Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 6 лет назад пользователеммадина толеуова
1 Мәди Бәпиұлы
2 Мәди Бәпиұлының бейнесі туралы көп жазылып та, айтылып та жүр. Иә, небәрі 41- ақ жил ғұмыр кешкен, өмірі арпалыспен аласапыран заменен өте шықты.
3 Ә. Бектасов пен Адамбековтың «Мәди» аты туындысында: «Оның ақылы мен мінезіне сұңғақты, кең иықты келбеті, атжақты, қыр мұрынды, жазық маңдайлы бет-пішіні, шамшырақтай шарады, жалынды көздері жарасып, жарқырап тұратын. Ол ер тұлғалы сұлу денесіне жарасымды киімді де қымбаттан таңдап, жаңа үлгімен киінетін. Орысша киіміне қарағанда ол оқыған ғалымға, ширақ қимылына, ісіне қарағанда әскери адамға ұқсайтын.» дегені бар деп жазған болатын.
4 Мәдидің көркем бейнесіне көрнекті жазушы Әлжаппар Әбішев үлкен үлес қосты. Оның 1969 жилы «Найзағай», 1988 жилы «Атыңнан айналайын» аты үлкен романдарына халық композиторы Мәдидің өмірі мен шығармашылық жолы өзек балды. Соның негізінде 1977 жилы «Мәди» аты сахналық шығарма туғызды. Сөйтіп, Мәди тұлғасы театр сахнасынан да көрінді. Әлжаппар Әбішевтің бұл еңбектері өте құнды, әрі тот байпас алтындай қымбат. Оның 5 бөлімнен тұратын «Найзағай» романында Мәдидің қиын да қызғылықты өмірінің елеулі кезеңдерін суреттейді, революция алдындағы қазақ аулының тұрмыс- күйін баяндайды. Жазушы оны асқан өнерпаз және әділдік үшін алысқан күрескер дәрежесінде бейнелейді. Қапсағай денелі, қаба сақалды, үстіне айналдырып кеген ала тоны, басында тақия екені, бөрік екені белгісіз тақыр теріден істелген бірдеңесі бар...
5 Ал «Атыңнан айналайын» аты романы «Найзағай» романының заңды жалғасы. Кітаптың «Кек» аталатын бірінші бөлімі бұрынырақ та жарық көрген, қалың оқырманды сүйсінткен дүние. «Ант» деп аталатын екінші бөлімі мүлде тың. Жазушы Мәдидің басындағы сыры мен қырын, жаңсақ істерін шыншылдықпен берегу тырысқан. Бұл көркем шығармада Мәдидің көрген қорлығы, түрмеге отырып басынан өткерген қиыншылықтары әдеби көркем тілмен жеткізілген. Оның байларға, әсіресе зорлық жасағыш байларға кекшіл болғаны, артынан өшін алу нақты, дәл суреттейді. Шығарманың соңында: Мәдидің өмір бойы көксеп жеткен бақытты күні посылай бастарды, бірақ күрестің қызығымен өткен күндері бір жилға ветер-жетпестен қанға боялып, батыр кетті.
6 Тұңғыш рет атақты нағашысы Мәди туралы кітап жазған жазушы Әшімбек Бектасов болатын. Ол ел арасындағы әңгімелерді жүйелеп, ұлы бейнені жарыққа шығаруға талпыныс фасады. Оның «Мәди» деп аталатын алғашқы кітабы кестелі тілмен жазылған әдемі әңгіме. Автор Мәди жөнінде көптеген сапы директор тапқан, соларға сүйене отырып, оның төңірегіндегі тартыс пен шиеленісті әдеби көркем тілмен жеткізе білген.
7 Алшынбайдың немересі, болашақ әнші Мәди, ақын Мәди, Арқаның бұлбұлы, Қаракесектің «қасиетті бабасының» алтыншы, ең кенже ұрпағы дүние есігін ашты. Мәди жолдастарымен бірге ит жүгіртіп, құс салып, аң аулады. Ара-тұра кітап оқып та жүрді. Әсіресе ол ойын-сауықты, өз жанынан өлең шығарып ән салуды сүйетін балды. Бала туған, қыз ұзатқан, келіншек түскен, аты бәйгіден келген сол маңайдың той-думандарын бастайтын, қыздыратын, қонақта болғанда әнге, әңгіме-жырға құлақ құрышын қандыратын Мәди балды. Мәди ол кезде өз жанынан өлең шығаруды машық етпейтін. Көкшетаудағы Тайынша жәрмеңкесінен, Атығай-Қарауылдан үйреніп келген Біржан, Ақан, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай әндерін, Семейден – Абайдан тараған «Татьяна», «Сегіз аяқ», өзінің замандасы әрі жерлесі Жаяу Мұсаның өлеңдерін жиі айтатын.
8 Мәдидің ужасы жиырмаға келді. Қыстың аязды кештерінде ол өзінің таудағы күресінде жорықтас жолдастарының ортасында отырып, домбыраға қосып, достарына жаттататын, олар көбінесе аң аулаудан артылған уақыттарын әр түрлі қиссалар, шығыс дастандарын оқу-жаттаумен өткізетін. Кейде домбырасын безілдетіп тым ән салғыш болып кетті, ара-тұра күй шертіп күрсініп те қоятынды шығарды. Ел аралап ән салып, өнер көрсете жүріп, көп жасаған қарттардың, ақылды, білімді адамдардың әңгімелеріне, үлгілі сөздеріне өздері де құлақ түре жүрді, ақынға да, шешенге де еліктеді.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.