Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 7 лет назад пользователемАя Сапарова
1 Талшықтылар мен споровиктер класс өкілдері тудыратын аурулардың патогенезі, диагностикасы мен профилактикасы Орындағандар: Үсенова Ақбөпе, Даулетқалиева Аида, Тұрсынбекова Балжан Тексерген: Тусупбекова Гульмира Аблаевна
2 Жоспар: I.Кіріспе 1.Талшықтар туралы түсінік 2.Лейшмания ІІ. Негізгі бөлім 1.Висцеральды лейшманиоз 2.Терілік лейшманиоз 3.Безгек маса ІІІ. Қорытынды ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
3 Талшықтылар класына 6000-нан аса қарапайымдылардың түрлері жатады. Олар тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда және адамның, жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік етіп, қауіпті ауруларды туғызады. Талшықтылардың негізгі белгісі - бір, екі немесе бірнеше талшықтың болуында, бұлар дененің алдыңғы жағында орналасқан, қозғалу қызметін атқарады. Барлық өкілдерінің талшықтарының құрылысы бірдей болып келеді.
4 Талшықтылар жынысты жолымен де көбейеді: Volvox, Polytoma, Pandorina, Eudorina туысындағы өкілдері. Бұларда изогамия, анизогамия копуляциясы кеңінен тараған. Талшықтыларды қоректену тәсіліне қарай - автотрофты, гетеротрофты және миксотрофты топтарына бөледі.
5 Лейшманиоз Лейшманиоздар – протозойлы инфекция тобына жататын трансмиссивтік ауру. Көне заманғы қолтаңбалардан Шығыс елдерінде тарағаны белгілі. Қоздырғыштың ашылуы әскери дәрігер П.Ф.Боровскийдiң есімімен байланысты. Ол 1897 жылы қойылған терi жарасынан алынған жұғындыдан ерекше денелерді анықтаған – 1903жж. ағылшын зерттеушiлерi В.Лейшман және Донован қоздырғышты өлген адамның бауыр, көкбауыр жұғындыларынан тапқан ж. Якимов лейшманиозға табиғи ошақтық тән екенін яғни оның Орта Азия және Закавказьеде таралғанын дәлелдеді.1937 – 40жж. Н. Л. Латышев лейшманиоздың тері түрінің табиғи ошақтар бар екенін анықтады.
6 Этиологиясы Лейшманий қарапайымдылар тобынан. Дамуы екі сатыдан тұрады: лейшманиялық және лептомонадалық. Ι сатысында паразиттер адамдар мен жануарлар терісінің, ішкі ағзаларының гистиофагоцитарлық клеткалары ішінде мекендейді. ІІ лептомонадалық сатысында шіркей организмде кездеседі, сонымен қатар қоректі орталарда өндіруге болады. Висцералды лейшманиоз қоздырғышы Leishmania donovani терілік лейшманиоз қоздырғышы – L. troрica minor et major.
8 Эпидемиологиясы Лейшманиоз трансмиссивті аурулар тобына жатады, оның спецификалық тасымалдаушысы ұсақ қансорғыштар – шіркейлер (москиты), олардың 300 түріִбар. Шіркейлер Орта Азияда, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында, Қырғыз Республикасы, Крымда, Украина, Молдавия республикасында кездесуі, әсіресе Орта Азия республикаларында шіркейлердің 19 түріִбар, Закавказье – 15 түрі, Украина, Молдавияда 3 түрі кездеседі. Шетелдер – Ауғаныста, Ирак, Иран, Сирия. Адамдар мен жануарларорганизміне қоздырғыш тек қана шіркейлердің шаққан жерінде лептомонадаларды теріні қасу не тырнау енеді.
9 Висцеральды лейшманиоз Паразиттер шіркей шаққан жерден организмге қан арқылы таралып, 3-6 күн ішінде бауыр, көкбауыр, лимфа түйіндеріне, сүйек кемігіне жетеді. Олар Купфер клеткалар протоплазмасында макрофаг т.б. фагоцитарлық клеткаларда дамиды, клеткалар ыдырап, паразиттер жаңа клеткаларға ауысып зақымдалуы қайтадан басталады. Зақымдалған клеткалардың ыдырауы жалпы улану белгілердің, РЭС органдарында гиперплазия және пролиферация процесстерінің қалыптасуына әкеледі, нәтижесі – бауыр, көкбауыр, лимфа түйіндері көлемдері ұлғаяды. Висцеральды лейшманиоз: (бала лейшманиозы, қала-азар – қара ауру) Жалпы сипаттамасы: созылмалы толқынды қызу, спленомегалия, гепатомегалия, анемия, кахексия тән. Клиникалық көріністері.Инкубациялық мерзімі 6-8 айға жуық, бірақ 3 айға дейін қысқаруы не 1 жылға дейін ұзаруы мүмкін. Клиникалық дамуында 3 сатыны атауға болады. 1. Басталуы (начальный); 2. Аурудың қозу кезі (разгар); 3. Терминалды сатысы.
10 Диагностикалық критерийлері: 1. Эндемиялық ошақта болуы; 2. Клиникалық белгілері: қызуының созылмалы болуы, бауыр, көкбауыр, лимфа түйіндері ұлғайюы; қанда лейкопения, анемия;
11 Терілік лейшманиоз Инкубациялық мерзімі 3-8 айдан 1 жылға дейін. Қоздырғыш енген жерде папула пайда болады - көлемі түйреугіштің басындай қызғылт түсті, біртіндеп, шамамен 3-6 ай ішінде ұлғайя бастайды. Жылтыр түйінге айналады, оның үстінде қабыршақты жамылғы пайда болып, астында кратер тәрізді іріңді жара қалыптасады. Жара шеті қатып, ал ортасы ойылып тереңдей береді. Жараның қотырлануы, оның орнында тыртықтың пайда болуы, 1-2 жылға созылуы мүмкін. Асқынуылары: пиодермия, абсцесс, флегмона.
12 Споровиктер Споровиктер класы(лат. Sporozao- паразиттік формалар. Бұл класқа тек паразиттік формалар жатады. Бұлардың қозғалу органоидтары, асқорыту және жиырылғыш вакуолдары болмайды. Жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбеюі шизогания (көпшілікті бөліну) күйінде болады. Тіршілік циклі күрделі, қожайын алмастыру арқылы жүреді. Адам паразиттері қан сапроиктері және кокцидий отрядтарына жатады.
13 Безгек маса Безгек–Plasmodium қарапайымдылармен шақырылатын, дұрыс интермиттерлеуші қызбамен, анемиямен, көк бауыр ұлғаюымен және аурудың қайталануымен сипатталатын жедел антропонозды трансмиссивті ауру. Безгек қоздырғышы Protozoa типіне, Sporozoa класына, Plasmodiidae тұқымдастығына, Plasmodium туыстастығына жатады. Қоздырғыштың 4 типі белгілі: Pl.vivax, Pl.ovale (бұл екеуі де 3 күндік безгек қоздырғышы болып табылады), Pl.malaria - 4 күндік безгек қоздырғышы, Pl.falciparum – тропикалық безгек қоздырғышы. Безгек қоздырғышының дамуының екі түрін ажыратады: жынысты түрі (спорогония) бұл Anopheles масасының аналық түрінің организмінде өтеді және жыныссыз түрі (шизогония) – бұл аралық ие адамның организмінде өтеді.
14 Спорогония климаттық географиялық ортаға байланысты. Сыртқы орта жоғары температурасы спорогония ұзақтығын қысқартады, ал оптимальдыі температурада (t°25) спорогония 2 аптаға дейін созылады, температура 16°С төмен болғанда ол тоқтайды. Anopheles масасының ұрғашысы ауру адамның немесе паразиттасымалдаушының қанымен қоректенгенде плазмодийлердің жынысты формаларын жұтады. Маса асқазанында аналық гаметоцит макрогаметаға айналады, ал аталық гаметоцит 4-8 талшық микрогаметаны шығарады, олар үзіліп макрогаметаға енеді, ол ұрықтану нәтижесінде зиготаға айналады. Асқазанның бетінде оокинета бірнеше ооцистаға айналады, олардың әрқайсысы ға дейін ұршық тәрізді спорозоидтардан тұрады. Ооциста жетілгеннен кейін жарылады да босанған спорозоидтар гемолимфаға түсіп, масаның бүткіл организміне тарайды. Олар әсіресе сілекей бездеріне көп жиналады. Осындай маса жұқпалығын 1 – 2 ай бойы сақтайды. Ооцисталардың саны жетуі мүмкін, олардың саны науқастың шеткі қанындағы гаметоциттердің қарқындылығына байланысты (1мм3 қанда 1-2 гаметоцит болғанда масалар жұқтырылмайды). Әрбір ооцистада спорозоиттардың саны – жүздеген, ал сілекей безінде мыңдаған болады. Масалардың сілекей бездерінде спорозоидтар жұқтыру қауіпін күн сақтайды, бірақта 30 күннен кейін масаның шағуы ауруды тудырмайды.
16 Шизогония. Адам организмінде паразиттің жынысыз дамуының 2 фазасы өтеді: бауырда – тіндік (экзоэритроцитарлық) шизогония (1948 ж. Shot және т.б.) және эритроцитарлық шизогония (1885ж. Goldgi). Маса шаққаннан кейін перифериялық қанда спорозоиттар 30 мин. болып содан кейін бауырға енеді де гепатоциттерде оның преэритроцитарлық шизогониясы өтеді. Олар көптеген мерозоиттар түзеді. Оның ұзақтығы плазмодийдің әр түріне байланысты әр түрлі болады: P.vivax – 8 тәулік (10000 мерозоит) P.falciparum – 6 тәулік (50000) P.ovale – 9 тәулік (15000) P.malaria – 16 тәулік (7500) Тіндік шизогония сипмтомсыз өтеді.
17 Эпидемиологиясы Безгек – антропоноз. Инфекция көзі – ауру адам, көбінесе эндемиялық ошақтағы балалар және паразиттасымалдаушылар. Гиперэндемиялық аймақтарда аурудың көзі науқас балалар болады, себебі жоғары гаметоцитемиялық иммунитеті бар адамға қарағанда, балалар өмірінің алғашқы жылдарында жүре пайда болған иммунитеті пайда болмайды және паразитемияның аз деңгейінің өзінде де ауруды жеңіл жұқтырылады. Қайталанатын реинфекцияда ересек адамдарда антиденелер түзіледі, масаның организмінде антиденелермен зақымдалған гаметоциттер спорогонияға қабілетті болмайды. Аурудың табиғи берілу жолы – трансмиссивті (спорозоитты инфекция). Безгектің тасымалдаушысы Anopheles тұқымының ұрғашы масасы. Безгектің қарқынды таралуы климатты-географиялық және тасымалдаушылықтың түріне байланысты.
18 Ауру 4 топқа бөлінеді: 1. үшкүндік безгек – malaria tertiana (P.vivax), 2. овале – безгек – ovale – malaria (P.ovale), 3. төрткүндік безгек – malaria guartana (P.malaria), 4. тропикалық безгек – malaria tropica (P.falciparum). Интоксикациялық көріністерінің, қызбаның, мүшелердің зақымдану және паразитемияның деңгейлері байланысты ауыр, орташа ауыр, жеңіл түрлерін ажыратады. Тропикалық безгекке ауыр ағым тән.
19 Алдын алу жолдары Безгек ыстық жаңбырлы маусымдарда жиі болады. Бірақ күш-жігер жұмсап, оны болдырмауға болады. Барлық алдын алу шаралары жедел іске асырылуға тиіс Өзіңізді шыбын-шіркей, масадан аулақ ұстаңыз. Олар жоқ жерге немесе масаханада үйықтаңыз. Баланың бесігін маса кірмеу үшін жұқа матамен жауып қою керек. Безгектен сезіктенсеңіз жедел емдеуге кірісіңіз. Сіз емделіп, сауыққаннан кейін сізді шаққан шіркей басқаға ауруды таратпайды Осы ауруды емдейтін органдармен, олардың өкілдері сіздің ауылыңызға келген кезде, ынтымақтасып жұмыс істеңіз. Егер сіздің отбасы мүшелерінің бірінің ыстығы көтерілсе, оларға бұл жөнінде хабарлап, айтыңыз және олардың қан алып, анализ жасауына мүмкіндік жасаңыз. Шіркейлерді және оның ұрықтарын құртыңыз. Шіркейлер лас суда тез көбейеді. Тоғандарды, шұңқырларды, лас су жиналып қалатын ескі банк немесе құтыларды тазартыңыз. Шіркейлер көбеюі мүмкін барлық су тоғандарын немесе батпақты құрғатыңыз. Құмдарды бамбук қадаларымен толтырыңыз. Безгекке қарсы дәрілерді ұдайы пайдалану арқылы безгекті болдырмауға болады немесе оның таралуын елеулі түрде азайтуға болады. Безгекті шеттен енгізуге қарсы шаралар Аурулар мен паразит тасымалдаушыларды уақытында айқындап емдеу Химиопрофилактика және этиотропты препараттар
20 Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша үсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN WebMD > Malaria symptoms Last Updated: мамыр 16, Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", бет.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.