Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 6 лет назад пользователемЛолита Курмангалиева
1 Аминогликозидтер Орындаған: БолатоваӘ.Е Тексерген: Курмангалиева Л.М Атырау медициналық колледжі
2 Бұл топ антибиотиктерінің негізгі өкілдері стрептомицин, неомицин, канамицин, гентамицин, амикацин, тобрамицин, сизомицин, мономицин және т.б болып табылады. Аминогликозиттердің әсер механизмін олардың тікелей рибосомаға әсер етуімен және белок синтезін тежеуімен байланыстырады.
3 Стрептомицин Стрептомицин – аминогликозидтер тобына жататын, әсер ету ауқымы кең антибиотик. Сәулелі саңырауқұлақтардың Streptomyces globisporus немесе басқа да Streptomyces spp. түрлерінің тіршілігі барысында түзіледі. Төмен концентрацияларда бактериостатикалық әсер береді: микроб жасушасының ішіне еніп, рибосоманың 30S суббірлігінде спецификалық ақуыз-рецепторлармен байланысып, бұған түрткі болатын «рибосомның матрицалық РНҚ- 30S суббірлігі» кешенінің түзілуін бұзады, бұл нәтижесінде микроб жасушаларының өсуі мен дамуының тоқтауына әкеледі. Жоғарырақ концентрацияларда стрептомицин бактерицидтік әсер береді (цитоплазмалық жарғақшаларды зақымдап, микроб жасушаларын істен шығарады. Микробтарға қарсы әсер ету ауқымы кең.
5 Неомицин Неомицин зақымданған теріге қолданғанда жергілікті әсер етеді және іс жүзінде қанға сіңбейді. Дәрілік препаратты зақымданған теріге қолданған жағдайда, неомицин қанға сіңуі және жүйелік әсер етуі мүмкін. Аминогликозидтік антибиотик. Тасымалдау және матрицалық РНҚ кешенінің түзілуін бәсеңдете отырып, ақуыздар синтезін бұзады. Төменгі концентрацияларда бактериостатикалық (микробтық жасушаларда ақуыздар синтезінің бұзылуы есебінен), жоғары концентрацияларда – бактерицидтік (микробтық жасушаның цитоплазмалық жарғақшаларын зақымдайды) әсер етеді.
7 Гентамицин Әсер ету ауқымы кең аминогликозидтер тобының бактерицидті антибиотигі. Тасымалдаушы және ақпараттық РНҚ кешенінің түзілуіне кедергі етіп, рибосомалардың 30S суббірлігімен байланысады және ақуыздар синтезін бұзады, бұл кезде генетикалық кодтың қате саналуы және функциональдік емес ақуыздардың түзілуі жүреді. Бактерицидтік әсерге ие – үлкен концентрацияларда жасушалық жарғақшалардың бөгеттік функциясын төмендетеді және микроорганизмдердің қырылуын туындатады. Ішке қабылдаған кезде абсорбциясы - төмен (іс жүзінде сіңбейді, сондықтан тек парентеральді қолданылады). Бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін жылдам және толығымен сіңіріледі. Әсер ету ауқымы кең аминогликозидтер тобының бактерицидті антибиотигі. Тасымалдаушы және ақпараттық РНҚ кешенінің түзілуіне кедергі етіп, рибосомалардың 30S суббірлігімен байланысады және ақуыздар синтезін бұзады, бұл кезде генетикалық кодтың қате саналуы және функциональдік емес ақуыздардың түзілуі жүреді. Бактерицидтік әсерге ие – үлкен концентрацияларда жасушалық жарғақшалардың бөгеттік функциясын төмендетеді және микроорганизмдердің қырылуын туындатады. Ішке қабылдаған кезде абсорбциясы - төмен (іс жүзінде сіңбейді, сондықтан тек парентеральді қолданылады). Бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін жылдам және толығымен сіңіріледі.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.