Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 7 лет назад пользователемСалтанат Хасанова
1 ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ БЕЙНЕЖҮЙЕСІ.
2 Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, ягни сурет тікбұрышты нүктелер (пиксельдер) матрицасы түрінде беріледі, әрбір нүктенің берілген түстер жиынтығынан таңдалатын өзінің түсі болады. Компьютерде графикалық ақпараттарды өз жадысында (бейнежады) сақтауға арналған бейнеадаптер болады. Онда әрбір нүктеге жадыдан белгілі бір бит саны бөлінеді.
3 Сонымен қатар бейнеадаптер монитор экранында бейнежадыны секундына рет ұдайы көрсете алады. Бейнежадының көлемі үлкен болган сайын компьютер графикалық ақпараттың мүмкіндігі мен түсін сондай көлемде көрсете алады. Негізгі бейнеадаптерлерге: CGA (Color Graphics Adapter, 320x200, 1982), EGA (Enhanced Graphics Adapter,640x350, 1984), VGA (Video Graphics Array, 640x480), SVGA (Super Graphics Array, 800x600 ден 1248x1024 дейін) және т.б, жатады.
4 Қазіргі кезде экранда 16 млн. түсті беретін VGA және SVGA бейнеадаптерлері кеңінен қолданылады. Барлық бейнеадаптерлердің негізгі төрт бөлігі болады: жүйелік логикалық микросхемалар жинағы (бейнечип): жедел бейнежады (Video RAM); цифрлық аналогтық түрлендіргіш (ЦАТ); базалық енгізу-шығару жүйесі (BIOS)
5 Жүйелік логикалық микросхемалар жинағы (бейнечип) - деректерді жедел бейнежадыға жазып, іс жүзінде экранда ақпараттың бейнеленуін басқарады. Цифрлық аналогтық түрлендіргіш (ЦАТ) - жедел бейнежадыдағы ақпаратты оқиды да, оларды цифрлық түрден аналогтық мониторды басқару сигналдарына айналдырып, оны мониторға жібереді. Бұл операция секундына оншакты рет орындалады, ол экранның ауысу жиілігін деп аталады.
6 Базалық. енгізу-шығару жүйесі (BIOS) - енгізу/шыгарудың негізгі программалар жиынтығынан тұрады, ол компьютер құрылғыларының арасындағы өзара әркетті ұйымдастырады. Мониторлар әдетте үш параметр, яғни дюймдегі диагональ өлшемі, нүктені ажырату қабілеті және герцтегі қайта қайталау жиілігі бойынша жіктеледі. Монитордың ажырату қабілеті мен қайталау жиілігі бейнеадаптердің мүмкіндігіне тәуелді.
7 Графикалық акпараттармен жұмыс істеген кезде кем дегенде дегенде 17 дюймдік мониторды пайдаланған ыңғайлы. Сонымен қатар, монитор кем дегенде 1208x1024 нүктені айырып тануы керек, ал 1600x1200 болса одан да жақсы. Түстің тереңдігі ең аз дегенде 16 бит болуы керек, ал 32 бит болса одан да жақсы. Онда бір мезгілде 64 мың түстен 16 млн.-ға дейінгі түстерді беруге болады.
8 Компьютерде жұмыс істеген кезде көз шаршамас үшін оның алмасу жиілігі 85 Герцтен кем болмауы керек. Суреттермен жұмыс істеуге арналған компьютерлердің жедел жадысы кем дегенде 128 МБайт, катты дискінің көлемі ең аз дегенде 20 Гбайттан кем болмауы керек.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.