Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 5 лет назад пользователемУлдай Жанабаева
2 Қаназдық (анемия) - қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен болатын ауру. Қаназдықтың болу себептері: денеден көп қан кету; химиялық заттардың, удың, безгек ауруының әсерінен эритроциттердің тіршілігін жоюы; кемік майи, бауры, көкбаурыдың зақымдануы; эритроциттердің түзілуіне катысатын заттардың (темір, Вх, витамині) жетіспеуі және т. б. Қан оттегіне қанықпағандықтан, мүшелер мен ұлпаларға оттек жетіспейді. Зат алмасу бұзылады. Эритроциттердің мөлшері азайғанда қанның түтқырлығы төмендеп, жүрек соғуы жиілейді. Қаназдықтан жүрекке көп күш түседі. Оны қан құю арқылы емдейді.
4 Әйелдерде гемоглобиннің мөлшері 120 г/л-ден, гематокриттік көрсеткіш 36%-дан, еркектерде гемоглобин 140 г/л-ден, гематокрит 42%-дан төмен болғанда анемия деп аңғаруға болады. Гемоглобиннің мөлшері айналымдағы қанның жалпы көлеміне және гематокриттік көрсеткішке байланысты болады. Мәселен, жіті қансыраудан кейін айналымдағы қанның жалпы көлемі азаюына байланысты қанның белгілі көлемінде анықталған гемоглобиннің мөлшері қалыпты деңгейде сақталады. Әйелдердің жүктілігі кезінде қан сұйығының көлемі көбеюінен гемоглобиннің мөлшері, оның жалпы мөлшері қалыпты болуына қарамай, азаяды. Қанның оттегіге сыйымдылығы азаюына байланысты дамитын қандық гипоксияның клиникалық көріністері гемоглобиннің 70 г/л-ден төмен болуынан байқалады. Ауыр анемия кезінде терінің бозаруы және қанмен оттегінің тасымалдануын арттыруға бағытталған тахикардия пайда болады.
5 - Терінің бозарып, қуарып өңі қашады - Қабақ үсті терісінің өңі кетіп, бозарады: - Тіс қызыл еті қаны қашып ағарады. - Тырнақ ағарып кетеді, әлсіздену, тез шаршау пайда болады - Анемияның ауры түрінде бет-аяқ ісініп, жүрек соғысы жиілейді, демігу пайда болуы мүмкін. - Топырақ, бор жеуге әуес балалар мен әйелдер әдетте анемия зардабын шегеді.
7 Анемиялар даму патогенезі бойынша: эритропоэз бұзылыстарынан дамитын дизэритропоэздік анемиялар; қан ыдырауы артуынан дамитын гемолиздік анемиялар; қансыраудан болатын постгеморрагиялық анемиялар – деп бөледі.
8 Постгеморрагиялық анемия әр түрлі себептерден қансырау нәтижесінде пайда болады. Гемолиздік анемия қан арнасына немесе қан құрайтын аппаратқа улы заттар түскенде эритроциттердің жаппай бүлінуінен пайда болады. Гемолиздік анемия да қан көбейгендіктен және тканьдерде билирубин пигменті жиналғандықтан сары ауруға айналуы мүмкін. Мұның негізгі көзі бұзылған эритроциттердің гемоглобині болып сана лады. Дизэритропоэздік анемия да, басқаша айтқанда, тиімсіз эритропоэзда, эритроидты клеткалардың көпшілігі жетілген сайты сына жетпей-ақ, жілік майиның ішіндегі гемолиз салдарынан бүлінеді
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.