Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 7 лет назад пользователемZuhra Agzamova
1 Орындаған: Алдиарбек Фатима Курс: I Факультет:Жалпы медицина Топ: Қабылдаған:Танеева Гулжан Төлембековна С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті Казахский национальный медицинский университет имени С.Д.Асфендиярова
2 Жоспары Кіріспе І тарас:Эукариоттардың генетикалық материалдары ІІ тарас:Ақуыздар және олардың функционалдық қасиеттері ІІІ тарас: Қорытынды
3 Кіріспе Мақсаты:Эукариоттардың генетикалық материалдарын және олардың жүру процестерін толық зерттеу. Маңызы:Генетикалық аппараттың құрылысы мен қызметін толық білу көптеген тұқым қуалайтын аурулардың алдын алуға көмектеседі және Құрылымы:Менің жұмысым эукариоттардың генетикалық материалдарын, ақуыздар мен олардың функционалдық қасиеттерін зерттеп зерделеуден тұрады.
4 Эукариоттардың генетикалық материалдары Эукариотты жасушалардың негізгі тұқым қуалайтын материалдары ядро да, ал оның кішкене бөлігі цитоплазма да орналасқан. Цитоплазмадағы тұқым қуалайтын материал жасушаның органоидтарында – митохондриялар және пластидтерде болады, ол сақина тәрізді ДНҚ молекулаларынан тұрады. Пластидтердің өзі арнаулы нәруыздардан және РНҚ мен ДНҚ дан тұрады. Цитоплазмалық тұқым қуалаудың көрініс беруі ядро дағы ДНҚ-ның бақылауында болады және жұмыртқа жасушасының цитоплазмасы арқылы берілетін аналық линия бойымен ерекше біржақты тұқым қуалау типі болып табылады. Цитоплазмадағы тұқым қуалау бастамаларын плазмон дар, ал бастаманың өзін - плазма гендер деп атайды. Пластидтердің өзі арнаулы нәруыздардан және РНҚ мен ДНҚ дан тұрады.
6 Эукариоттардың генетикалық материалдары Хромосомалар (хромо-түс және грек. soma - дене)- жасуша ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын және организмдер мен жасушалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын органоидтар. Хромосоманың негізгі қызметі тұқым қуалау ақпаратын өзінде сақтау және ұрпақтан ұрпаққа беру. Хромосома қос хроматине құралған. Хроматин - жасуша ядросының негізгі компоненті, борпылдақ жіңішке жіп тәрізді түзілістер және түйіршіктер жиынтығы. Хроматиннің құрамына кіретіндер: a)ДНҚ молекуласы-жалпы хроматин мөлшерінің 40%-ға жуығын құрайды. b)Белоктар- 60%.Хроматин белок тары гистонды,гистонды емс белоктар болып бөлінеді.Гистонды белоктар хроматин құрамына кіретін белоктардың 40 %-80 %-ға дейінгі мөлшерін құрайды. c)Сонымен қатар аздаған мөлшерде РНҚ, липидтер,полисахарид тер, металл ион дары кездеседі
7 Хромосоманың құрылысы Теломер –хромосоманың ұшы.Ол хромосомаларды өзара немсе олардың фрагменттерімен қосылуына кедергі жасайтын арнайы бөліктер. Иықтары- ақпаратты сақтайтын гендері бар хромосоманың бөлігі. Центромера-хроматидтерді қосатын хромосома бөлігі,жасушалық ядроның бөлінуінде маңызды рөл атқарады және гендер экспрессия сын бақылауға қатысады. Кинетохор- мультибелоктік кешен, ол хроматидтердің бір-бірімен байланысуын қамтамасыз етеді.Оның құрамындағы белоктар жасушалық циклдің барлық стадияларына қатысады.Кинетохордың түзілуі мен бөлінуі S-кезеңінде жүреді.
8 Хроматин Эухроматин Гетерохроматин Ф
9 Хроматин Эухроматин Интерфазадағы гендердің күйі қарқынды Құрылымдық гендері көп Нуклеотидті қатары уникальны Нуклеотидтер құрамы Г-Ц көп кездеседі Бөлітердің боялу дәрежесі ақшыл S кезеңінің 1 жартысында репликация жүреді Тіршілікке маңызды Гетерохроматин Интерфазадағы гендерінің күйі қарқынды емс Құрылымдық гендері аз Нуклеотидтер қатары қайталанатын А-Т көп кездеседі Бөліктердің боялу дәрежесі күңгірт S кезеңінің 2 жартысында репликация жүреді Құрамында РНҚ көп
10 Теломер
12 Хромосомаларының орналасуына тәуелді хромосомаларды 5 топке бөледі 1)Метацентрлік- иіндерінің ұзындығы тең. 2)Субметацентрлік-иіндерінің ұзындығы біршама тең емс. 3)Акроцентрлік- бір иіні кішкентай, екіншісі ұзын. 4)Телоцентрлік-бір ғана иіні бар,центромерасы хромосоманың шетінде орналасады. Қалыпты кариотипе телоцентрлік хромосомалар кездеспейді.
13 Хромосомалар жасушада екі түрлі құрылымдық-функционалдық жағдайда болуы мүмкін Генетикалық активті жағдайы, хромосомалардың жартылай немсе толық тарқатылуы – репликация және гендердің транскрипциясы процестерінің жүруі(интерфазалық хромосома) Генетикалық активті емс жағдайы, хромосомалардың өте жиі ширатылып тығыздалуы, метоболизмдік тыныштық күйге ауысуы және митоздық бөліну жүріп генетикалық материалдың жаңадан түзілген жасушаларға тасымалданып, бөлініп берілуімен сипатталады.
14 Хромосомалар компонентінің ең кіші құрылымдары нуклеопротеидті микрофибрилдер болып табылады.Нуклеопротеид – ДНҚ мен гистонды белоктардың қосындысы.Микрофибрилдер хромосома бойында орналасқан,спиральды ширатылып, жұп немсе бірнеше жұп хромонемалар жіпшесін түзеді.Хромонемалар спиральди ширатылып,тығыздалып,хроматидтер түзеді,ал екі хроматид хромосоманы түзеді. Хромосомалардың ұзындығы хромонемалардың ширатылы дәржесіне тәуелді.Осыған байланысты ширатылудың бірнеше деңгейлері: ДНҚ-ның хромосома да ұйымдасу деңгейлері
15 Бірінші деңгей-нуклеосомалық жіпше(фибрилла) жуандығы 10 нм, сыртын арап орналасқан ДНҚ- ның ұзындығы 146 ж.н.; тығыздалу коэффициенті 6-7. Нуклеосома-хроматиннің бірінші реттік құрылымының өзегін құрайды.Әр нуклеосома 4 жұп гистонды белок молекулаларынан:Н2А,Н2В,Н3,Н4 октамер түрінде түзілген денешік.Осындай бір денешіктің сыртын орай ДНҚ молекуласы 1,75 айналым жасап, оралып орналасады, нәтижесінде нуклеосома түзіледі. Екінші деңгей-жуандығы 30 нм-лік соленоид жіпшесі:тығыздалу коэффициенті 40. Үшінші деңгей- ілмектік домен (хромомера); 60 мың ж.н. Қамтитын ұзындығы 0,2-0,3 мкм, тығыздалу коэффициенті – 680. Төртінші деңгей- хромомерлік деңгей.Тығыздалған хромонемалар ұзындығы 0,1-0,2 мкм жуан жіпшелерді түзейді, олар жарық микроскопы астында көрінеді, тығыздалу коэффициенті 12 х 104. Бесінші деңгей – хроматидалық және хромосомалық деңгей: жарық микроскопы астында анық көрінетін хроматин құрылымының жоғарғы деігейі.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.