Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 12 лет назад пользователемГайни Шактаева
2 Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді.
3 Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез-құлықынан жиі көрінетін сезімдердің бірі адамгершілік сезімдер. Адамгершілік немесе имандылық сезімдердің мазмұны да, құрылымы да күрделі келеді. Бұлар ең алдымен қоғамдық мәнді және жеке көңіл- күйге байланысты моральдық сезімдер болып бөлінеді. Бұл екеуі бір-біріне қайшы келіп қалауы да мүмкін. Бірақ сана сезімі жетілген, дүниетанымы мен сенімі қалыптасқан адамда мұның біріншісі басым болып отырады. Осындай сезімдердің тобына: достық, жолдастық, адалдық, ар намыс, борыш, жауапкершілік, ұят т.б. жатады.
4 Жоғары сезімдердің екінші бір түрі эстетикалық сезімдер. Эстетикалық сезім дегеніміз - адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әдемі көріністерді тамашалау немесе табиғаттағы, көркемөнердегі әсіресе өмірдегі шынайы, әсем мәселелерден ләззат алу кездерінде байқалады.
5 «Сұлулық сезімдерді адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсеге сүйініп, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылуы, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді» М. Жұмабаев.
6 «Адамзатқа тән ерекше бір қасиет, - дейді Әл Фараби, - өзін қоршаған дүниенің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінік нәзік сезімін образдар арқылы паш ету.»
7 С.Торайғаров былайша сипаттайды: «Халықтың арғы бергісін қозғап, естеріне түсіріп, мұң мұқтаждығын зарлап, кем кетігін көрсетіп, әдемі дауысынмен құйқылжытып тұрғанада, қандай тас көңіл болса да жібімеген еркіне қоймайды. Халықтың қайдағы жайдағысы ойына қозғалып түсіп, қандары қайнап, тілті арқалары қозып кетеді. Әркімнің көңіл кездерінен жастар моншақтап, бойлары балқығандай, шартта шұрт қол шапалақтасып... Тарқайды!»
8 Жоғары сезімдердің бұдан басқа бір түрі интеллектік сезімдер. Интеллектік сезімдер адамның процестерімен, ақыл-ой әрекетімен тығыз байланысып жатады. Интеллектік сезімнің түрлеріне: таңсықтау, білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция, ықтималдық, жаңашылдық, болжау т.б. сезімдер жатады
9 Сезімнің осы түрлері оқу процесінде, ғылыми зерттеу жұмыстарынд, адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады. Мұғалімнің басты міндетінің бірі - оқушылар санасында интеллектік сезімдерді қалыптастыру болып табылады.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.