Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 6 лет назад пользователемAida Aitan
1 Омыртқалылардың тері жабындысының, басжақ қаңқасының және басжақтан кейінгі қаңқасының эволюциясы Орындаған: Био тобының студенті Айтан А Тексерген: Құттықыз Намазқызы Қарағанды, 2018 ж Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті Зоология кафедрасы СРС
2 Жоспары: Омыртқалылардың тері жабындысының эволюциясы Қаңқасының эволюциясы Пайдаланылған әдебиеттер
3 Тері жабындысының эволюциясы Барлық омыртқалылардың тері жамылғысы 2 қабаттан тұрады. Олар эпидермис және дерма қабаты. Эпидермис қабаты: Дөңгелекауыздылардың эпидермисі көп қабатты, эпидермис клетка лары мен өте көп сілемейлі және түйіршікті бездерден тұрады. Шеміршекті балықтардың эпидермисінің ерекшелігі сол оның көптеген (19қабатка дейін ) эпителий клетка ларының арасында жалғыз жарим сілемейлі немесе түйіршікті бездері болуы немесе мүлдем болмауы. Сүйекті балықтардың эпидермисі көптеген алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
4 Қосмекенділердің эпителиалді жабыны ихтиойтты типті,бірақ эпидермис қабатының саны аз (2-5 дейін сирек 10 га дейін) Амфибия дернәсілінің эпидермисі өте көп бір клеткалы сілемсейлі бездерге бай, метаморфоз дан кейін олар жойылады және көп клеткалы бездермкен алмасады.
5 Рептилиялар мүйізді қабыршақтың дамуы барысында эпидермистің жергілікті осуі қабатты клеткалардан тұратын эпитилиялді төмпешіктің п.б алып келеді, бұл жерге мезодермальды бұлшық ет ашылады жуық қабаттары бар бұл төмпешік мүйізді қабыршақтың құрамына кңреді, ал астыңғы 2-3 қабаты мүйізденбейді.
6 Құстардың эпидермис қабатының саны рептилияларга қарағанда біршама аз, мүйізді қабаты да өте жұқа. Құстардың эпидермисінің туындылары қауырсын, тұмсықтың мүйізді қабыршығы, аяқтарындағы мүйізді қабыршықтары. Сүтқоректілердің эпидермисі үстінен мүйіздене беретін көп қабатты. Әдетте эпидермисте 5 қабатты көруге болады. Эпидермистің қалың қабатындағы базальты кілеткалар призма тәрізді, жұқа қабаты –олар жалпақ және шоқтанып орналасады. Тікенді қабаттың клетка лары куб тәрізді, сыртқа қарай қозғалуына байланысты олар жалпақтанып,полиганальды пішінге ие болады.Базальды және тікенді қабаттардың клетка лары митозды бөлінуге белсенді.Түйіршекті қабат терінің барлық жерінде болмайды.
7 Қаңқасының эволюциясы Қосмекенділердің қаңқасы – краниальды (бас сүйектің қаңқасы) және посткраниальды (омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтарының және жамбас белдеуі мен артқы аяқтарының қаңқасы) деп бөлінеді. Бассүйектің қаңқасы мен ми сауытынан (нейрокраниум) және оның висцеральды (сплахнокраниум) бөлімінен тұрады. Ми сауыты шүйде, бүйір, қақпақ және астыңғы бөлімдерге бөлінеді. Вицеральды қаңқада жақ доғалары және тіл асты доғасы болады, ересектерінде желбезек доғалары (құрлықта тіршілік ететіндерде) болмайды. Омыртқа жотасы 4 бөлімнен: 1ғана омыртқадан тұратын мойын бөлімінен, 1-3 омыртқадан тұратын куеде бөлімінен,1 ғана омыртқадан тұратын сегізкөз бөлімінен және құйрықсыздарда бірнеше омыртқалардың бірігуінен уростиль деп аталатын бір сүйектен құрылған құйрық бөлімінен тұрады, ал құйрықтыларда омыртқа саны әртүрлі болып келеді.
8 Балықтардың қаңқасы краниальды және посткраниальды болып бөлінеді. Краниальді қаңқа нейрокраниуммен және сплахнокраниумнен тұрады. Нейрокраниум ми сауыты миды тұтастай қоршап жатады. Ол иіс слезу капсулы, көз шарасы және мместу капсулы деп аталатын бөлімдерге жіктелген. Ми сауытының типі платибазальты, яғни мидың алдыңғы бөлімдері көз шарасының алтына қарай орналасқан, түбі жалпақ. Спланхнокраниум немесе бас сүйектің висцеральды бөлімнен 3 доғадан жақ доғасы, тіл асты доғасы және желбезек доғасына тұрады. Жақ доғасы үстіңгі жақтан және астыңғы жақтан түзілген. Үстіңгі жақ бір ғана шеміршек таңдай шарасы шеміршектен, ал астыңғы жақ бір ғана шеміршектен Меккель шеміршегінен тұрады.
9 Жорғалаушылардың қаңқасы қосмекенділерге ұқсас; краниальды және посткраниальды қаңқадан тұрады.Бірақ омыртқа жотасы мойын,куеде,бел,сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінген.Омыртқаларының жалпы саны түрлерге байланысты ге жетеді.Соның ішінде мойын бөлімінде 7-10, куеде-бел бөлімінде 16-25, сегізкөзде – 2, құйрық бөлімінде омыртқа болады.Бірінші мойын омыртқа немесе атлант не атлас,ал екінші мойын омыртқа эпистрофей деп аталады және өздеріне тән құрылысымен ерекшеленеді. Омыртқалар амфицельді, процельді және опистоцельді. Қабырғалары бар, көкірек қуысы пайда болған. Иық белдеуімен алдыңғы аяқтарының және жамбас белдеуі мен артқы аяқтарының қаңқасы қосмекенділердікендей, бірақ сүйектенген.
10 Құстардың қаңқасы – ұшуға бейімделгендіктен құстардың қаңқасында елеулі өзгерістер балды.Сүйектері жеңіл, іші қуыс,хонда ауа болады, көпсүйектері бір- бірімен тұтасып кеткен. Омыртқа жотасы 5 бөлімнен(мойын,арқа,бел, сегізкөз,құйрық) тұрады.Тек мойын бөліміндегі және құйрықтың шамбалы омыртқалары бір-бірімен қозғалмалы байланысқан, ал қалған бөлімдері және жамбас сүйектері өзара бірігіп, күрделі сегізкөз деп аталатын сүйекті құрайды.
11 Сүтқоректілердің дене қаңқасы – басқа төртаяқтылардың қаңқасына ұқсас, бірақ ерекшеліктері де бар. Олардың бастылары: 1-бас қаңқасының сүйектері ересектерінде бір- бірімен тұтасып кеткен және ми сауыты ауыз омыртқамен (атлант,атлас) 2 ілмешек арқылы байланысқан; 2-астыңғы жақ тіс сүйегінен және тәжі өсіндісінен тұрады (басқа омыртқалыларда болатын буын және шары сүйектер мместу сүйектеріне айналған); 3-омыртқа жотасының мойын бөлімін құрайтын омыртқалар саны – 7 (сирендерде, ламантиндерде – 6, жалқау аңдарда – 8-10); 4 – иық белдеуі көпшілігінде 1 сүйек – жауырын сүйегінен тұрады. Омыртқа жотасы 5 бөлімнен түзілген. Олар: 1-мойын, 2- куеде немесе арқа, 3-бел, 4-сегізкөз және 5-құйрық
12 Бассүйектің (краниальды) қаңқасы – ми сауытынан (нейрокраниум) және оның висцеральды (сплахнокраниум) бөлімінен тұрады. Висцеральды бөлімі – үстіңгі, астыңғы жақтардан және тіласты сүйектерінен тұрады. Алдыңғы аяқтардың және олардың иық белдеуінің, артқы аяқтардың және жамбас белдеуінің құрылысы төртаяқтыларға ұқсас. Құстардан ерекшелігі: сүтқоректілердің жамбасы жабық типті, басқа омыртқалылардан аздаған ерекшелігі сол: 1-сүтқоректілерде алақан, білезік, өкше, табань сүйектері бірігіп кеткен, 2-табань сүйектерінің екі бүйірінде тілерсек сүйегі, 3-асық жілік пен ортон жіліктің түйіскен жерінде дөңгеленген тобық сүйегі орналасады. Саусақтарының саны да түрліше – 1,2,3,4,5 болып келеді.
13 Қолданылған әдебиеттер: Ромер А., Парсонс Т. Анатомия позвоночных. Мир. М., т.1, 2 Хадорн Э., Венер Р. Общая зоология. Мир. М., Домбровский Б.А. Сравнительная морфология животных. Наука. Алма-Ата, 1982.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.