Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 6 лет назад пользователемulan Mukhtarov
1 Қазақ жыраулары
2 Жыраулар Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы Жыраулар кезеңі (XV ғасыр XVIII ғасырдың бірінші жартысы. Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басы). Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы XIX ғасырдың бірінші жартысы). Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері Қазтуған, Асан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау ( жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау ( жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау ( жылдары), Бұқар жырау ( жылдары), Шал ақын ( жылдары), Жанақ ақын ( жылдары), т.б. жатады.
3 Қорқыт Ата Қорқыт бүкіл түркі өркениетіне ортақ ортағасырлық тұлғалардың бірегейі. Қорқыт әулие, ақын, жырау, сазгер, қобызшы болған. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер бүкіл түркі халықтарында кездеседі. Ол оғыздардан шыққан, руы батя, әкесінің аты Қарақожа делінеді. Шешесі қыпшақ руынан. Қорқыт қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының, жерінде, Сырдың бойындағы ортағасырлық, Жаңакент денег қалада VIIIIX ғасырларда дүниеге келкен. Бұл оғыз тайпаларының Сырдың ортаңғы, төменгі ағысында өмір сүрген кезі бокса керек. Қорқыттың сегіз қырлы күмбезді, қазақтың киіз үйі тәріздес мазары Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты темір жол станция сына жақын Сырдария өзенінің жағасында болған жылдары осы маңайда Қорқытқа карнап ескерткіш орнатылды. Бұл ескерткіш қылқобызға ұқсатып жасалған, желдің әсерінен езінен-езі ызыңдап, қобыз үнін шығарып тұрады. Ескерткіштің авторы белгілі сәулетші, этнограф Бек Ыбыраев. Қорқыт ата кітабы. Қазақ музыкасында Қорқыттан қалған күйлер Қорқыт күйі, Қорқыт сарны, Қорқыт толғауы, Тәңірі биі.
4 Асан қайғы Сәбитұлы Асан қайғы XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келкен ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретіндіктен, замандастары оның Асан атина «қайғы» денег сөз қосып, Асан қайғы этап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан қайғы, алдымен, Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ-Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған. Егде тартқан шағында Дешті Қыпшаққа қайтып ораллоды, өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған Қазақ мемлекетінде, Жәнібек пен Керей хандардың төңірегінде өтеді. Асан қайғы кептеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы. Бұлардың бізге жеткен жұқаналарынан көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құрылу кезеңіндегі белгілі тарихи оқиғалардың елецін танимыз. Асан қайғы қазақ руларының Әбілхайыр ұлысынан бөлінуіне қарсы болмағанымен, атамекен Дешті Қыпшақтан кетуге наразылық білдіреді. Жәнібек пен Керейді оңтүстік жаққа емс, батысқа Жайық, Жем бой на қоныстануға үгіттейді. Алайда Ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бой на орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын расы тату болуы жолында күреседі. Асан қайғы, ең алдымен, хондық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. Жәнібек хонды: Уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының болашағын жете ойламайсың
5 Қазтуған Сүйінішұлы Қазтуған Сүйінішұлы халық аңыздарында қолбасы, батыр делінеді, әскери ақсүйек тұқымынан шыққан. Туып-өскен жері Еділ бойы. XV ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хондығына қоныс аударады. Жорық жыршысы, халық эпосын жасаушылардың бірі Қазтуған жырау артына өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жордан құралған мол мұра қалдырды. Бұлардың дені сақталмаған. Алайда бізге жеткен санаулы шығармаларының езі- ақ Қазтуған Сүйнішұлының әдебиет тарихынан белгілі орын алуына негіз бола аллоды. Қазтуған Сүйінішұлының поэзиясы номадтық жауынгерлердің сана сын, танымын көрсетеді, оның болмыс, тіршілік, өзін қоршаған, шырышы бұзылмаған табиғат туралы түсінігінен елец береді. Жырау киялының ұшқырлығы, кендігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен өсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі езіндік сипатқа толы болғанын танытады. Ұлттық бояуы ашық, ершіл романтикаға суарылған толғаныстары көркем тіркестерге өте бай Қазтуған Сүйінішұлы жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған. Қазтуған Сүйінішұлының Мадақ жиры, Туған жермен қоштасу тәрізді шығармалары қазақтың көне поэзиясының таңдаулы нұсқаларының қатарына жатады.
6 Сыпыра жырау XIV ғасырда Батыс Қазақстан еңірін жайлаған түркі тайпаларының ортасынан шыққан атақты жырау, ноғайлы-қазақ эпосының негізін салушылардың бірі. Сыпыра жырау шығармалары біздің заманымызға жетпеді, алайда оның кезінде Дешті Қыпшақтағы ең атақты сөззергері болғаны, мол мұра туғызғаны байқаллоды. Сыпыра жырау ел қамын жеген дана қария кейпінде қазақтың ескі батырлар жирының бірталайында бой көрсетті. Мысалы, Ер Тарғында Сыпыра жырау туралы: Бұл өз өмірінде толғау айтып, тоғыз хонды түзеткен кісі еді делінеді. «Телағыс» жирында Сыпыра жырау ноғайлы ішінде шыққан өзара қырқысты өршітпей, жеке басының беделімен, жирының күшімен жауласушы жақтарды бітістіреді. Ал Едіге жирында ол жүз секс венге келкен жұрт қамқоры, халықтың ақылшысы. Көптеген эпостық жырларда Сыпыра жырау айтыпты денег әр түрлі мазмұндағы толғаулар ұшырасады. Эпос кейіпкері Сыпыра жыраудың прототипі тарихи Сыпыра жырау екендігі жырланған. Қайткенде де, Сыпыра жыраудың өз тұсындағы және өзінен соңғы сахара сөз өнеріне елеулі ықпал еткенін аңғарамыз. Белгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың мұрагері санаған. Ал қарақалпақ елінің фольклор зерттеушілері Сыпыра жырауды қарақалпақ эпосының негізін салушы деп біледі.
7 Қалқаманұлы Бұқар жырау - қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Павлодар облысының Баянауыл ауданында ғұмыр кешкен, атақты Абылай ханның тұстасы. Әкесі аты аңызға айналған Қалқаман батыр. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Бұқар жырау Қалқаманұлы жасынан елке танылып, алғыр жырау ретінде атақ- даңқы ялты алашқа жайылғанға ұқсайды. Кейін оның хан сарайы маңында да беделді ақын, ақылшы би саналуы тегін емс еді. Ел өміріндегі ірі мәселелерді шешуде ерекше роль атқарған данышпан. Бұқар Жыpay арабша сауатты адам болған. Жыраудан қалған мол мұрадан бізге жеткені 1200 жол шамасында. Олар ХІХ- ХХ ғасырларда ел аузынан жиналған. Бұқар жырау шығармалары өткір әлеуметтік мазмұнымен суарылып отырған. Қалмақ басқыншылығы тұсында жырау шашырында елдің басын біріктіріп, қанқұйлы жауға тойтарыс беретін басшының қажеттігін түсіне білді. Ол Абылай ханға үлкен үміт артып, оның ел басқарудағы саясаты мен жорықтарын қолдады.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.