Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 6 лет назад пользователемCharos Yakupova
1 § 11. Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы 25 қазан 2013 жил
2 Үй тапсырмасын қадағалау. 1.Денелердің өзара әрекеттесуі деген не? 2. Мысалдар келтіріңдер. 3. Масса дегеніміз не? Оның бірліктерін ата. 4. Массаны қалай анықтаймыз? 5.Заттың тығыздығы деп нені айтамыз? 6.Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады? 7.Қандай тығыздық бірліктерін білесіңдер? 8.Тығыздығы мен көлемі бойынша дененің масса сын қалай есептейді?
3 Дененің қозғалатыны немесе қозғалмайтыны туралы айту үшін, оның айналасындағы басқа денелерге қатысты орнын өзгертетінін не өзгертпейтінін білуіміз керек. Денелер уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгерте аллоды.
4 Денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір- бірімен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгерте аллоды. Дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталлоды. Ал онымен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгертетін дене қозғалыстағы дене деп аталатын балды. Қозғалмайды деп есептелетін және басқа денелердің қозғалысы соған салыстырылып қарастырылатын денені санақ денесі деп атайды.
5 Суретте бала эскалатор мен бірге қозғалып барады, ал эскалатор қабырғасымен салыстырғанда ол тыныштықта тұр. Яғни кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы болып табылады.
6 Қозғалып бара жатқан және қозғалмай тұрған денелер жайлы келтірілген мысалдар тек қозғалыс қана емес, сендай- ақ тыныштық та салыстырмалы екенін көрсетеді. Абсолют тыныштықта болатын дене жоқ. Қозғалыс – барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материялық дүниеге тән қасиет.
7 Қозғалысты сипаттау үшін дененің уақытқа байланысты өз орнын қалай өзгертетінін білу керек. Ол үшін санақ денесімен байланысқан координата жүйесін сызамыз. Координата жүйесі, суретте көрсетілгендей, өзара тікбұрыш жасап қиылысатын үш түзу сызықтан тұрады. Санақ денесімен байланысқан сызықтар жүйесін координата жүйесі деп, ал сызықтардың қиылысу нүктесін санақ басы немесе координата басы деп атайды. Санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтамыз.
8 Жаңа сабақты пысықтау сұрақтары? 1. Механикалық қозғалыс деп нені айтады? Мысал келтіріңдер? 2. Дене қандай денелермен салыстырғанда қозғалатынын көрсету не үшін қажет? 3. Санақ денесі деген не? Мысал келтіріңдер? 4. Тыныштық та салыстырмалы дейтініміз неліктен? Мысал келтіріп түсіндіріңдер? Үйге тапсырма: §11. 8-тапсырма.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.