Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 6 лет назад пользователемKamshat Paluan
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ АҚ Орындаған: Палуан К. Тобы:102 Б ФӨТ Қабылдаған: Анес А.Т. Тақырыбы: Химиядық тепе-теңдік. Фармакогнозия және химия кафедрасы
2 Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Қайтымды реакция Химиялық тепе-теңдік және оның ығысуы Ле шателье принципі Қорытынды Қолданылған әдебиеттер
4 Қайтымды реакциялар теңдеулерінің оң және сол жақтарының арасына қарама- қарсы жаққа бағытталған екі стрелка қояды.
5 Қайтымды реакцияға сутегімен азоттан аммиакты синтездеу мысал болады: N Н 2 2 NН 3 + Q
6 Техникада қайтымды реакциялар, әдетте,тиімсіз.Сондықтан оларды әртүрлі әдістермен (қысымды,температураны, және т.б. өзгерте отырып)іс жүзінде қайтымсыз реакцияға айналдырады.
7 Қайтымсыз реакцияларға олар жүрген кезде. Алынған өнімнің біреуі реакция сферасынан бөлініп тұнба түрінде,газ күйінде ұшып кететін, мысалы: ВАСІ 2 + Н 2 SO 4 =ВАSO 4 + 2HCL NA 2 CO 3 +2HCL = 2NACI +CO 2 + H 2 O
8 Өте аз диссоцияланатын қоcылыс түзілетін, мысалы су НСL + NAOH = H 2 O + NACL Реакция жүргенде өте көп жылу бөлініп шығатын, мәселен магнийдің жану реакциялары жатады. 2Mg + O 2 = 2 Mg O, Н =+602,5 кдж/моль.
9 Химиялық тепе-теңдік Қайтымды реакциялар аяғына дейін жүрмейді, олар химиялық тепе-теңдік туумен аяқталады. Мысалы, аммиакты синтездеу реакциясын қарастырайық N 2 +3 Н 2 2 NН 3 + Q Әрекеттесуші массалар заңына сәйкес тура (Υ 1 ) және кері (Υ 2 ) Υ 1 =K 1 CN 2 * C 3 H 2 Υ 2 = K 2 *C 2 NH 3
10 Химиялық тепе-теңдік күйі сыртқы жағдайлар (концентрация, қысым, температура) өзгеріссіз болғанда сақталады. Бұл сыртқы шарттардың өзгерісі тепе-теңдік күйді бұзады. Сыртқы жағдайларға байланысты жүйенің бір тепе-тендік күйден екіншісіне өтуін химиялық тепе- теңдіктің ығысуы деп аталады.
11 Егер жалпы теңдеуді былай жазса АА + BВ СС +, онда тура реакция жылдамдығы U = K [A] A × [B] B ; U = K [C] C × [] ТЕПЕ-ТЕҢДІК КЕЗІНДЕ U = U, ОЛАЙ БОЛСА, K [A] A × [B] B = K [C] C × [] СОНДА, K /K = К Т – Реакцияның тепе-теңдік константасы болады. Тепе-теңдік константасына кіретін концентрацияларды тепе-теңдік концентрациялары деп атайды. Сонымен, тепе-теңдік константасы сол температурада тұрақты шама, реакция нәтижесінде түзілген заттардың тепе-теңдік концентрациялары көбейтіндісінің реакцияға түскен заттардың тепе-теңдік концентрациялары көбейтіндісіне қатынасын көрсетеді: К Т = [C] C × [] /[A] A × [B] B
12 Тепе-теңдік константасы – реакцияның маңызды сипаттамасы, оның мәні көп болған сайын, реакция тереңірек» жүреді, яғни реакция нәтижесінде түзілген заттардың шығымы жоғары болады.
13 Әр түрлі сыртқы жағдайлардың өзгерісінің тепе- теңдіктің бағытына әсері ле-шателье (1885ж.), Браузи (1886ж.) Ережесімен беріледі. Егер термодинамикалық тепе-теңдікте тұрғын күйеге сырттан әсер етіп, тепе-тендікті анықтайтын қандайда бір сыртқы шартты (концентрация, қысым, Температура) онда жүйеде осы әсерді әлсіретуге тырысатын өздігінен жүретін үдерістер пайдаболады.
14 Ле-Шателье принципі Әрекеттесуші заттардың концентрациясы, температурасы және қысымы (газ күйіндегі рекцияға) өзгергенде химиялық тепе-теңдіктің ығысу бағыты жылжымалы тепе-теңдік принципі немесе ле шателье принципі депе аталатын жалпы ережемен анықталады:
15 Тепе-теңдік күйіндегі системаға сырттан әсер етсе ( концентрация, температура, қысым өзгерсе), онда қарама-қарсы екі реакцияның ішінен сол әсерді азайтатынының жүруіне көмектеседі.
16 Мұны аммиакты синтездеу реакциясын мысалға ала отырып көрсетейік N Н 2 2 NН 3 + Q
17 Егер сыртқы әсер сутегі немесе азот концентрациясын жоғарылатса, онда ол сол заттардың концентрациясын төмендететін реакцияның жүруіне көмек етеді, демек тепе- теңдік аммиактың түзілу бағытына қарай ығысады. Сол сияқты аммиактың концентрациясы көбейсе, онда тепе-теңдік алғашқы заттардың бағытына қарай ығысады.
18 Қайтымды рекция теңдеуінің оң және сол жағындағы молекулалар саны тең болса, мысалы N 2 + O 2 2 NO Онда қысымның өзгеруі химиялық тепе- теңдіктің ығысуын туғызбайды
19 Барлық катализаторлар тура және кері реакцияны бірдей шапшаңдатады, сондықтан тепе-теңдіктің ығысуына әсер етпейді,тек қана тепе-теңдікке тез жетуге жағдай туғызады.
20 Қорытынды Тепе-теңдікті қажет ететін бағытта ле шателье принципіне негізделген ығыстыру жолдарының химияда үлкен маңызы бар.Аммиакты синтездеу және басқа да көптеген өндіріс процестері тепе- теңдікті алынатын заттардан мол өнім алуға мүмкіндік беретін бағытта ығыстыру әдістерінің арқасында игерілді. Көптеген процестерде тепе- теңдікті реакция өнімдерінің бағытына қарай ығыстыру реакция сферасынан түзілетін заттарды шығарып алу арқылы іске асады.
21 Қолданылған әдебиеттер Пустоваловал.М.,Никанорова И.Е. Неорганическая химия ростовна дону, феникс, 2005г
22 Глоссарий Тепе-теңдік константасы – реакцияның маңызды сипаттамасы, оның мәні көп болған сайын, реакция тереңірек» жүреді, яғни реакция нәтижесінде түзілген заттардың шығымы жоғары болады. Қайтымды реакция – әрекеттесуші жүйеде қарама-қарсы екі бағытта өтетін, жылдамдықтары тең, химиялық тепе-теңдік күйдегі реакция. Химиялық тепе-теңдік бір немесе бірнеше қарама-қарсы жүретін қайтымды реакциялар жылдамдықтарының теңескен күйі. Қайтымды реакция аяғына дейін жүрмейді, ол басталғанда тура жүретін реакцияның жылдамдығы (v1) жоғары, кері реакция жылдамдығы (v2) баяу болады. Сыртқы жағдайларға байланысты жүйенің бір тепе-тендік күйден екіншісіне өтуін химиялық тепе-теңдіктің ығысуы деп аталады.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.