Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 6 лет назад пользователемAruzhan Bolusbek
2 Жоспары: 1 Мемлекет түсінігі 2 Мемлекеттің шығу теориялары 3 Мемлекеттің пайда болуы 4 Мемлекет белгілері 5 Мемлекеттің нысаны 6 Мемлекет қызметтері 7 Мемлекет функциялары 8 Ситуациялық сұрақтар 9 Глоссарий 10 Пайдаланылған әдебиеттер
3 Мемлекет белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
4 Мемлекеттің шығу теориялары: 1.Теологиялық теория. Құдайды тану ғылымы. Өкілі: Фомо Аквинский,Лютор 2.Патриалхалдық теория. Мемлекет және құқық отбасында шыққан. Өкілі:Аристотель. 3.Шарт теориясы алғаш рет Франция және Америкада пайда болды. Мемлекет пен құқық келісім шарт негізінде пайда болған. Өкілдері: Жан Марк Руссо. Мақсаты: мемлекет, билік қоғамға бағыну, қызмет жасау керек.
5 4.Күштеу теориясы. Мемлекет және құқық күш жұмсаған нәтижесінде бір тайпа басқа тайпаны жаулап алып жаңа мемлекет құрады. Өкілдері:Дюринк,Кауский. Мақсаты: халықты мемлекетке бағындыру. 5.Маркстік не таптық теория. Мемлекет және құқық қоғамда еңбек бөлінісінің, отбасының, жеке меншіктің жеке бір біріне қарама қайшы таптардың бөлінуі негізінде пайда болды.Өкілдері: Карл Маркс, Ленин, Энгельс. 6.Психологиялық теория. Мемлекет және құқықтың пайда болуы адамның санасына байланысты. Өкілдері: Тард,Фрезер. 7.Органикалық теория. Өкілдері: Платон,Спенсер.
6 Мемлекетің пайда болуы Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді. Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып, қауіп нәтижесінде біріккен топтар қауіп нәтижесінде жойылған кезде қайта ыдырағысы келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне әсер етеді.
7 Мемлекеттің белгілері: мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады; мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс,аудан) бөлінеді; мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады; мемлекеттің ең маңызды белгісі- оның өзге мемлекеттерден тәуелсіздігі, егемендігі; мемлекет әскерді полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелердеқызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды; мемлекет заңдар және басқа нормативтік- құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады;
8 Бас қ ару нысаны Мемлекетті ң құ рылым нысаны Ә кімшілік құ рылым нысаны МЕМЛЕКЕТТІ Ң НЫСАНЫ
10 Монархия (гр. μοναρχία біртұтас билік) абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Конституциялық монархия- атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруы. Мысалы: қазіргі Англия, Жапония. Республикалық басқару парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді,парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШ-ты келтіруге болады
11 Құрылымы бойынша: Унитарлық(лат. unitas біртұтас,) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. Федерация (лат. foederatio одақ, бірлестік) белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу(заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мысалы: АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б.жатады. Конфедерация (лат. confederatіo – одақ, бірлестік) – мемлекеттік құрылым формасы, бұл ретте Конфедерация құрушы мемлекеттер өздерінің тәуелсіздігін толығымен сақтап қалады, әрқайсысының өзіндік мемлекеттік билік жүйесі және басқару органдары болады; арнайы бірлескен органдар тек белгілі бір (әскери, сыртқы саяси, т.б.) мақсаттағы іс-әрекеттерді үйлестіріп отыру үшін жасалады. Конфедерацияға мүше елдердің бәріне бірдей ортақ заң шығарушы орган, ортақ азаматтылық, территория, әскери күштер, салық жүйесі болмайды. Осындай егемен елдер одағына мүше әрбір мемлекет өкілдері Конфедерация органдарын құрады, олар қабылдаған шешімдер одақтас мемлекеттердің үкіметтері және заң шығарушы органдарының келісімі мен бекітуі арқылы жүзеге асады.
12 Қ Ы З М Е Т Т Е Р І Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады:шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу(бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу,қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар: 1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді; 2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады; 3)заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән; 4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;
13 5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды; 6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі. 7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады. Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай феодалдық, буржуазиялық, құл иеленушілік, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр.Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады.
14 Мемлекет функциялары: 1.Мәжбүрлеу функциясы. Мәжбүрлеу функциясы әр түрлі әдістер мен құралдар арқылы іске асуы мүмкін. Осы функцияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктің құрылымында мәжбүрлеу күштері қалыптасады, яғни олар: әрекеттерді нормативті тұрғыда бағалайтын және кінәлі немесе кінәлі еместігінің объективті ақиқатын белгілейтін, мәжбүрлеу шаралары туралы мәселелерді шешетін заң органдары; тергеу органдары; полиция; пенитенциарлық мекемелер және басқалары. 2.Келісімдік функция. Мемлекеттің саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің арасын келістіруші орган екендігі сөзсіз, ол айтыс-тартыстарда төреші ретінде қатысады, позициялардың жақындасуына жәрдемдеседі. Бұл функция қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасу мен даму деңгейіне, оның өркениеттенуінің артуына орай жан-жақты және маңызды бола түседі, жүзеге асуында азаматтық қоғам институттары маңызды мәнге ие. 3.Ұйымдастырушылық. Мемлекет адамдардың әлеуметтік өмірінің негізгі аспектілерінің ұйымдасуына қатысады. Бұл үшін мемлекеттік меншіктің; мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің; мемлекеттік органдар қызметінің жалпылық, міндеттілік және басқарушылық сипаттарының; құқықтық базаның; мемлекет шараларының заңдылығының болуы шарт. 4.Қорғау функциясы. Мемлекет қоғам тұрақтылығы мен оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып қорғайды. Ол адамдар қауымдастығын сыртқы теріс әсерлерден және ішкі деструктивті, қиратушы күштерден қорғауы қажет. Функциялардың барлығы қандай дәрежеде болмасын барлық мемлекеттерге тән, себебі олар мемлекет мәнінің көрінісі болып табылады, және оның табиғаты мен негізінен туындайды.
15 Мемлекет нышандары
17 1)Келесі талаптар бойынша соттылықты анықтаңыз: -Алимент талап ету; -Қарызды талап ету; -Жұмысқа қайта алу талабы; -Тұрғын үй иемденуді бөлу талабы. 2)15 жасар Сəрсенов,9-сынып бітіргеннен кейін,база директорына өзін жұмысқа қабылдауын сұрап өтініш берді.Директор Сəрсенов 16 жасқа толмады деп оның өтінішін қабылдамады.Директор шешімі дұрыс па? 3) Журналист Наурызбаева шетел азаматына тұрмысқа шығып Біріккен Араб Əмірліктеріне көшіп кетті.Бірақ жүктілік жəне туу кезіне Қазақстанға келіп, осында бала туды.Наурызбаеваның баласының азаматтығы қалай анықталады? 4) Сапарғалиев тұрғын үй салу үшін банктен несие алып, кепілге жер учаскесін қалдырады.Бұл учаскеде Сапарғалиев салған үй кепілге кіре ме?
18 Глосарий 1 Мемлекет- адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым 2 Құқық– белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық актілерді де көрсетеледі. 3 Мемлекет функциялары – бұл мемлекеттің мәнін және мақсат - міндетін білдіретін оның қызметінің негізгі бағыттары. 4 Мемлекеттік орган – бұл мемлекеттікміндеттерді атқаратын және осы үшін тиісті биліктік өкілеттіліктер берілген ұйым немесе мекеме. 5 Республика – бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілгенн және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны. 6 Саяси режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын тәсілдер мен әдістер. 7 Федерация –бұл құрамды бөліктерінде қандай да бір мөлшерде мемлекеттік егемендік болатын,мемлекеттік құрылымдар болып табылатын одақтас мемлекет 8 Мемлекет механизмі – бұл мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік органдардың жүйесі. 9 Конфедерация- оздерінін кейбір амал-әрекеттерін уйлестіріп, белгілі бір мақсатты (әскери, сыртқы саясаттагы,т.б.) жузеге асыру ушін бірлескен егеменді елдер одагы. 10 Монархия- мемлекеттін жогагргы окімет билігі жеке-дара бір билеушінін қолында болып, ол әкеден балага мура ретінде қалатын турі.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.