Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 6 лет назад пользователемZhanar Abdukarimova
1 Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай- ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән.
6 Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру – жай және ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржылық қамтамасыз ету шарттары мен қағидаларының нысандары мен әдістерінің жиынтығы.Қаржыландыру деп ақшалай қаражаттардың қалыптасу үрдісін айтады. Кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру мен қаржыландыру көздері
8 Лизинг – бір жағынан инвестициялық қызмет түрі болса,екінші жағынан аренданың ерекше түрі болып табылады. Факторинг – тауарларды сату мен қызмет көрсету үрдісінде контрагенттер арасында туындайтын төленбеген қарыздарды факторингтік компаниялардың төлеуімен байланысты коммисиялық операциялардың бір түрі
9 Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі Кәсіпкерлердің жауапкершілігі деп мемлекеттің, қызметкерлердің, клиенттердің, шаруашылық жүргізу субъектілерін құқықтарын бұзуга, орындалмаған (келісімшарттық) міндеттемелерді қалпына келтіруге бағытталған белгілі бір іс- әрекеттерді жасау қажеттілігін, міндетін түсінеді. Кәсіпкерлер өз қызметін жүзеге асыру кезінде орын алған заң бұзушылықтарға байлансыты белгілі бір жауапкершілікке болады. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде мемлекеттік бақылауды, лицензиялауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жауапкершілік нысандары мен жалпы шарттары, жеке кәсіпкерлік суъектілерінің жауаапкершіліктері, сондай-ақ, дара кәсіпкерліктің жауапкершіліктері белгіленген.
11 Кәсіпкерлік аясындағы бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік Бәсекелестік – бұл өндірушілер мен жеткізушілердің, кәсіпорындар мен фирмалар арасындағы қолайлы өндіріс шарты және өзінің кәсіпкерлік іскерлігінің таңдаулы нәтижесін өткізу мақсатындағы күресі. Бәсеке түсінігі латынның concurrentia – қақтығысу деген сөзінен шыққан. Бәсеке – қандай да бір құндылықтарды иелену үшін индивидтер, топтар немесе қоғам арасындағы күрес.
14 Мәміле азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері. Мәміле бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс- әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді. Мәмілені жасау мәміле субъектілерінің арнайы әрекет жасауға деген ниеті. Арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталғандық мәмілені әкімшілік актілермен жақындастырады. Әкімшілік актілер дегеніміз жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен индивидуалды мағынадағы мемлекеттік басқару органдарының актілері. Әкімшілік актілер де, мәмілелер де арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталған, бірақ та осы заңды актілер арасында айырмашылықтар бар: әкімшілік актімен белгіленген азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарда тараптардың теңдігі жоқ мемлекеттік органның еркі оның үнделгеніне сай тұлғалар үшін міндетті деп саналады.
16 Коммерциялық құпияның мәні және оны құрайтын мәліметтердің жіктелуі. Кәсіптік құпия – таралуы зиян келтіретін кәсіпорынның қызметі туралы мәлеметтерді жариялауға(мілеметтерді пайдалануға шектеу кою) кәсіпорынның, кәсіпкердің заңмен қорғалатын құқығы. Ал комерциялық құпия деп жариялау олардың мүделеріне зиянын тигізетін фирма, кәсіпорын қызметі туралы мәліметті айтамыз. Нарықта операция жасайтын фирмалар, өзінің өндірістік, қаржылық, сауда және басқа қызмет түрлерінің кейбір аспектілерін құпияландыруға құқығы бар. Кәсіпкелрік құпия жариялануы кәсіпкерліктің іскерлік беделіне айтарлықтай әсер ететін, сондай – ақ кәсіпкерлерге материалдық және моральдық зиян келтіретін кез-келген ақпаратты қамтитын болғандықтан, едәуір кең және терең түсінік болып табылады.Кәсіпкерлік құпия өндірістік, техникалық, коммерциялық және қызметтік құпияның жиынын білдіреді.
19 КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛ. Тәуекел – бұл мүмкін болатын қауіптілік. Кәсіпкерлік тәуекел ресурстардың көтпеген, есептелмеген шығыны ретінде немесе ресурстарды ұтымды пайдалануға есептелген нұсқамен салыстырғандағы табысты ала алмауы ретінде сипатталады. Экономикалық әдебиетте тәуекелдің келесі функциялары көрсетіледі: Инновациялық Реттеуші Қорғаушы Талдаушы
20 Кәсіпкерлік тәуекелді жіктеу. Өндірістік тәуекел - өнім тауар өндіруге және қызмет көрсетуге, кез келген өндірістік қызмет түрін жүзеге асыруға байланысты. Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарларды және қызмет көрсетуді өткізу процесінде туады. Заңдық тәуекел – заң актілерінің төмен сапасымен және заңдағы күтпеген өзгерістермен байланысты. Инвестициялық тәуекел – техникалық экономикалық негіздемені сапасыз жасаумен, жобаның құнының көтпеген өсумен, қоршаѓан ортаны қорғау туралы заңның көшеюіне байланысты. Сақтандыру тәуекелі – сақтандыру қорын қалыптастырумен, қорды басқарумен, сонымен қатар меншікті мүлікпен, ақша қаржылары мен және персоналмен байланысты. Инновациялық тәуекел – осы саладағы белгісіздіктен шыға- ды (идеяны шығарудан бастап, нарықта сәйкес өнімді сатумен аяқталады).
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.