Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 6 лет назад пользователемадик серик
1 Банкротқа байланысты қылмыстарды тергеу әдістері Орындаған: Тасболатова Толқын
2 Банкроттық кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды.
3 Әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау үшін ҚР Қаржы Министрінің, ҚР Әділет Министрінің, ҚР Қаржы полициясы Агенттігі Төрағасының бірлескен бұйрығымен Әдейі және жалған банкроттық белгілерін ескерту, анықтау және тоқтату бойынша мемлекеттік органдардың өзара қатынастары Ережелері бекітілді. Бұл мемлекеттік органдардың өзара қатынастары Ережелері әдейі және жалған банкроттық белгілерін ескертіп, алтын алып, анықтауға бағытталған.
4 Әдейі банкроттық коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің жеке өз мүдделерін көздей отырып жасаған, кейін ірі зала немесе басқа ауры салдарын тигізген төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы болып табылады Жалған банкроттық деп – коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің кредиторларға тиесілі төлемдерді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу немесе борыштардан шегерьім жасатқызу үшін, сол сияқты борышты төлемеуі үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатында өзінің дәрменсіз көрінуі жалған хабарлауы деп түсінеді, егерь осы әрекеті үлкен зиян келтірсе.
5 Банкроттыққа байланысты қылмысты тергеу Банкроттыққа байланысты қылмыстық істі қозғаудың себебі болып жиі табылады : өтініш, төрелік басқарушының хабарламасы, төрелік сот, сендай - ақ борышкер ұйымның кредитор лары ; құқық қорғау органдарының тексеру барысында анықталған қылмыстың белгілері : қаржы алаяқтар, салықтық қылмыстар, жалған кәсіпкерлік және басқа да қылмыстар.
6 Қылмыстық іс қозғалған кезде екі типтік тергеу жағдайлары пайда болады : Қаржы полициясының, салық органдарының тергеуге дейінгі материалдары бойынша қылмыстық іс қозғалады. Қылмысқа қатысты кінәлі тұлғаларға хабар дар өткізеді және оларға қатысты тергеу жүргізілетіні айтылады ; жедел материалдары қамтитын куәгердің ақпараты бойынша қылмыс анықталып, іс қозғалады ;
7 Бірінші тергеу жағдайында тексеру материалдарында болуы тиіс құжаттар: 1. Субъектінің банкрот деп тану туралы Төрелік сотқа жүгінген өтініші 2. Кредиторлар жиналысының шешімдері ; 3. Кредиторлар талаптарының т i з i л i м i 4. Борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер 5. Құрылтай құжаттары 6. Белгілі бір қызмет түрлерін жүргізуге арналған лицензиялар ; 7. Міндеттемелер бойынша сот шешімі 8. Борышкер деп тану туралы талаптар жауабы ;
8 Құжаттарды жинаудан бөлек, тергеушінің тергеу әдістеріне кіреді: Төрелік басқарушыдан жауап алу ; Кредиторлардан жауап алу ; Қаржы - шаруашылық құжаттарды алып қою ; Қылмыс орнында тінту жүргізу ; Қылмыстық экспертиза тағайындау Сот экономикалық сараптамасын тағайындау
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.