, өртсөндіргішпен жұмыс істеу тәсілдерін және өрт сөндіру тәсілдерін білуі тиіс. 5. Оқушылар көздің талуы және шаршауын болдырмайтын жаттығуларды білулері керек.
4 Апат (төтенше) жағдайындағы қауіпсіздік талаптары : 1. ДК жұмысы кезінде ақау байқалса, күйген иіс немесе бөгде дыбыс пайда болса, компьютер жұмысын бірден тоқтатып, аппаратураны ток көзінен ажыратып, мұғалімге немесе кабинет меңгерушісіне хабарлау керек. 2. Қажет болғанда өрт сөндіруге көмектесу керек. 3. Қажет болғанда, электр тогынан зақымданғандарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету керек. 4. Компьютерлік сыныпта өрт болған жағдайда, оны су шашып сөндіруге болмайтынын білуі тиіс. Құмды немесе көбікті өртсөндіргішті пайдалануға болады. 5. Егер зақымданған кісі электр тогының әсерінде болса, онда оны жалаңаш қолмен қозғауға болмайтынын білуі тиіс. Электр тогын өткізбейтін материал пайдаланып, зақымданған адамды босатып алу керек.
5 ДК жұмысын аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары: 1. Мұғалімнің айтуы бойынша аппаратураны ток көзінен ажырату керек. 2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек. 3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі жасау керек
6 КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР 1-жаттығу - Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмындар. - Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашындар. Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар..
7 2-жаттығу - Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар. - Көздеріңді талдырмаңдар. - Алысқа қадалып қарандар
8 3-жаттығу - Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер. - Алысқа қадалып қарандар. 4-жаттығу - Бастарыңды бұрмай, COЛFA қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер. - Алысқа қадалып қарандар.
9 5-жаттығу - Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер. - Алысқа қадалып қараңдар. 6-жаттығу - Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер. - Алысқа қадалып қараңдар.
10 7-жаттығу - Көздерінді секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар. Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау. Жұмыс дәптеріндегі 4-5 беттердегі тапсырмаларды орындау.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.