Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 6 лет назад пользователемАйка Арман
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ Дәрілік технологиялар кафедрасы Презентация Тақырыбы: Саңырауқұлақтардың морфологиясы мен физиологиясы.. Орындаған: Әбілова А. Тобы: 204 ФК «Б» Қабылдаған: Алимжанова Г.Т. Шымкент 2016 жил
2 Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 2.1. Саңырауқұлақтар морфологиясы Саңырауқұлақтар систематикасы Саңырауқұлақтар физиологиясы. ІІІ. Қорытынды IV. Пайдаланған әдебиеттер
3 Кіріспе Саңырауқұлақтар – төменгi сатыдағы эукариот тар, тiрi организмдер дүниесi. Саңырауқұлақтардың ерекшелiгi - өсiмдiк белгiлерiнiң (қозғалмайтындығы, шексiз өсуi, витаминдердi синтез дэу қабiлетi, клетка жарғақшасының болуы), жануарлар белгiлерiнiң (гетеротрофы коректену, клеткалық жарғақшада хитиннiң болуы, гликогеннiң болуы) болуында.
4 Саңырауқұлақтарды зерттеумен, алғашында ботаниканың бiр салаты болған – микология ғылымы айналысады. Микологияның негiзiн салушы деп саңырауқұлақтардың классификация сын жасаған және олардың көбею механизмiн зерттеп сипаттаған немiс биологы Генрих Антон де Баридi (1831 – 1888) атауға болады. Өсiмдiктердiң ауруын қоздыратын саңырауқұлақтарды зерттеуде Бари қыналар саңырауқұлақтар клетка лары мен балдырлардан тұратынын дәлелденег.
5 Саңырауқұлақтар хлорофилі жоқ, цитоплазмасында оқшауланған (немесе бірнеше ядросы), серпінді(ригидті) жасуша қабаты, көптеген вакуольдері, рибосомалары және басқа органеллалары бар біржасушалық немесе көпжасушалық эукариоттық микроорганизмдерге жатады. Олардың өсімдіктерге үлкен ұқсастығы бар, денегмен кейбір метоболизмдік үрдістері жануарлар жасушасына жақындатады.
6 Саңырауқұлақ денесі ( таллом-қабықшалар) мицелий болып табылады. Олар перделері бар немесе жоқ, бұтақша жайылған түтікшелер тәрізді және бүршіктенген аваль, дөңгелекше пішінді жасушалардан тұратын гифалар.
7 Құрылымына байланысты саңырауқұлақтар 2 топқа бөлінеді: Гифалылар немесе мицелийлілер (зең саңырауқұлақтар) Бүршіктенушілер ( ашытқылар, ашытқытәрізділер)
8 Морфологиялық және физиологиялық қасиеттеріне қарай саңырауқұлақтарды негізгі бес класқа бөлуге болады. Олар: архимицеттер, фикомицеттер, аскомицеттер, базидиомицеттер және жетілмеген саңырауқұлақтар.
9 Архимицеттер. Бұлардың ерекшелігі, мицелийі болмайды, бокса да ол нашар жетілген, 300-ден астам түрі бар. Көбіңесе жыныссыз жолмен көбейеді. Споралары спорангий де түзіледі.Бұл саңыраукұлактардың бірқатары жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктерді закымдайды.
10 Фикомицеттер. Мицелийі жақсы жетілген бір клеткалы саңырауқұлақтар, жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Жыныссыз жолмен көбейгенде спорангий де споралар түзіледі Ал жынысты жолмен көбейгенде зооспоралар пайда болады, оның 700 ге жуық түрі бар. Бұл класқа табиғатта кең тараған мукор саңырауқүлағы жатады.
11 Аскомицеттер. Бүлардың көп клеткалы мицелийлері бар. Бұл кластың 20 мыңнан астам түрі белгілі. Аскомицеттерге аспергиллус, пенициллом, склеротиния т. б. жатады. Ашытқы саңырауқүлақтары да осы кластың өкілі. Ашытқы саңырауқүлақтары бір клеткалы қозғалмайтын және бактериялардан шамамен алғанда он соседей ірі микроорганизмдер. Табиғатта бұлар кең тараған. Клетка пішіні әр түрлі: дәңгелек, сопақша және таяқша тәрізді болады. Ашытқы саңырауқүлақтары клеткасының мелшері 810 микронға тең. Оларда қозғалу органеллалары болмайды. Ашытқы саңырауқүлақтарын адам баласы қолдан өсіріп, өз шаруашылығында пайдаланады. Ал, табиғатта жабайы ашытқы саңырауқұлақтар да болады. Олар ауыл шаруашылық өнімдерін зақымдап едәуір зиянын тигізеді.
12 Аскомицеттер
13 Базидиомицеттер өте үлкен класс. Базидиомицеттердің көп клеткалы мицелийлері бар. Олар базидиоспоралар арқылы жынысты жолмен, конидийлер арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Оған 20 мыңнан астам саңырауқүлақтардың түрлері біріктіріледі. Оларға қалпақты саңырауқүлақтар, үй саңырауқүлағы, трутовик тер, кара күйе және дат саңырауқүлақтары жатады.Қалпақты саңырауқұлақтардың қалпағыньщ астыңғы жағьшда ұсақ, жұқа қатпарлары немесе түтікшелері бар. Осы қатпарлардың бетінде немесе түтікшелердің ішінде базидийлер орналасады. Қалпақты сақырауқұлақтардың ішінде улы түрлері де бар (мухомор, сүр поганка т. б.).
14 Жетілмеген саңырауқұлақтар. Топыракта және суда жоғарыда аталғандармен қатар микроскоп тык жетілмеген саңырауқұлақтарда көп кездеседі. Олар көп клеткалы мицелийі бар жыныссыз жолмен көбейетін организмдер. Бүл табиғатта кең тараған. 25 мыңнан астам түрі бар. Олар түрлі тағамдарды көгертіп, мәдени дақылдарды зақымдайды. Олардың негізгі өкілдеріне фузариумды, ботритисті, альтернарияны т. б. атауға болады.
15 Фузариум негізінен астық түқымдастарды, жемістерді және көкеністерді зақымдайды. Осы саңырауқүлақ қоздыратын ауруды фузариоз деп атайды. Ол өсімдіктердің тамары мен сабағын бүлдіреді, соның салдарынан өсімдіктер қурап қаллоды. Фузариоз ауруына шалдыққан дәннен жасалған нанди пайдалануға болмайды. Одан адам уланып қалуы мүмкін.
16 Фузариум
17 Сондай-ақ саңырауқұлақтар жеуге жарамды және улы деп бөлінеді. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар жоғары сатыдағы ағзалар. Оларды «өсімдік еті» денег атпен бағалы тағамдардың қатарына қосады. Оның құрамындағы 10-20% құрғақ затының 2-4%-ы нәруыз, 1%-ы май болады. Құрамында қантты затрат да кездеседі. Бұл затрат саңырауқұлақтың дәмін жақсарта түседі. Жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды улы саңырауқұлақтардан ажырата білу керек. Жауынды жил мезгілдерінде саңырауқұлақтардың қандай түрін бокса да кездестіруге болады. Солардың ішінде жеуге жарайтын саңырауқұлақтың 100-ге жуық түрі бар. Майқұлақ, ойысқұлақ, түлкіжем, қозықұйрық, бүріскі (сморчок) саңырауқұлақтары жеуге жарамды.
18 Улы саңырауқұлақтарға шыбынжұт (мухомор), боз арамқұлақ (поганка), жалған түбіртек (ложный опенок), жалған түлкіжем (ложная лисичка) және т.б. жатады. Шыбынжұт саңырауқұлағының құрамында шыбынды өлтіретін улы зат «мускарин» алкалоиды болатыны анықталды. Көбінесе шырша, қарағай, балқарағай ормандары мен қайың ағаштарының жарық көп түсетін ашық алаңдарда өседі. Улы, тез әсер етеді, адам тұншығып, тыныс алуы нашарлайды, сіңірі тартылып талып қаллоды. Бозарған арамқұлақ дүние жүзі статистикасы бойынша ең көп ажалды улану туғызатын саңырауқұлақ.
19 бозарамқұлақЖалған түлкіжем
20 Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар микоз дар деп аталлоды.Аурулардың атаулары кейде патологиялық үрдістің орналасуына (теріде-дерматомикоз дар,өкпеде-пневмомикоз дар т.б)кейде-қоздырғыштардың түрімен(мукоромикоз,аспергиллез, трихофития т.б)байланысты. Микоздарға диагноз қою үшін микроскопиялық,серологиялық,биологиялық,және гистологиялық әдістер қолданылады.Патогенезіне баиланысты зерттеу материалдары:ірің,қақырық,зақымдалған шатер,тырнақ,ликвор,лимфа түйіндері мен ішкі мүшелер,қан,өт, нәжіс,тіннің биопаттары және т.б. Микоздардың биологиялық үлгісін қоздырғыштырдың патогендігін,таза дақылды бөліп алу және жаңа микоз дарға қарсы препараттарды зерттеу ушін қолданады.
21 ҚОРЫТЫНДЫ Саңырауқұлақтар табиғаттағы зат алмасу процесінде ерекше орын аллоды. Олар органикалық затратды ыдыратын минералды затратға айландырады. Әсерісе, өсімдіктердің қалдықтарын шірітіп, топырақта қарашіріндінің түзілуін қамтамасыз етеді. Нан лабуда, спирт алуда, шарап, сыра, квас, ашытуда кеңінен пайдаланылады. Сонымен бірге ашытқы саңырауқұлақтары тамаққа, малға азық ретінде және емдік өнім ретінде пайдаланылады. Қалпақты саңырауқұлақтар тамаққа жиі пайдаланылады. Антибиотик ретінде де қолданылады. Зең саңырауқұлағынан пенициллин антибиотигі алынады. Аспергилден лимон қышқылы өндіріліп, медицинада, өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Өсімдіктерді тез өсіретін белсенді зат - гиббереллин, зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын боверинде саңырауқұлақтардан алынады. Саңырауқұлақтардың пайдалы жақтары толық анықтауды қажет етеді.
22 Пайдаланылған әдебиеттер 1. Микрооргонизмдер морфологиясы (оқу әдістемелік құрал) Б.А.Рамазанова, А.Л.Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, Б.М.Хандиллаева, Г.Р.Амзеева. (А.Л.Котованың ред.).-Алматы, б. 2. Медицинская микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.); ҚР Білім және ғылым министрлігі.-Алматы: «Print-S», экз. 3. У.Т. Арықпаева., А.Н. Саржанова., Е.Х. Нуриев. Медициналық микробиология оқу құралы 1-2 том.-Қарағанды
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.