Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 6 лет назад пользователемassem bakhtygaly
1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ КАФЕДРАСЫ «Балалар әдебиеті» пәні 5B «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», 5В «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының студенттеріне арналған Жалпы көлемі: 3 кредит Сабақтың түрлері: дәріс, практикалық сабақтар, СӨЖ, ОСӨЖ
2 Балалар әдебиеті курсын оқыту өз алтына төмендегідей мақсат қояды: қазақ мәдениетінің құрамдас озық үлгілерін құрайтын қазақ әдебиетінің негізгі бір бөлшегі саналатын балалар әдебиетіндегі әдеби шығармалармен таныстыру, оларды талдай, саралай білуге үйрету; балалар әдебиетінің бастау арналарына ден қою; балалар әдебиетінің халық ауыз әдебиетімен бірлікте екендігіне көз жеткізу; әрбір тарихи кезеңдердегі балалар әдебиетінің даму сатыларын бажайлау, осы тұстағы әлеуметтік - қоғамдық ахуалға байланыстылықтың ара жігін аңғару; қазақ балалар әдебиетін қалыптастырушыларға, руханият мәселесіне назар аудару; балалар әдебиеті шығармаларының жанрлық ерекшеліктерін таныту;
3 Бұл пәнді білу өз алтына мынандай міндеттер қояды: балалар әдебиеті қамтитын ауыз әдебиеті үлгілері, осы кезең әдебиетінің дамуы, қалыптасуы туралы, ақын-жазушылар, олардың еңбектері хақында терең білім беру; балалар әдебиетіне тән ерекшеліктер мен заңдылықтарды түсіне, ажырата, саралай білуге машықтандыру; балалар әдебиеті - халық ауыз әдебиетінен нәр алған әдебиет екендігін түсіндіру; балалар әдебиетін жасаушы әрбір ақын-жазушының шығармашылығына сын көзбен қарай білуге, талдай, бұл тұрғыдағы өз ойын сайта білуге үйрету; болашақ мамандығына сәйкес сөздік қорын байытып, қалыптастыру дағдысына баулу; балалар әдебиеті - тәрбие құралы екендігіне көзқарастарын қалыптастыру.
4 Пәннің құрылымы: Модуль 1: Қазақ халқының ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы Балаларға арналған қазақ фольклорының түрлері, сәбилік ғұрып жырлары. Тұрмыс-салт жырлары. Қазақ ертегілері, оның түрлері. Қазақ эпосы.
5 Модуль 2: XIX ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы, оның поэзиясының балалар әдебиетінде алатын орны. А.Құнанбаев творчествосының қазақ балалар әдебиетінде алатын орны. Ы.Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік мәні. Пәннің құрылымы:
6 Модуль 3: XX ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті Қазақ кеңес балалар әдебиетінің дамуы Б.Соқпақбаев – балалар жазушысы М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Ә.Дүйсенбиев – қазақ балалар ақындары Пәннің құрылымы:
7 Модуль 4: Орыс және әлем халықтары балалар әдебиетінің озық шығармалары Аударма балалар әдебиетінің ерекшеліктері. Әлем әдебиетіндегі ертегілер жанры. Орыс балалар әдебиетінің қазақ әдебиетімен байланысы. Пәннің құрылымы:
8 Оқытудың формалары мен әдістері: түсіндірмелі-иллюстративті, проблемалық әдіс, шығармашылық байқаулар, әдеби кештер, тестілеу, пікірталас және т.б.
9 Оқытудың техникалық құралдарын қолдану: интерактивті тақта; электрондық оқулықтар; дәріс материалының слайд-презентациялары
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.