Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 6 лет назад пользователемАхкенже Пердебаева
2 Сaбaқтың бacы Ұйымдacтыpу кeзeңі: -Oқушылapмен сәлемдесу -E Оқушыларды түгeлдeу, oқушылapдың нaзapын caбaққa aудapу. Балалар, бүгінгі сабаққа қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасып алайық. Қазақ халқы қонақ жай халық, қонақ келгенде бар жақсысын қонаққа береді, ал біз қонақтарға жақсы білімізді көрсетейік. Қонақ күту салтымыз Оқып – біліп жатырмыз. Келген қонақ сіздерге Сәлем бердік жалпымыз! - «Ыстық алақан» тренингін (бір-бірінің қолдарын ұстап оң алақандарын бір-бірінің үстіне қойып лебіздерін білдіру) ұйымдастыру Oқушылapды «Ақпарат» жәнe «Графика » атты 2 тoпқa тoптacaды. Тoп бacшыcы caйлaнaды.
4 «» әдіcі apқылы үй тaпcыpмacын cұpaу. « Таңбалы төрт бұрыш » әдіcі apқылы үй тaпcыpмacын cұpaу. Оқушылардың өздері таңдаған төрт бұрыштың ішінде жасырынған сұрақтарды оқып сұрақтарға жауап береді. Сaбaқтың бacы
7 Ақпарат түрлерін ата?
8 Көбейту кестесі қандай ақпарат түріне жатады?
9 Сурет, автобустың қозғалу сызбасы ақпараттың қай түріне жатады?
10 Күннің күркіреуі, құстың дауысы қай ақпарат түріне жатады?
11 Бейне фильмнің көрінісі қай ақпаратқа жатады?
12 Интерфейс дегеніміз не?
13 Ақпараттың қандай өлшем бірліктерін білесің?
14 Сабақтың ортасы: Ой тастау. «Карточкадағы терминдер» әдісі арқылы жаңа сабақты ашу. Графика Пиксель Графикалық кескін
15 Жаңа сабақ: Жобалық жұмыс Оқу мақсаттары: Әртүрлі формадағы ақпаратты атау және көрсету –растрлық кескіндерді құру және өңдеу
16 Бағалау критерийі 1.Әртүрлі ақпаратты атап шығады. 2. Графика сөзінің мағынасын түсінеді, өңдеу редакторларын біледі. 3.Әртүрлі ақпаратты қолданады. 4.Олардың түрлерін графикалық редакторда өңдейді. 5. Растрлық кескіндердің өмірде қолдану маңыздылығын біледі.
17 Топтық жұмыс. «Жалғастыр» əдісі арқылы жаңа тақырып бөлімдерін топтағы оқушыларға бөліп беріледі. Əр оқушы өз өзіне берілген бөлімді оқып, топқа түсіндіреді. Жалғасын келесі оқушылар түсіндіреді. 1-топ Ақпарат 2-топ Графика Оқушылардың ойларын толықтырамын.
19 ЕКІ ӨЛШЕМДІ ГРАФИКА ҮШ ӨЛШЕМДІ ГРАФИКА Растрлық графика Векторлық графика Фракталдық графика
20 Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады. Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint
21 Жаңа сабақ Paint графикалық редакторы бұл сурет салуға арналған редактор.Редактор мүмкіндіктері: сурет салуға, көшіруге, суретті сақтауға ашуға, көбейтуге, бұруға, созуға,суретке мәтін кірістіруге және т.б. әрекеттер орындауға болады. Paint графикалық редакторы 16 құрал қолданылады. Paint графикалық редакторын іске қосу тәсілі: Пуск – Программы – Стандартные – Paint. Бұл тізбекті орындаған соң экранда Paint графикалық редакторының терезесі пайда болады. Дәптермен жұмыс. Терезе элементтері: Тақырып жолы, меню жолы, құрал – саймандар тақтасы, түстер палитрасы, жұмыс алаңы. Сурет салу 5 кезеңнен тұрады. 1. Құрал таңдау. 2. Кисть түрін және типін таңдау 3. Кескін түсін таңдау 4.Фон түсін таңдау 5. Сурет салу. Суретті сақтау: бірінші рет сақтау үшін Файл – Сохранить как командасын орындаймыз. Суретті ашу: Файл – Открыть Экранды тазалау: Рисунок – Очистить командасын орындау
23 Paint құралдары: Ерікті аймақты белгілеу құралы Белгілеу құралы Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш Құю (Заливка) Түс таңдау құралы Масштаб құралы Қарындаш Кисть құралы
24 Бүріккіш (пульверизатор эффектісі) Жазу немесе мәтін енгізу Түзу сызық Қисық сызық Тік төртбұрыш Көпбұрыш Эллипс Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш
25 2.1. тапсырма (Ж) Жұптық жұмыс «Ашық сұрақтар» әдісі. Оқушылар тақырып бойынша, бір-біріне ашық сұрақтар қояды.
26 Сергіту сәті
27 Жеке жұмыс «жасап көрсет және әңгімеле» әдісі компьютердегі тәжірибелік жұмыс
28 Сабақтың соңы: «Қосымша сұрақтар» әдісі арқылы Неге? Қалай? Қайтіп? -деген қосымша нақтылау сұрақтарын қоямын. Тапсырмалар қиын немесе жеңіл болғанын ой елегінен өткізіңдер. Жасаған жобалық жұмыстарға өз көңілдерің толадыма дегендей сұрақтар қою арқылы аяқтаймын.
29 Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Поезд тәсілімен стикер жабыстыру арқылы 1-вагонға; Бүгін не үйрендің? 2-вагонға; Бүгінгі сабақта не ұнады? 3- вагонға; Бүгінгі көңіл-күйің қандай болды? 4-вагонға; Басқаларға көмегің тидіма?
30 Үй тапсырмасы: Компьтерлік графика туралы қосымша мәлімет іздеу.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.