Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 6 лет назад пользователемАйдана Аскаровна
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Жаратылыстану-география факультеті Биология-экология кафедрасы Орал қаласы маңындағы нағыз тоқылдақтәрізділер (Picidae) тұқымдасының түрлік құрамы Дайындаған: « 5В Биология» топ студенті Қаташ Е.З Жетекші: жаратылыстану ғылым. магистрі, аға оқытушы Жароева А.Г. Орал, 2018
2 Зерттеудің өзектілігі Қанатты құстардың адам үшін маңызы зор. Елімізде мекендейтін құстардың басым бөлігі аңшылық үшін ауланады. Егістік, бау-бақша, орман зиянкестерімен қоректеніп, ауыл шаруашылығына айтарлықтай пайда тигізетіндері де баршылық. Құстар зиянкестердің жаңа жерлерге таралуын шектеп, зақымдалған орман массивтеріндегі олардың санын жояды. Сондай-ақ эстетикалық мәні де зор. Орал қаласы маңындағы нағыз тоқылдақтәрізділер тұқымдасының түрлік құрамын анықтап, экологиясын зерттеу, бұл құстардың орман шаруашылығындағы ролін терең ұғынуға мүмкіндік беруімен анықталады. Бұл тұқымдастың барлығы дерлік орман зиянкестерін құртып, қомақты пайда келтіреді. Тоқылдақ секілді орман құстары Орал маңындағы ормандарда маңызды рольге ие. Тоқылдақ кәсіптік құс түріне жатпайды және аңшылық нысан ретінде болған емес.
3 Зерттеудің мақсаты: Тоқылдақтар тұқымдасының морфологиялық және биологиялық ерешеліктерін анықтау; Тоқылдақтар тұқымдасының табиғаттағы маңызымен танысу Зерттеудің міндеттері: Орал қаласы маңында мекендейтін нағыз тоқылдақтар тұқымдасының морфологиялық, биологиялық ерекшеліктерімен танысу; Нағыз тоқылдақтар тұқымдасының, морфометриялық өлшемдерін алу, таралу аймақтарына зерттеу жүргізу, статистикалық сараптама жасау;
4 Тип тармағы: Омыртқалылар (Vertebrate) Класс: Құстар (Aves) Отряд: Тоқылдақтәрізділер (Picidaes) Тұқымдасы: Нағыз тоқылдақтар (Picidae) Ақжон тоқылдақ- Dendrocopus leucotos Үлкен шұбар тоқылдақ - Dendrocopos major Кіші тоқылдақ- Dendrocopus minor Қара тоқылдақ -Dryocopus martius
5 Дүниесі: Animalia Тип: Chordata Класс: Aves Отряд: Piciformes Тұқымдасы: Picidae Туыс: Dendrocopos Түрі: D. leucotos Ақжон тоқылдақ (Dendrocopus leucotos)- шұбар тоқылдаққа өте ұқсас, дене мөлшері де дәл сондай құс. Айырмашылығы- қанатында едәуір жалпақ ақ жолақтардың, бауыры шұбарланып, арқасының төменгі бөлігі және шапаншасының ақ теңбілді болуы ұшып жүргенде жақсы көрінеді. Ақжон тоқылдақ Орталық Еуропа және Балқан түбегінен Камчаткаға, Курилге, Жапонияға, Кореяға қарай жапырақты ормандарда тіршілік етеді. Ақжон тоқылдақтың Қазақстанда Жайық жағалауындағы орман алқаптарынан Елекке және Калмыковқа дейін кездеседі, солтүстік бөліктің ормандарында, орманды далада және Алтайда ұялайды. Өмір сүру дағдысы шұбар тоқылдақтарға ұқсас. Қазақстанда ұя салуы аз зерттелген.
6 Ақжон тоқылдақтың (Dendrocopus leucotos) Қазақстанда таралуы
7 Дүниесі: Animalia Тип: Chordata Класс: Aves Отряд: Piciformes Тұқымдас: Picidae Туыс: Dendrocopos Түрі:D. major Үлкен шұбар тоқылдақтың (Dendrocopos major) ареалы Еуразия аймағының аралас және жапырақты ормандарын, Британ аралынан және Скандинавиядан Камчаткаға, Курилге, Сахалинге, Жапония және Кореяға дейінгі аралықты қамтиды. Қазақстанда Жайықтың жапырақты ормандарын, Елек пен Қобда өзені бойын мекен етеді. Жайықтың орта және төменгі ағысы бойында ұялары салынған, оңтүстікке қарай Харькино елді мекеніне дейін тіршілік етеді. Үлкен шұбар тоқылдақ- өте сақ құс. Бөлек жұп болып ұя салады. Бұл пайдалы құс болып табылады. Қазақстанда 2018 жылдың құсы ретінде үлкен шұбар тоқылдақ болып таңдалды.
8 Үлкен шұбар тоқылдақтың (Dendrocopos major) Қазақстанда таралуы
9 Дүниесі: Animalia Тип: Chordata Класс:Aves Отряд: Piciformes Тұқымдасы: Picidae Туыс: Dendrocopos Түрі:D. minoor Кіші тоқылдақ (Dendrocopus minor)- дене бітімі және реңі бойынша үлкен тоқылдаққа өте ұқсас ең кішкене денелі (24-32 грамм) құс. Кіші тоқылдақ Еуразия мен Солтүстік Африканың жапырақты- және аралас ормандарында қоныстанады. Қазақстанда тек үш жерде ғана: Алтайда, Жайық өзенінің аңғарында және Көкшетау көтерілімінде ұялайды. Батыста Жайық өзенінің төменгі ағысы бойындағы жапырақты ормандарды, Бударинге дейін мекен етеді. Елек өзені бойындағы алқапта ұясы табылған. Кіші тоқылдақ өте ширақ құс. Ұялары ағаш қуысында болады.
10 Кіші тоқылдақтың (Dendrocopus minor) Қазақстанда таралуы
11 Дүниесі: Animalia Тип: Chordata Класс: Aves Отряд: Piciformes Тұқымдасы: Picidae Туыс: Dendrocopos Түрі: D. martius Қара тоқылдақ (Dryocopus martius)- Қазақстанда мекендейтін 8 тоқылдақтың ішіндегі ең ірі денелісі ( грамм). Басына ашық қызыл «телпегі» бар, денесі тұтасымен қара тоқылдақтардың біреуі. Еуразия қылқанды ормандарында, Корея, Солтүстік Жапония, Камчаткада, батыста Норвегияда, Солтүстік Испанияда және Балканда қоныстанады. Қазақстанда тек ғана Алтайда және республиканың солтүстігінде, Сауырда, Тарбағатайда, Алтайда, Марқакөл маңында, Катон –Қарағайда, Лениногорскде өмір сүреді. Кіші тоқылдақ ұя ареалы шегінде тіршілік етеді.
12 Қара тоқылдақтың (Dryocopus martius) Қазақстанда таралуы
13 Дүниесі: Animalia Тип: Chordata Класс: Aves Отряд: Piciformes Тұқымдасы: Picidae Туыс: Picus Түрі: P.Canus Боз тоқылдақ (Picuscanus) -«жасыл тоқылдақтар» туысының Қазақстандағы жалғыз өкілі болып табылады. Бұл құстың дене мөлшері орташа болып келеді ( г). Жабынының қауырсындары бірыңғай реңкті сұрғылт жасыл түсті, ашық сұр түсті басында (сондықтан боз тоқылдақ атауы берілген) қызыл телпегі бар. Боз тоқылдақ Азия мен Еуропаның аралас және жапырақты ормандарында қоныстанады. Суматра, Үндіқытай, Непал, Қытай, Корея, Солтүстік Жапония ормандарында мекендейді. Қазақстанда Алтайда, Жайық аңғарында, Еділ сағасы бойымен әрі қарай Днепропетровск, Солтүстік Румыния, Югославия, Швейцарияға дейін қоныстанған.
14 Боз тоқылдақтың (Picuscanus) Қазақстанда таралуы
15 Зерттеу әдістері Біздің жүргізген зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты – өлкемізде, яғни Орал қаласы маңында кездесетін нағыз тоқылдақ тәрізділер тұқымдастарының түрлік құрамын анықтау, санын, зерттеу болып табылады. Осы зерттеу жұмысы кезінде құстардың санын зерттеудің оңай емес екеніне көз жеткіздік. Сол себепті құстарды зерттеудің арнайы әдістері пайдаланылды. Олар: нүктелік және морфологиялық көрсеткіштерін талдау әдістері
16 Морфометриялық өлшемдер жүргізу барысы
17 Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша 6 сыныпқа өткізілген сабақтан тыс жұмыстан көріністер
18 Қорытынды Тоқылдақ отрядында 207 түрді қамтитын туыс бар. Қазақстанда 5 туыстан 8 түр кездеседі. Орал қаласы маңындағы нағыз тоқылдақтәрізділер (Picidae) тұқымдасының 5 түрі кездеседі. Қара тоқылдақ (Dryocopus martius L.), Ақжон тоқылдақ (Dendrocopos leucotos), Үлкен шұбар тоқылдақ (Dendrocopos major L.), Боз тоқылдақ (Picuscanus), Кіші тоқылдақ (Dendrocopus minor) Егістік, бау-бақша, орман зиянкестерімен қоректеніп, ауыл шаруашылығына айтарлықтай пайда тигізеді. Құстар зиянкестердің жаңа жерлерге таралуын шектеп, зақымдалған орман массивтеріндегі олардың санын жояды.
19 Пайдаланылған әдебиеттер 1.Жизнь животных. Т.5. Птицы/ Под ред. Н.А. Гладкова, А.В.Михеева.- М.: Просвещение, с. 2.Наумов С. П. Зоология позвоночных. 4-е изд.- М: Просвещение, с.
20 Назарларыңызға рахмет!
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.