Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 7 лет назад пользователемДиас Маненов
1 СӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: Жүйке және тірек-қимыл жүйелерінің туа біткен ақаулары. СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИНИНА УНИВЕРСИТЕТІ МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ СЕМЕЙ,2016 Орындаған: Бухатова А.Ж Тексерген:Темекбаева Э.С
2 Жоспар
3 Кіріспе Жүктілікке дейін және жүктілік кезіндегі себептерге байланысты ақыл естің кемістігі және дене кемістігіне, не өлімге алып келетін ағзаның құрылысының, қызметінің және биохимиялық өзгерістері. Тудырушы деформациялар 3 топқа бөлінеді -ерте эмбиондық кезеңде ұрықтың қайтыс болуы -құрсақішілік өміршеңдігін сақтап,жатырда болған бұзылыыстар - Өміршеңдігі жоғары
4 ДАМУ АҚАУЛАРЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ 1.Генетикалық факторлар (тұқымқуалаушылық) 2.Сыртқы орта факторлары 3. Көпфакторлы себептер (мультфакторлы)
5 Ағзалардың көлемінің өзгеруіне байланысты: Гиперплазия ( гипергенезия ) – шектен тыс дамуы; Гипоплазия ( гипогенезия ) – толық жетілмеуі Аплазия ( агнезия, атрезия ) – ағзаның саңылауының болмауы. Гетеротопиялар – ағзаның басқа орында дамуы Стеноздар – қуыс мүшенің тарылуы Атрезиялар- каналдың не тесіктің болмауы. Туа біткен ақаулары
6 Жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары Микроцефалия-мидың кішкентай болуы. Гидроцефалия-ми қарыншаларындағы сұйықтың көбеюіне байланысты ми көлемінің ұлғаюы. Анэнцефалия-ми бөліктерінің болмауы. Агирия-ми қыртыстарының болмауы.
7 Ми қарыншасындағы ми сұйықтығының жиылуы (ішкі гидроцефалия) немесе субарахноидалды кеңістіктегі (сыртқы гидроцефалия) бас сүйек үлкеюімен және беттің оған сәйкессіздігімен айқындалады, бет кішкентай, шеке үлкен болып көрінеді. Бас сүйектің жұқаруы мен алшақтауы байқалады, еңбектің ісінуі. бас ми гиплопазиясы, оның салмағы мен көлемінің азаюы; бас сүйек қорабы көлемінің азаюымен бір уақытта бас сүйегінің қалыңдауымен үйелеседі; осы ақаудың түрлі ауыр сатылары болуы мүмкін
9 бас миындағы түрлі көлемдегі кисталардың пайда болуы, мидың ми қапталдарындағы қарыншалар, шыққан эпендимомалар. Нақты порэнцефалидің жалған түрін айыруға болады, мұнда кисталар ми сұйықтығы ағынының жолдарымен берілмейді және бас миының бұрынғы ткандардің жұмсаруынан пайда болады.
10 Омыртқа мен жұлынның даму ақаулары. Омыртқа мен жұлынның даму ақаулары. Spina bifida – омыртқа өзегінің толық жабылмай қалуын айтады Жұлын және оның қабықтары мен түбіршіктері кеміс жерден шығып, жұлындық жарық пайда болады. Ең ауыр формасы – омыртқаның толық бітіспеуі, көбінесе, басқа да ақаулықтармен қабаттасып дамиды. Балалардың өмір сүруге қабілеті болмайды. Жұлын-ми жарығына, шығыңғылық тән, ол домалақ пішінді, эластикалық консистенциялы болады. Әдетте, бел аймағында орналасады. Оның үстіндегі тері жамылғысы жұқарған болады, флюктуация белгісі жиі анықталады. Егер жарықтың ішіне жұлын немесе оның нервтерінің түбіршіктері шықса, кіші жамбас астауының ағзалары мен аяқтардың қызметі бұзылады. Омыртқаның бітіспеген доғаларының аймағында әртүрлі патологиялық түзілістер дамуы мүмкін – қатты фиброзды жіпшелер, липомалар, фибромалар, гипертрихоз, терінің гиперпигментациясы, ангиомалар, дермоидтар. Диагностикасында рентгенографиялық зерттеулер жүргізіледі.
11 Жұлын жарығы
12 Сколиоз Сколиоз (көне грекше: σκολιός, лат. scoliōsis қисық, қисайған) омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы. Сколиоздың туылғаннан болатын және жүре пайда болатын түрлері бар.көне грекшелат.омыртқаның
13 Мойынның даму ақаулары Қисық мойын (torticollis )- бастың қиғаш орналасуымен сипатталатын мойынның деформациясы болып табылады: бас жарақаттанған жаққа иіледі, иегі сау жаққа бұралады.Оның себебіне төс-бұғана-емізік бұлшықетінің қысқаруы немесе мойын омыртқаларының ауытқулары жатады. Диагнозды қоюға бастың типтік жағдайы мүмкіндік береді. Ақаудың нақты себептерін анықтау үшін омыртқаның мойын аймағына рентгенологиялық зерттеу әдістері жүргізіледі. Қисық мойын (torticollis )- бастың қиғаш орналасуымен сипатталатын мойынның деформациясы болып табылады: бас жарақаттанған жаққа иіледі, иегі сау жаққа бұралады.Оның себебіне төс-бұғана-емізік бұлшықетінің қысқаруы немесе мойын омыртқаларының ауытқулары жатады. Диагнозды қоюға бастың типтік жағдайы мүмкіндік береді. Ақаудың нақты себептерін анықтау үшін омыртқаның мойын аймағына рентгенологиялық зерттеу әдістері жүргізіледі.
14 бастың бір жағына кетіп, қарама-қарсы жаққа бұрылуы. Нәресте 7-10 күнге келгеннен бастап жүргізіледі. Арқасында жатқан баланың басын сау жаққа қарай қисайтып, бетін ақауы бар жаққа қарай бұру қажет. Күніне минуттан 3-4 рет жасалады. УВЧ, калий йодиді, ранидазамен электрофарез тағайындалады. Мойыны мен бетіне массаж жасалу керек. Консервативті ем 3 жасқа дейін жүргізіледі. ота жасау
15 Туа біткен аяқ ұшының маймақтығы- (pes equinovarus congenitus) - бұл ақау ұшының тұрақты әкелу-бүгу контрактурасы болып табылады, ол аяқ ұшының жетілмеуінің салдарынан ішкі және артқы бұлшықет топтары мен байламдардың қысқарып дамуының нәтижесінде пайда болады. Туа біткен аяқ ұшының маймақтығы- (pes equinovarus congenitus) - бұл ақау ұшының тұрақты әкелу-бүгу контрактурасы болып табылады, ол аяқ ұшының жетілмеуінің салдарынан ішкі және артқы бұлшықет топтары мен байламдардың қысқарып дамуының нәтижесінде пайда болады.
16 аяқ башайлары тілерсек буынынан ішке қарай иіліп, өкше қисаяды. Адам мұндайда табанның сырт жағына сүйеніп жүреді. қаңқа сүйек ауруларынан (минералдық зат алмасудың бұзылуы), тұқым қуалаушылық ата-анасының әр түрлі жұқпалы ауруларға (мерез, соз) ұшырауынан болады Алдымен тәулігіне 6 7 рет емдік гимнастика, күннен кейін табан әбден қалпына келгенше гипспен таңады. Арнайы ортопед. аяқ киім кигізіледі. Бұл емдеу нәтиже бермеген жағдайда, 2,5 3 жасында аяққа операция жасап, 6 ай гипспен таңады.
17 Аурудың пайда болу себебі: Алғашқы ұрықтану кезіндегі кемістік, яғни ұрықтанған аналық жасуша дұрыс дамып жетілмейді. Тіпті бұл тұқым қуалауы да мүмкін деген пікірлер айтылады; Жамбас-сан буынының қабынуы теориясы – іштегі нәресте жатырдың тарлығына және ондағы судың аздығына байланысты механикалық қысым көреді, ал ол қабынуға әкеледі; Ағзаның толық жіктелмеген дәнекер тіндерінің дисплазиясы. Бұл теория бойынша жамбас-сан буынын құратын құрылымдар (бұлшық ет, сіңір, буын қабы, сүйектердің буын жақ беттері) үйлесімділігі толық жетілмеген.
18 Ұршық ұясының үстіңгі жиегі көтеріңкі (тайқы) болып қалыптасады. Ұршық ұясы дұрыс тереңдеп жетілмейді; Буын айналасындағы тіндер өзгеріске ұшырайды: жамбас-сан буындарының сіңірлері, мысалы, шеңберлі аймақ, жамбас-ортан жілік, шонданай-ортан жілік сіңірлері созылады; буын қабының созылмалы шығуға бейімделуі барысында "құм сағат" пішінге өзгереді; жамбас-сан буыны аумағындағы бұлшық еттер (бөксе, тақым еттері) қысқарады, олардың жоғарғы (омыртқа) және төменгі (жамбас астаушасы мен ортан жілік) бірігу нүктелерінің жақын орналасуына байланысты қысқаруынан және көлбеу тартуынан өздерінің физиологиялық тонустарын жоғалтады.
19 Аурудың сыртқы белгілері: Ауру аяқты рентгенге тексергенде мынадай белгілер байқалуы мүмкін: 1.жамбас сүйек айналма ойдымының шатыршасының көлбей бітуі; 2.ортан жілікбасы ядросының сүйектену мерзімінің кешеуілдеуі; 3.ортан жіліктің шетке қарай ығысып орналасуы. Бұл үш белгі "Путти үштігі" (триадасы) деп аталады. Емдік дене шынықтыру, стремена Павлика, раздвижные шины Виленского, подушечка Фрейка сияқтылар колданылады. Ота жасау.
20 Қорытынды Адамның құрсақ ішінде дамып, туылу мерзіміне дейінгі, дамудың әрбір сатысындағы қатерлі кезеңдерді, эмбрионға тератогендік факторлардың зиянды әсерін, туа пайда болатын ақаулықтардың даму механизмдерін түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан жүктілікті алдын- ала болжап, ата- анасының денсаулығының диагностикасын жүргізу, жүктілік кезінде қажетті анализдерді тапсыру, ұрыққа зиян келтіретін факторлардан алшақ болу- туа біткен ақаулықтардың көрсеткішін төмендетеді.
21 Пайдаланған әдебиеттер: 1.Қазымбет П.,Аманжолова Л.,Нұртаева Қ., Медициналық биология Алматы Эверобаспасы, 2014ж., 2. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е., Молекулалық биология негіздеріАлматы: Эверобаспасы, 2008ж., 3. С.А.Әбілов. Молекулалық биология және генетика: Оқулық.- 2-ші, түзет. Ж. Толық, б. 4.KazMedic.kz
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.