Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 6 лет назад пользователемСалтанат Айтжан
1 Өткенді қайталау
3 Мәліметтерді өңдеу дегеніміз не? Мәліметтерді өңдеу компьютер арқылы мәліметтерді түрлендіруге бағытталған іс-әрекеттер жүйесі және мәліметтерді сақтауға, іздестіруге, сұрыптауға, қайта пішімдеуге байланысты операциялар жиыны.
4 Электрондық кесте дегеніміз не? Электрондық кесте кесте түрінде берілген мәліметтер жиынын компьютердің көмегімен автоматты түрде жылдам өңдеуге арналған программалар тобы.
5 Мәліметтерді өңдеудің қандай тәсілдері бар?
6 Сүзгіні Мәліметтер бөлігіне бармай басқаша қалай шақыруға болады? Ctrl+Shift+L
7 Диаграмма дегеніміз не? Мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі
8 Ұяшық дегеніміз не? Бағана мен жолдың қиылысқан орны
9 MS Excel электрондық кестесі мен MS Word мәтіндік процессорының айырмашылығы қандай? MS Word – мәтіндік құжаттармен, ал MS Excel кесте түрінде берілген мәліметтермен жұмыс істеуге арналған.
10 MS Excel электрондық кестесінің негізгі ұғымдарын атаңыз Қатар – электрондық кестедегі горизонталь жол, максимал саны – , жұмыс аймағының сол жақ шекарасында араб цифрларымен нөмірі белгіленген. Бағана – электрондық кестедегі вертикаль жол, барлық саны – 16384, жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында латын әріптерімен белгіленген. Ұяшық – бағана мен қатардың қиылысқан жері, адресі бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұрады, мысалы: В3. Блок – тіркесе орналасқан ұяшықтардың төртбұрыш аймағы (диапазон), мысалы: В5:D8.
11 Мәліметтер қорының құрылымы. МҚБЖ Accеss объектілері
12 Мәліметтер қоры (базасы) – ұзақ мерзімге сақтауға, өңдеуге және күнделікті қолдануға арналған деректердің (мәліметтердің) реттелген жиынтығы және мәлімет сақтауға мүмкіндік беретін информациялық модель.
13 Microsoft Acces- MS Access ең кең тараған деректер басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады. Access маңызды ақпаратты бақылау үшін пайдалануға болатын дерекқор бағдарламасын құрастыру және қолдану құралы.
14 1992: Access 1.0 Windows 3.0Windows : Access 2.0 Windows 3.1x (Office 4.3)Windows 3.1xOffice : Access 7 Windows 95 (Office 95)Windows 95Office : Access 97 (Office 97)Office : Access 2000 (Office 2000)Office : Access 2002 (Office XP)Office XP 2003: Access 2003 ( Microsoft Office 2003)Microsoft Office : Microsoft Office Access 2007 (Microsoft Office 2007)Microsoft Office : Microsoft Office Access 2010 (Microsoft Office 2010)Microsoft Office : Microsoft Access 2013 ( Microsoft Office 2013)Microsoft Office : Microsoft Access 2016 (Microsoft Office 2016)Microsoft Office 2016
15 Деректер базасы – бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*.mdb) сақталынатын файл (құжат). Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгізілінеді, сұрыпталынады, сүзгілеу жүргізілінеді, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшіріледі. Деректер базасындағы бағандар өрістер, ал жолдар – жазулар деп аталады.
16 Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құрылғылар кешені.
17 MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компонеттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер.
18 MS Access-ті іске қосу: Пуск – Все программы – MS Office – MS Access
19 Тақырып жолы Стандартты қатар Терезені басқару элементтері Меню қатары
21 Құрылатын кестенің мынадай атрибуттары болады: Өріс атауы, мәліметтер типі (түрі), сипаттама. Өріс атауы (Имя поле) – кестенің өріс атаулары бағанында енгізіледі. Өріс атауы бос орыннан басталмауы тиіс. Бір кестедегі екі өріс бір атаумен аталмайды. Мәліметтер типі (Типы данных) – мәліметтер типін айқындауға деректер типі пайдаланылады. Сипаттама – өріс қызметіне түсініктеме беру.
22 Кестеде келесі өрістер бар : Мәтіндік (Текстовый) – мәтіндік ақпаратты сақтау үшін қажет. МЕМО өрісі (поле МЕМО) – үлкен көлемдегі мәтіндерді сақтай алады. Сандық (Числовой) – сандық мәліметтерді сақтау үшін қажет. Дата/уақыт (Дата/время) - күн/ ай/ жыл форматында мерзімді және сағат/ минут/секунд форматында уақыт мөлшерін сақтау үшін қажет. Ақшалай (Денежный) – ақшалай көрсетілген ақпаратты енгізу үшін қажет. Жалпы оларды сандық типтегі өріске де енгізуге болады, дегенмен осы типте жұмыс істеу ыңғайлы. Санауыш (Счетчик) – жазбалар реттік нөмерін анықтау үшін қолданылады. Автоматты түрде бірден басталып, жазбаларды қайталанбайтын осы өріс мәні арқылы анықтап отыру үшін қажет. Логикалық (Логический) – логикалық мәліметтерді (Иә/жоқ, 0/1, Ақиқат/Жалған, т.с.с) сақтау үшін керек. OLE объектісі – OLE технологиясын сүйемелдейтін құжатарды, кестелерді, графиктерді және басқа объектілерді сақтау үшін қолданылады.
25 Сөзжұмбақ сұрақтары: 1. Мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі 2.Бағандық диаграмманың басқаша атауы 3.Деректер базасындағы жолдар не деп аталады? 4.Excel жадында сақталған арнайы формула не деп аталады? 5.Мәліметтерді сүзгілеу үшін нені пайдаланады? 6.Excel қандай бағдарлама? 7.Ең кең тараған деректер базасын басқару бағдарламасы
26 Сабақты бекіту сұрақтары: 1.Мәліметтер базасы дегеніміз не? 2.Access-те тізім немесе мәліметтер базасын құру үшін қандай терминдер қолданылады? 3.Жазба, өріс дегеніміз не? 4.Деректер базасын қандай форматта сақтаймыз?
27 Үйге тапсырма МS Access бағдарламасы бойынша кез келген мәлімет жазып келу.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.