Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 6 лет назад пользователемМадина Анисова
1 Тақырыбы: Еңбек құқығы Кафедра: СГД
2 Еңбек құқығы (ағыл. labour law) - Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы. Еңбек құқығы: жұмыскер мен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді; өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы; еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар; еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша қатынастар
3 Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой және рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың нәтижесінде материалдық, рухани және санаткерлік құндылықтар жасалады. Еңбектің екі түрін ажыратып алған жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек және жалданбалы еңбеқ. Дәл осы жалданбалы еңбек – жұмыс берушімен қатынасқа түсуді еңбек құқығы реттейді. Сонымен қатар, меншік иелері мен меншік иесі емес тұлғалардың ұжымдық еңбегін көздейтін еңбектің үшінші түрі – аралас нысандағы еңбекте болады. Еңбек құқығы тек жалданбалы еңбекке негізделетін еңбек қатынастарын ғана реттейді. Дербес еңбекке негізделген еңбек қатынастары (меншік иелерінің еңбегі) еңбек құқығының пәніне кірмейді. Сонымен, еңбек құқығының пәні болып тек еңбек емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары және олардан туындайтын, еңбекке қатысы бар қатынастар да табылады.
4 Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілермен сипатталады: 1) еңбек үрдісінде туындайды және дамиды. Қызметкер өзіне жүктелген белгілі бір еңбек функциясын орындайды. Еңбек қатынастары – бұл ұзак уақытқа созылатын қатынастар. 2) еңбек қатынастары – бұл нәтижесінде жұмыс беруші еңбек өнімін, ал қызметкер еңбек шартының жағдайларына қарай белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар. 3) еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады, еңбек және еңбек қатынастары мәжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайын және т.б. тандай алады. 4) қызметкердің еңбек тәртібіне бағына отырып еңбек ұжымына қосылуын білдіреді. Бұл дегеніміз, еңбек белгілі бір ішкі еңбек тәртібі жағдайында жүргізіледі. Ішкі еңбек тәртібінің өзіне тән элементі болып қызметкердің еңбек қызметі үрдісінде жұмыс берушінің, тікелей басшылықтың өкіміне бағынуы табылады. Бұл элемент еңбекпен байланысты өзге қоғамдық қатынастарда көрініс таппайды. Бұл кезде орындаушы еңбек режиміне бағынуға емес, өнімді уақтылы және сапалы дайындауға міндетті.
5 5) еңбек қатынастары ерекше заңды фактпен – еңбек шартымен, келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен байланысты. 6) мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа тікелей қатысудың қажеттігімен байланысты. 7) жұмысқа іс жүзінде қабылданған кезден басталады. Еңбек құқығы қатынастарында жұмысқа қабылдау бұйрықпен рәсімделеді және қызметкерді кәсіпорынның штатына тұрақты, уақытша немесе маусымдық жұмысқа алумен жүзеге асырылады. 8) қызметкерге оны жұмыстан босату жөнінде бұйрық жарияланған және оның қолына еңбек кітапшасы берілген кезде тоқтатылады.
6 Еңбек құқығының түсінігі және жеке еңбек шартының ұғымы. Еңбек құқығы азаматтардың еңбек бостандығына конституциялык құқығын іске асыру барысында, жұмыс беруші мен кызметкердің арасында, жеке, ұжымдық және басқа шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін тараптардың жүзеге асыруы кезінде туындайтын еңбек катынастарын реттеуші саласы. Әркімнің де өзінің еңбек құқықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Жынысына, жасына, нәсіліне. ұлтына, тіліне, мүлік пен кызмет жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне, азаматтыққа, қоғамдық бірлестіктерде болуына, сондай-ақ қызметкердің іскерлік қабілеті мен оның еңбегінің нәтижелеріне байланысты болмайтын басқа да мән-жайларға қарамастан, ешкімнің де еңбек құқықтары шектелуге немесе оларды іске асыруда қандай да бір артықшылықтар алуға тиіс емес. Қазақстан Республикасының еңбек кодексі еңбек катынастарының ең төменгі стандарттарын белгілейді, олар жеке еңбекпен және (немесе) ұжымдық шартта жақсы жакқа өзгеруі мүмкін және қажет. Басқа нормативтік құқықтық, актілермен реттелетін қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасындағы еңбек кодексінде белгіленген стандарттан төмен болуы тиіс емес. Жеке еңбек, ұжымдық шарттардың мәмілелері, егер олар заңдылықтарға кайшы келмейтін болса, тараптардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
7 Ұжымдық шарт жазбаша шарт түрінде әзірленген, бір немесе бірнеше жұмыс берушілер (олардың өкілдері) және бір немесе бірнеше кәсіптік одақтардың мүшесі болып табылмайтын, келіссөздер жүргізу үшін өз ұйымын құрған қызметкерлер қол қойған құқықтық акт. Жеке еңбек шарты жазбаша түрде, кемінде екі дана етіп, жұмыс беруші мен қызметкердің арасында жасалынған екі жакты келісім. Ол бойынша қызметкер белгілі бір мамандык, біліктілік немесе қызмет бойынша, жұмыс берушінің актісін орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші кызметкерге дәл уақытында және толық көлемде жалақысын және баска заңдылықтармен және тараптардың келісімен қарастырылған ақшалай өтемдерді төлеуге, еңбек туралы заңдылықтармен және ұжымдық шартпен еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Жеке еңбек шарты : а) белгісіз мерзімге, ә) белгілі бір мерзімге, б) белгілі бір жұмысты орындау уақытында немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін. Егер жеке еңбек шартында оның орындалу мерзімі жазылмаса, онда ол белгісіз мерзімге жасалынған болып есептелінеді.
8 Жеке еңбек шартын он алты жасқа толған адамдармен жасауға жол беріледі. Ата-анасының бірінің (қорғаншының, қамқоршының) келісімімен жеке еңбек шарты оқудан бос уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушымен жасалуы мүмкін. Сондай-ақ жеке еңбек шарты ата-аналарының келісімімен, егер олар орта білім алған болса, он бес жасқа толған тұлғалармен де жасалуы мүмкін. Ата-аналардың (қорғаншының, қамқоршының) келісімі жазбаша түрде беріледі, бұл жағдайда ата-аналар (қорғаншылар, қамқоршылар) жеке еңбек шартына кәмелетке жасы толмаған тұлғамен бірге қол қояды. Қызметкердің еңбек функциясын орындай бастауы шартта белгіленген жұмыстың басталу датасы болып есептелінеді. егер жұмыс беруші тарапынан тиісті дәрежеде жеке шарт болмаған немесе әзірленбеген жағдайда. жеке еңбек шартының мерзімі еңбекке нақты жіберілген сәтінен басталады. Жеке еңбек шарты жасалынғаннан кейін жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа алу туралы бұйрық жазуға міндетті, онымен қол қою арқылы танысады.
9 Жеке еңбек шарты: 1) мерзімінің бітуі бойынша; 2) тараптардың еркіне байланысты емес мән-жайлар бойынша: -қызметкерді әскери қызметке шақырған кезде; - сот үкімінің заңды күшке енген кезінде; - қызметкер қаза болған жағдайда; - сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі кабілетсіз деп таныған жағдайда тоқтатылуы мүмкін
10 Жұмыс уақыты. - Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындауға міндетті уақыт жұмыс уақыты болып есептеледі. -Жұмыс уақытының калыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Жеке еңбек шарттарында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы азырақ көзделуі мүмкін. -Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы: -он төрт жастан он алты жасқа дейігі кызметкерлер үшін аптасына 24 сағаттан; он алтыдан он сегіз жасқа дейін аптасына 36 сағаттан аспайтын; -ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зияиды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді. -жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартуға құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен қызметтердің тізімін, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және(немесе) ауыр (өте ауыр), қауіпті (өте қауіпті) жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
11 Қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді, бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы жұмыс берушінің актісімен немесе жұмыстың ерекшелігін, еңбек ұжымының пікірін ескеріп және жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс беруші бекітетін ауысым кестесімен белгілейді. Өндірісінің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз ұйымдарда бір күндік демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзактығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан аспауға, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда - 4 сағаттан аспауға тиіс. Бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын еңбек немесе ұжымдық шарттардың талаптарымен жұмыс беруші белгілейді. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептеледі. Жүкті әйелдерді түнгі уақытта жұмыс істеуге тартуға олардың келісімімен ғана жол беріледі. Түнгі уақытта жұмыс істеуге он сегіз жасқа толмаған адамдар мен түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді.
12 Қызметкердің келісімінсіз мерзімнен тыс жұмыстарға ерекше жағдайларда ғана: 1) елдің қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды немесе дүлей апаттарды, өндірістік аварияларды болғызбау немесе олардың зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде; 2) сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, жылыту, жарық беру, канализация, көлік, байланыс жөніндегі қоғамдық кажетті жұмыстарды жүргізу кезінде олардың дұрыс жұмыс істеуін бұзатын кездейсоқ немесе күтпеген жағдайларды жою үшін; 3) егер жұмыс үзілісті көтермейтін болса, ауыстырушы қызметкер келмей калған кезде жұмысты жалғастыру үшін жол беріледі.
13 Демалыс уақыты. Күндедікті жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс берілуге тиіс. Бұл үзіліс жұмыс уақытына енгізілмейді және қызметкер оны өз қалауы бойынша пайдаланады. Үзіліс беру уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жұмыстардың тізбесі, демалу және тамақтану тәртібі мен орны жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді. Арнаулы үзілістер. Жылдың суық мезгілінде ашық далада, жылу берілмейтін жабық үй- жайларда жұмыс істейтін, жүк тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге жылыну және демалу үшін арнаулы үзілістер беріледі. Арнаулы үзілістер жұмыс уақытына қосылады. Күн сайынғы демалыстың ұзақтығы. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде (ауысымда) басталуы арасындағы қызметкердің күн сайынғы демалысының ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауға тиіс.
14 Демалыс күндері. Қызметкерлерге демалыс күндері (апта сайынғы үзіліссіз демалыс уақыты) беріледі. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына - екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі. Жалпы демалыс күні жексенбі болып есептеледі. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісімен немесе жұмыс кестесі мен белгіленеді, екі демалыс күні де әдетте қатарынан беріледі. Мерекелік күндер жұмыс күндеріне сәйкес келген жағдайда және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндері басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы. Өндірістік-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үнемі үзіліссіз қызмет көрсету қажет болуы себепті демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарда, сондай-ақ үзіліссіз өндіріс жүргізетін ұйымдарда жұмыс берушінің актісімен бекітілген ауысым кестесіне сәйкес, қызметкерлердің әрбір тобына демалыс күндері аптаның әртүрлі күндерінде кезекпен беріліп отырады.
15 Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы. Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істеушілерге жұмыс орны (қызметі) мен орташа жалақысы сақтала отырып, ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына кепілдік беріледі. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі. Егер басқа нормативтік құқықтық актілерде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде кызметкерлердің жекелеген санаттары үшін өзгеше көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік он сегіз күн болатын жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі. Ақы төленетін жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптер мен қызметтердің тізбесіне сәйкес ауыр дене жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге беріледі. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын берудің талаптар мен тәртібі жеке еңбек, ұжымдық шарттармен белгіленеді. Қатарынан екі жыл бойы еңбек демалысын бермеуге тыйым салынады. Еңбек демалысы күндеріне дәл келетін мереке күндерін есептемегенде, жыл сайынғы еңбек демалыстарының ұзақтығы, қолданылып жүрген жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, күнтізбелік күндермен есептеледі.
16 Жалақы және еңбекті нормалау. Жалақы дегеніміз еңбек үшін оның күрделілігне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйақы (табыс). Жұмыс беруші еңбек кодексі, жеке еңбек, ұжымының шарттарға сәйкес қызметкердің еңбегіне ақы төлеуге міндетті. Қызметкерлердің еңбегіне акы мерзімдік, кесімді түрде немесе еңбекке ақы төлеудің өзге де жүйелері бойынша төленеді. Ақы төлеу еңбектің жеке және/немесе ұжымдық нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін. Қызметкердің жалақысы орындалатын жұмыстың саны мен сапасына, күрделілігіне қарай белгіленеді. Қызметкерлердің өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыруға материалдық мүдделілігін күшейту үшін жыл ішіндегі жұмысының қорытындысы бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесі және материалдық көтермелеудің басқа да нысандары енгізілуі мүмкін. Ұйымдарда еңбекке ақы төлеу жүйесі ұжымдық шарттармен немесе жұмыс берушінің актілерімен белгіленеді.
17 Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігі жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің біліктілік анықтамалығы, қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы негізінде белгіленеді. Аталған анықтамалықтарды әзірлеу мен қолданудың тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Орындалған жұмыстарды белгілі бір күрделі жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге біліктілік разрядтарын беруді жұмыс беруші жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің біліктілік анықтамалығына және қызметшілер лауазымдарының анықтамалығына сәйкес дербес жүргізеді. Жалақының мөлшері. Жалақының мөлшерін жұмыс беруші дербес белгілейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем болмауы керек. Белгілі бір ұйымда өзінің жеке еңбек шартымен келісілген негізгі жұмысымен қатар өзінің негізгі жұмысынан босатылмастан басқа қызмет немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеті бойынша қосымша жұмысты орындайтын қызметкерлерге косымша ақы төленеді. Қызметтерді қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені) немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақылардың мөлшерін қызметкердің келісімі бойынша жұмыс беруші белгілейді.
18 Мерзімнен тыс жұмысқа ақы бір жарым есе мөлшерден кем төленбейді. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы екі еседен төмен болмайтын мөлшерде төленеді. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмыстарға төленетін өтемақы қызметкердің тілегі бойынша қосымша демалыс күнімен ауыстырылуы мүмкін. Түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына ақы бір жарым есе мөлшерінен кем төленбейді. Бос тұрып қалған уақытқа ақы төлеу. Жұмыстың бос тұрып қалған уақытына ақы төлеудің тәртібі мен талаптары жеке еңбек немесе ұжымдық шарттармен белгіленеді. Қызметкердің кінәсінен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиіс. Еңбек нормалары. Еңбек нормалары (жұмыс істеу, уақыт, қызмет көрсету нормалары) еңбек шығынының өлшемі болып табылады және қызметкер үшін техниканың, технологияның, еңбек өндірісін ұйымдастырудың қол жеткен деңгейіне сәйкес белгіленеді.
19 Назарларынызға рахмет!
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.