Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 6 лет назад пользователемНура Жамбыл
1 ӘКIМДЕР ЖӘНЕ ӘКIМДІКТЕР. ҚҰРЫЛУЫ, ҚҰЗЫРЕТI ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТIНIҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2 Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдіктері. Құрылуы және құрамы 1. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдік Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттілiгімен үйлестiре жүргізудi қамтамасыз етедi. 2. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдікті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмi басқарады. 3. Әкiм облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдікті әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады.
3 Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің құзыретi 1. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес: 1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ротеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асырады; 1-1) алынып тасталды - ҚР N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;N 97-IV2-баптан 1-2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа табыс етеді; 1-3) тиiстi мәслихатқа және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссия сына облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi;
4 1-10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді; 1-11) атқарушы билiктің мемлекеттiк саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделері және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз етеді; 1-12) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзiрлейдi және мақұлдайды, облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады және оның орындалуын қамтамасыз етедi; 1-13) жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді және тиісті аумақтағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; 1-14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда тиісті аумақтың шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
5 1-15) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін ротеудің үлгілік қағидаларына сәйкес облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін ротеу қағидаларын әзірлейді; 2) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық коммуналдық меншiктi басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады; 3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi; 4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды; 4-1) суда саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді; 4-2) аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде стационарлық суда объектілерін дамыту үшін іс-шаралар кешенін әзірлейді және іске асырады;
6 6) Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерiн орналастыру схема сына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану схема сын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспарларын әзiрлейдi, оларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихаттың қарауына енгiзедi; облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық коммуналдық меншiк объектiлерi мен облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектілерді салу, реконструкция алу және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат бередi; әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын әзiрлейдi және оларды облыстық мәслихатқа бекiту үшiн ұсынады;
7 10) облыстық маңызы бар жолдарды салуды, ұтымды пайдалануды және күтiп ұстауды қамтамасыз етедi; 11) ұлттық стандарттардың сақталуын қамтамасыз етедi; 12) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 13) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
8 17) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi; 17-1) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сендай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар құрады; 17-2) өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу арқылы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, сендай-ақ бюджет есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да шараларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; 17-3) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сендай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілейді;
9 Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiн қызметке тағайындау және қызметiнен босату тәртiбi 1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының келісуімен Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi лауазымына тағайындауды мәслихатпен келісу тәртібі осы Заңда айқындалады. 2. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмiн Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады. 3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президентi қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл роте әкiм Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi әкiмдi тағайындағанға дейiн өз мiндетiн атқаруды жалғастыра бередi.
10 Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң құзыретi 1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:/ 1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мүддесiн білдiредi; 1-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ротеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асырады; 1-2) атқарушылық биліктің мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз етеді;
11 Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппараты басшысының құзыреті Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының басшысы: 1) аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады; 2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; 3) аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді; 4) аппараттағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.