Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 5 лет назад пользователемНускабай Алмас
1 Семей 206 Қабылдаған: Байғазанов А.Н Орындаған: Тұрсынбаева Маржан Топ: ВМ-501 Қабылдаған: Нуркенова Марал Орындаған: Тұрсынбаева Маржан Топ: ВМ-501
2 Кіріспе Иммундық жүйе барлық лимфоидты организмдер мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты. Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі (тимус), кұстардық фабрицнев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылып, иммунологиялық жауаптың негізі антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.
3 Жоспары Жоспары Кіріспе Иммундық жүйе. Иммундық жүйенің жасушалары. Иммундық жасушалардың түрлері. Қорытынды. Қолданылған әдебиеттер
4 Иммундық жүйе барлық лимфоидты организмдер мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты. Иммундық жүйенің қызметі: организмнің бөгде заттар мен бөлшектерге қарсы тұру қабілеттілігін күшейтеді; организмнің генетикалық тұрақтылығын сақтайды; организмді жұқпа аурулардан қорғайды, қатерлі ісіктердің түзілуін бақылайды; ауыстырып отырғызған мүшеге қарсы организмнің жауабын қалыптастырады; басқа қызметтер атқарады. Иммундық жүйенің мүшелері басқа мүшелермен өзара әрекеттеседі.
5 Иммундық жасушалар (лат. immunocytus immunis бір денеден босау, арылу, құтылу; грекше kytos жасуша) адам мен жануарлар организмдерінің бактерияларга, вирустарга және басқа да бөгде заттарға (антигендерге) қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз ететін жасушалар. Иммундық жүйе жасушаларын иммуноциттер деп атайды. Иммуноциттердің негізгі көзі көпмүмкіндікті (полипотентті) діңгекті жасушалар. Олар сүйектің қызыл кемігі майында дамып жетіледі. Иммундық жүйенің қызметі нейрогуморальдық жолмен реттеледі. Организмнің иммундық қорғанысын жүзеге асыратын жасушаларға: лимфоциттер (Т-, В-) мен плазмоциттер, макрофагтар жатады.
6 Иммундық жүйенің жасушалары:. лимфоциттер, фагоциттер, базофилдер, бағана жасушалар, тромбоциттер, басқа жасушалары, мысалы ұлпа жасушалары. Барлық жасушаларының тегі – плюропотентті бағана жасушалары.
7 Лимфоциттер қанның ақ торшаларының кішірек (6 10 мкм), дөңгелек түрі.қанныңторшаларының ЦитоплазмасыЦитоплазмасы жіңішке жиек тәрізді, хроматинге бай, жедел жылжи алады. Иммунитетте басты роль атқарады. Екі топқа бөлінеді: В- және Т- лимфоциттер. В- лимфоциттер сүйек майынан шығады, қан иммунитетінің сақталу және дамуын қадағалайды. Т- лимфоциттер тимустан шығады, торша иммунитетін қадағалайды. Лимфоциттердің бірнеше түрлі аралас өсінділері де боладыИммунитетте
9 Фагоциттер (фаго… және kytos жасуша) фагоцитоз түзетін, адам мен жануарлардың дәнекер тіндерінде болатын арнайы қорғаныштық жасушалар. Омыртқасыз жануарларда фагоцитозды амебоциттер (жәндіктердің қанында болатын түссіз, бөгде заттарды қармап алуға бейім жасушалар) түзеді. Ал сүтқоректілерде белсенді Фагоциттерге қан құрамындағы нейтрофильдер (микрофагтар), моноциттер, қозғалмайтын және қозғалғыш макрофагтар, ретик. эндотелийлі жүйе жасушалары жатады.
10 Базофильдер (basophilae; гр. basis негіз, рһіііа сүю) жасуша цитоплазмасындағы түйіршікті дәншелері негіздік бояулармен боялатын жасушалар; протоплазмасында негізгі бояулармен боялатын түйіршікті құрамы бар торшалар. Базофилдер қан базофильдері және ұлпа базофильдері болып екі топқа бөлінеді. Қан базофильдерін базофильді гранулоциттер деп те атайды.
11 Бағаналы жасушалар (стволовые клетки); (cytos trunci; лат. truncus бағана, діңгек; грек, kytos жасуша) - маманданбаған, сирек бөліну арқылы сан тұрақтылығы өздігінен реттеліп отыратын жас жасушалар популяциясы. Бұл жасушалардың ұрпақтары белгілі бір микроортада әртүрлі бағытта жетіліп, бір- бірінен құрылыс айырмашылықтары бойынша ажырап, әртүрлі жасушаларға айналады. Жануарлар эмбриогенезінде діңгекті жасушалар сарыуыз қапшығының қабырғасындағы мезенхима жасушаларынан дамып жетіліп, көпмүмкіндікті (полипотентті) жасушаларға айналады
12 Тромбоциттер ( грек, thrombos -тромбы, kytos - жасуша) қанның ұюын қамтамасыз ететін қанжасушасы. Тромбоцит құстан бастап төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар қанында болады. Сүтқоректі жануарлар қанында тромбоцит орнында пішіні әртүрлі (дөңгелек, сопақ, ұршық тәрізді т.б.) ұсақ денешіктер қан табақшалары болады. Қан табақшалары жақсы боялатын дәнді орталық бөлігі Қанның ұю кезеңдері: Белсендірілу фазасы Коагуляция фазасы Ретракция фазасы
13 Лимфоциттер қанның ақ торшаларының кішірек (6 10 мкм), дөңгелек түрі. Цитоплазмасы жіңішке жиек тәрізді, хроматинге бай, жедел жылжи алады. Иммунитетте басты роль атқарады. Екі топқа бөлінеді: В- және Т- лимфоциттер. В- лимфоциттер сүйек майынан шығады, қан иммунитетінің сақталу және дамуын қадағалайды. Т- лимфоциттер тимустан шығады, торша иммунитетін қадағалайды. Лимфоциттердің бірнеше түрлі аралас өсінділері де болады: 1) жетілген лимфоциттер болашақ реципиенттің сенсибильденген эритроциттерін қолданып алынады; 2) жетілмеген лимфоциттер антигенмен кездесіп иммунокомпетенттік алған кіші лимфоциттер, иммунологиялық жетілмеген лимфоциттерден шығады. 3) кіші лимфоциттер иммунологиялық күші жоқ лимфоциттер
14 Жасушалық иммунитет жүйесіне (Т-жүйесіне) ізашар Т-лимфоциттердің негізгі дамитын орны – тимус, иммундық жүйенің шеткі мүшелерінде басымырақ түрде Т-лимфоциттер орналасатын аймақтар (Т-тәуелді ай-лимфоциттердің әртүрлі функционалды субпопуляциялары (Т-хелперлер, киллерлер, мақтар), Тсупрессорлар), сонымен қатар осы жасушалармен өндірілетін цитокиндер (лимфокиндер) кіреді. Тимуста Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляцияларының клондары түзіледі. Шеткі мүшелерде Т-лимфоциттер антигендермен кездеседі және басқа иммунды хабарлы жасушалармен кооперация кезінде иммунды жауаптың қалыптасуына, реттелуіне және оның жүзеге асуына қатысады. Т-лимфоциттер рециркуляция үрдісінде белсене қатысады, осы үрдістің арқасында иммунды бақылау қызметі нәтижесінде иммундық жүйесінің біртұтас қызметі жүзеге асады.
17 В-лимфоциттер (В-лимфоциты); (грек, bursa қапшық, яғни қапшық лимфоциттері) - тимусқа (айырша безге) тәуелсіз лимфоциттер. В-лимфоциттер сүйектің қызыл кемігі майынан тимусқа соқпай, оның ықпалына түспей қан арқылы тікелей шеткі қан жасау мүшелеріне (лимфа түйіндеріне, көкбауырға, лимфа түйіншелеріне) барып көбейіп, пісіп - жетіліп, белгілі бір антигендерге байланысты маманданып, әсерлі (эффекторлы) плазмоциттерге айналады. Плазмоциттер организмнің ішкі сұйық ортасына (қанға, лимфаға, ұлпа сүйығына) антиденелер бөліп, адам мен жануарлар денелеріндегі сұйықтық (гуморальдық) иммунитетті қалыптастырады. В-лимфоциттер құстардағы клоака (Фабриций) қапшығы лимфоциттері іспеттес. Адам мен жануарлар денелерінде аталған қапшықтын болмауына байланысты, клоака қапшығының сүйек кемігі майынан келген лимфоциттердің мамандануына ықпал ету қызметін ащы ішектің, оның ішінде мықын ішектің кілегейлі қабығындағы лимфа түйіншелері атқарады деген болжам бар. В-лимфоциттер организмдегі гуморальдық иммунитетке жауапт ы.
20 Қорытынды Макроағзаның иммунды қорғанысының бағытталып жүретінінің себебінің бірі иммундық жүйе (ИЖ) жасушаларының сыртқы мембранасында спецификалық антигендік рецепторларsның болуы. Қабылдау механизміне сәйкес олар тікелей және жанама әсерліге бөлінеді. Тікелей әсерінің нәтижесінде олар антигендермен тура байланысады. Лимфоциттердің бірталай субтүрлері міндетін осындай жолмен атқарады. Жанама әсер етушілер антиген мен иммундыглобулиндердің Fc – бөлігі арқылы міндетін атқарады. Бірақ, бұл жолмен жүретін процестің нәтижесі Fc- бөлігінің қасиеттеріне байланысты. Айтылған жолмен макрофагтар, табиғи киллерлер, эпителиялық дендриттік жасушалар жұмыс атқарады.
21 Пайдаланған әдебиеттер Р.Ұ. Бейсембаева. Медициналық және ветеринарлық биотехнология. Оқу құралы. - Алматы, бет Әлеуметтік желі; tapshyly/ page1.html
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.