Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 6 лет назад пользователемАсыл Мұханқызы
2 Стомотология дәрігердің жұмысының ұйымдастырылуы. Эргономика сұрақтары Орындаған: Мұханқызы Асыл Факультет: Стоматология Группа: 101-Б Курс: 1 Тексерген: Салтанат Тилеугалиевна МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРИСИТЕТІ НУО КАЗАХСТАНСКО- РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
3 ЖОСПАР: І. Кіріспе бөлім ІІ. Негізгі бөлім 1. Эргономиканың негізгі міндеттері 2. Жұмыс орнын эргономикалық ұйымдастыру 3. Дәрігердің көмекшісімен төрт қолға жұмыс істеу ІІІ. Қорытынды бөлім ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
4 Деонтология- дәрігердің науқас, оның туысқандары және медициналық қызметкерлердің алдындағы парызы. Медициналық деонтология құрамына кіреді: Дәрігерлік құпияны сақтау; Науқастың денсаулығы мен өміріне жауапкершілікпен қарау; Медициналық кауымдастықтағы қарым- қатынастың қиындықтары; Дәрігер мен науқастың арасындағы тығыз қарым - қатынас; Дәрігерлік этика- дәрігердің іс-қимылын,моралін және кәсіби борышын қарастыратын жалпы этиканың бөлімі;
5 Эргономика адамның еңбек ету барысында, оған оптимальды жағдай туғызу мақсатында, функционалдық мүмкіндіктерін зерттейтін ғылым. Эргономиканың стоматологиядағы негізгі міндеттері: Дәрігер мен басқа медициналық қызметкердің жұмысына максимальды жағдай жасау. Бұл жағдайды туғызу үшін: ыңғайлы, тиімді, эргономикалық қондырғылар инструменттер медициналық арнайы киім кию қажет.
6 Тиімді, қауіпсіз және жайлы жұмыс жасау үшін қолмен жұмыс жасайтын инструменттер балансталынған болу қажет. Дұрыс балансталынған инструменттің жұмысшы бөлігі инструменттің орталығының көлденең осі жалғасынан 2 мм аралығында орналасады.
7 Инструменттердің балансталынған болу керектігі келесі себептерге байланысты: Балансталынған инструментпен жұмыс істеу кезінде саусақтардың сүйектеріне күш аз түседі, тактильді сезімталдық жақсарады. Инструменттің ұстайтын бөлігін бұру кезінде, жұмысшы бөлігінің ұшы жұмыс жасау алаңын көрсетеді; балансталынған инструментте оның радиусы үлкен емес, егер инструмент өткір болса, оның жұмсақ тіндерді жарақаттап алу мүмкіндігі азаяды.
8 Қолмен жұмыс жасайтын инструменттің басқа маңызды факторларының бірі оның ұстайтын жерінің қалыңдығы. Мысалы, Hu-Friedy фирмасының «Satin Steel» және «Satin Steel Colours» инструменттер сериясының ұстайтын жерлерінің диаметрі 9,5 мм, ол дәстүрлі тот баспайтын болаттан жасалынған инструменттерге қарағанда қалың. Ұстайтын жердің диаметрінің қалыңырақ болуын Hu-Friedy фирмасы физиологтармен келісе отырып жасалынған.Ол карпальды синдромның профилактикасы үшін оптимальды нұсқа болып табылады.
10 Карпальды синдром (синдром запястного туннеля, Carpal Tunnel Syndrome - CTS) серпімді емес білезік байлам мен иықасты бұлшықетінің сіңірінің арасынан өтетін орталық білезік нервтің (Nervus medianus) қысылуымен жүретін созылмалы ауру. Бұл ауру: ауру сезімімен, саусақ ұштарының парестезиясы мен жансыздануымен, түнгі ауру сезімімен және бұлшықеттердің талуымен көрінеді. Стоматологтарда бұл ауру саусақтардың бүгілетін бұлшықеттеріне үнемі және ұзақ түсетін күштің әсерінен пайда болады.
12 Карпальдық синдромның даму механизмі Бұл біріншіден, тұйықталған, орталықталынбаған және ұстайтын жері жіңішке инструменттермен жұмыс жасағаннан болады. Сонымен қатар карпальды синдром жиілікті, күш түсетін жұмысты үзіліссіз және демалыссыз жасағаннан да дамиды. Ұстайтын бөлігінің диаметрі 9,5 мм болатын инструменттермен жұмыс жасау өте ыңғайлы және олар тактильды бақылауды жақсартады. Сонымен қатар эргономика талаптарына стоматологтың қолданатын басқа да инструменттері мен аппараттары, қондырғылары сай болу керек.
15 Кабинеттің рационалды орналасуы және қондырғының орналасуы, дәрігерге физикалық күш түсуін азайту. Бұл дәрігер стоматологтың жұмыс жасау орнының дұрыс ұйымдастырылуы, дәрігердің жұмысын эргономикалық жағдайда, яғни рационалды емес және артық қимылдар мен манипуляциялар жасамауын қарастырады. Сонымен қатар эргономикалық жағдайды туғызу мақсатында дәрігердің антропометриялық ерекшеліктерін ескере отырып, қондырғыны басқару, өзіне ыңғайлы ету өте маңызды. Дәрігер стоматолог емдеу түріне байланысты отырып немесе тұрып жұмыс істеуіне болады
17 Төрт қолға жұмыс(работа на 4 руки) Қазіргі таңда, эргономика талаптарына науқастың горизонтальды жағдайында дәрігер стоматологтың көмекшісімен "төрт қолға" жұмыс істеуі жатады.Бұл уақытты үнемдеумен қатар, жұмыстың тиімділігін, ыңғайлығын және жоғары сапалылығын қамтамасыз етеді.
18 Қазіргі таңда "төрт қолға" жұмыс істеу қағидасы тәжірибеде бес компонентті біріктіреді. (Садовский В.В., 1999): 1. Жұмысты отырып істеу 2. Көмекшінің көмегі 3. Әрбір стоматологиялық қабылдаудың компонентін ұйымдастыру және басқару (алдын ала анализ,жобалау, менеджмент, бағалау). 4. Қабылдаудағы жұмыс жасау барысын максимальды жеңілдету 5. Инфекционды асқынулардың алдын алу (Infection Control).
20 "Төрт қолға " жұмыс жасау қағидасы бойынша науқас креслода жату қажет. Төменгі жақтың шайнау тістерін емдеу кезінде кресло арқасының иілу бұрышы 2025°, жоғарғы жақтың немесе төменгі жақтың фронтальды тістерін емдеу кезінде кресло арқасының иілу бұрышы 510° құрайды.
23 Емдеу кабинетінде және қосымша бөлмелерде дәрігер, науқас және медициналық персоналдарға жайлылық жағдай болуы. Мына талаптар бойынша: Бөлме ауасының таза болуы; Дұрыс жарықтануы; Шу мен вибрациямен күрес; Қабырғаларды өте жарық түспен боямау; Қабырғаға дәрігердің назары ауатын заттарды ілмеу.
24 Қорытынды Дәрігер жұмысын эргономикалық ұйымдастыру дәрігердің жұмысын жеңілдету, денсаулығына зиян келтірмеу, еңбекке қабілеттілігін сақтауды қарастырады.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.