Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 6 лет назад пользователемайман садвакасова
1 Компьютерлік вирустар
2 Алғаш рет «компьютерлік вирус» термині ХХ ғасырдың 80- жылдарының орта кезінде Америка Құрама Штаттарында пайда болған. Бірақ «компьютерлік вирус» терминіне айқын анықтама берілген жоқ. Сол кездердің өзінде – ақ «компьютерлік вирус» деген ұғымды компьютерлерді қатардан шығарып, жұмысын тоқтататын қатерлі «талқандаушы» деп түсінді. Қазіргі таңда компьютерлік вирустардың 45 мыңға жуық түрі белгілі болып отыр. Сондықтан әрбір компьютермен жұмыс жасайтын адам компьютерлік вирус және оның түрлері туралы білгені жөн.
3 «Компьютерлік вирус» дегеніміз не? Компьютерлік вирус – «өз бетінше көбеюге» және басқа бағдарламаларға «жұғуға» қабілетті, өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы жазылған компьютерлік бағдарлама.
4 Компьютерге вирустың жұққанын қалай білуге болады? - Компьютердің жұмыс жасау жағдайы баяулайды; - Кейбір бағдарламалар жұмыс істей алмай қалады; - Экранға әдеттегіден тыс, бөтен мәліметтер, символдар және т.б. шығады; - Көптеген файлдардың бүлінгендігі байқалады.
5 Компьютерлік вирус қалай тарайды? - Дискет немесе CD диск арқылы; - Интернеттен жүктелген файл арқылы; - Электрондық почта арқылы келіп түскен хатқа қосымша ретінде жалғасу арқылы.
6 Компьютерлік вирустар қалай жіктеледі? 1. Мекендеу ортасына қарай: 1. Мекендеу ортасына қарай: - Файлдық – қолданбалы бағдарламалардың ішіне енгізілген, бағдарламалар жүктелгенде жіберілетін вирустар; - Жүктейтін – операциялық жүйе жүктелгенде негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға жұғатын вирустар; -Макровирустар – Microsoft Office-тың файлдарын бүлдіретін, құжат файлы ашылғанда жұғатын вирустар. 2. Компьютерге жұғу әдісіне қарай: - Резиденттік – компьютер жадында тұрақты сақталатын вирустар; - Резиденттік емес – келешекте көбейе алмайтын фрагменттер қалдыратын вирустар.
7 3. Мүмкіндігіне қарай: - Қауіпсіз – өздерін графикалық немесе дыбыстық құбылыстар секілді зиянды емес әрекеттерімен көрсететін компьютерлік вирустар; - Қауіпті – компьютер қызметінде, желілерде, жүйелерде түрлі ақаулар әкелетін вирустар; -Аса қауіпті – ақпараттарды жоятын, бағдарламалар мен жүйелердің қызмет ету қабілетін жоғалтатын компьютерлік вирустар. 4. Мақсатына қарай: -Бейсауат – онша қатты зиянын тигізбейтін вирустар; - Шантаж жасаушы – мысалы, белгілі төлемақы берсе, вирус әсері жоғалатынын анонимді түрде хабарлайтын «баяу әсер ететін» бомбалар; -Насихатшы – «өзін көрсету» мақсатында жасалған вирустар; - Мағынасыз – атынан – ақ түсінікті.
8 Осыншама вирустардан компьютерді қалай қорғаймыз? Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оны оқтын – оқтын жаңалауды қажет ететін, вирусқа қарсы арнайы бағдарламалар (антивирустар) пайдаланылады. Антивирустардың қызметі файлдар мен бағдарламалардағы вирустарды жою және диагностикадан тұрады. Қазіргі кездегі вирусқа қарсы бағдарламаларды бірнеше топқа бөлуге болады.
9 - Детекторлар, олардың қызметі – вирустарды табу, тек бұрыннан келе жатқан вирустардан қорғайды, жаңа вирустарға дәрменсіз. Мұндай бағдарламалар қазіргі таңда сирек қолданылады жылы Д.Н.Лозинский жасаған AIDSTEST бағдарламасы мысал бола алады. - Полифагтар, олардың қызметі – вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпалы бағдарламалардан жою. И.Данилов жасаған Dr.Web, Е.Касперский зартханасы жасаған Kaspersky – Anti – Virus бағдарламаларын мысалға келтіруге болады. - Ревизорлар, олардың қызметі – бағдарламалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есте сақтап, содан соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу бағдарлама иесіне хабарлайды. Мысалы, Д.Мостов жасаған ADif бағдарламасы.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.