Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 11 лет назад пользователемАйымгул Шоканова
1 Сабақтың тақырыбы: «Тәуекелділік ұғымы және түрлері»
2 Сабақтың мақсаты: Білімділік: жалпы экономикадағы негізгі түсініктердің бірі тәуекелділік туралы студенттердің білімін шыңдау, өткен тақырыпты бүгінгі тақырыппен байланыстыра отырып оқушылардың білімдерін жетілдіру. Тәуекелділік түрлері, тәуекелділік аймақтары және кәсіпкерлік тәуекелділіктің түрлері бойынша түсініктерін қалыптастыру. Тәрбиелік: студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше ізденуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту. Дамытушылық: студенттердің ойлау қабілетін дамыту, білімін жетілдіру.
3 Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдылығы. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді. Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен және хеджиралау жолымен тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларға беру арқылы азайтуға болады. Шет елдерде тәуекелді азайтудың кең тараған тәсілі – хеджиралау (аудармасы – жоғалтулардан сақтау).
4 Кәсіпкерлік тәуекел – бұл бизнестің түріне байланысты компания қызметінің тәуекелі. Өндірістік тәуекел Коммерциялық тәуекел Қаржылық тәуекел
5 Жалпы тәуекелді талдау кезінде тәуекел аймағы ұғымын пайдалану маңызды. Нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорын қызметінің 5 негізгі тәуекел аймағын белгілеуге болады. Тәуекелсіз аймақ. Бұл кезде кәсіпорын кем дегенде есепті табыс алады. Аз тәуекелді аймақ. Бұл кезеңде кәсіпорын таза табысының бір бөлігін жоғалту ықтималдылығы болады. Жоғары тәуекелді аймақ. Мұнда кәсіпорын нашар болған жағдайда барлық шығындарын жабады. Ал жақсы болған жағдайда есепті деңгейден төмен табыс алады. Қауіпті тәуекелді аймақ. Мұнда өнімді өткізуден түскен табысты жоғалту ықтималдылығы болады. Жарамайтын тәуекелді аймақ. Мұнда кәсіпорын банкротқа ұшырайды.
6 Объективті себептерге: инфляция; бәсеке; саяси және экономикалық дағдарыстар; кедендік салықтар жатады Субъективті факторларға: кадрлық құрылым; шаруашылық байланыстар; қаржылық жағдай жатады. Тәуекелділік дәрежесіне әсер ететін барлық факторларды объективті және субъективті деп бөлуге болады.
7 1. Кәсіпорын экономикасы ғылыми пән. Оның зерттеу объектісі кәсіпорын және зерттелетін заты – заңдар мен заңдылықтар. 2. Қоғамның өмір сүруі мен дамуына қажетті материалдық игіліктерді жасау процесі өндіріс деп аталады. 3. Өндіріліген өнім көлемінің материалдық өндіріс саласында шығарылған еңбектің шамасына қатынасы арқылы – еңбек өнімділігінің сыйымдылығы анықталады. 4. Кәсіпорында баға белгілеу процесіне тұтынушылар, нарықтық орта, тауар қозғалысы арналарының қатысуылары және мемлекет сияқты бірнеше факторлар әсер етеді. 5. Ағылшын тілінен аударғанда инвестиция күрделі қаржы салу ұғымын білдіреді. 6. Жылдық табысты капитал салымына бөлу арқылы шығынды өтеу мерзімі анықталады.
8 1.Пайданы өнімнің өзіндік құныны бөлу арқылы рентабельділік анықталады. 2.. Тәуекел ұғымын қарастырғанда негізгі тәуекел аймақтарын қарастыру керк.Нгеізінен тәуекелдің негізгі 5 тәуекел аймақтары бар. 3. Кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржы институттарымен қарым – қатынас барысында өндірістік тәуекел пайда болады. 4. Кәсіпорын экономикасы ғылыми пән. Оның зерттеу объектісі заңдар мен заңдылықтар және зерттелетін заты кәсіпорын. 5. Айналым капиталы айналым қорлары және айналым құралдары болып екіге бөлінеді. 6. Еңбекақы төлеудің біркелкі тарифтік торында 21 тарифтік разряд бар.
9 Кім жылдам? Есеп 1. Банк 4,5 жылға несиеге жылдық 28%- бен 670 мың теңге береді. Банкке қайтарылатын соманы есептеңіз. Кім жылдам? Есеп 1. Банк 4,5 жылға несиеге жылдық 28%- бен 670 мың теңге береді. Банкке қайтарылатын соманы есептеңіз. Есеп 2. Кәсіпкер өз бизнесін ұйымдастыру үшін банктік несиені жылдық 26 % – бен 150 мың теңгегені 1 жылға алды. Егер, пайыз соммасы несиені бергенге дейін аванс ретінде несие соммасынан шегерілетін болса, кәсіпкер қандай сомма алады? Кәсіпкер банкке бір жылдан кейін қандай сомманы қайтарады?
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.