Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 7 лет назад пользователемАкбота Махамбет
1 Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік университеті Шымкент медицина институты Дипломнан кейінгі білім беру факультеті Неврология, психиатрия және наркология кафедрасы ТАҚЫРЫБЫ: СОМАТИКАЛЫҚ АУРУЛАР КЕЗІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР ҚАБЫЛДАҒАН: ҚУАНЫШБАЕВ Н.Ж. ОРЫНДАҒАН: МАХАМБЕТ А.М. ТОБЫ: ТҚ-606 ШЫМКЕНТ-2016Ж.
2 Жоспары: Кіріспе Негізгі бөлім 1. Психикалық бұзылыстар жиі кездесетін соматикалық аурулар 2. Соматикалық ауруларда кездесетін психикалық синдром дар 3. Диагностикалық критерийлері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
4 Кіріспе: Психикалық бұзылыстар жиі кездесетін соматикалық ауруларға жүрек, бауры, бүйрек аурулары, өкпе қабынуы, ойық жара аурулары, сирек – пернициозды анемия, алиментарлы дистрофия, авитаминоз дар, операция дан кейінгі психоз дар жатады. Созылмалы соматикалық аурулар кезінде тұлға патологиясы белгілері көрінеді, ал жедел және жеделдеу кезеңдерінде психикалық өзгерістер өзіндік ерекшеліктерімен тұлғалық реакциялармен шектеледі.
5 Астениялық, фобиялық синдром дар Әртүрлі соматикалық аурулардағы басты психопатологиялық симптомокомплекс астениялық синдром болып табылады. Бұл синдром әлсіздікпен, тез шаршаумен, тітіркенгіштікпен және айқын вегетативті бұзылыстармен сипатталады. Кейбiр жағдайларда астениялық синдромға фобиялық, ипохондриялық, апатиялық, истериялық және басқа да бұзылыстар қосылады. Кейде алдыңғы қатарға фобиялық синдром шығады. Мұндай науқастарға тән қорқыныш тұрақты, зардапты болып келедi, өз денсаулығы, болашағы үшін, әсіресе хирургиялық операциялар, күрделi құралдық зерттеулер алдында үрей туады. Жиі науқастарда кардио- немесе канцерофобиялық синдром демиды. Жүрек-өкпе патологиясы бар науқастарда гипоксия жағдайында наркоз дан кейiн эйфория байқалады. Эйфория адекватсыз жоғары көңiл-күймен, критиканың төмендеуiмен, психикалық қызметтің продуктивтiлiгiнiң жоғалуымен байқалады.
6 Сана күңгірттенуі Соматогендi психоз дар кезіндегі басты синдром сана күңгiрттенуi (көбiне делириозды, аментивтi, сирек қарауытқан күңгірттену жағдайы) болып табылады. Бұл психоз дар ешқандай айқын психикалық бұзылыссыз жедел, аяқ астынан демиды немесе астениялық невроз тәрiздi, аффективтi бұзылыстар фонында (делирий, аменция) демиды. Жедел психоз дар 2-3 күнге созылады, соматикалық аурулардың жайлы ағымында астениялық жағдайға ауысады. Олар сонымен қатар депрессивтi, галлюцинаторный–параноидты синдром дардың, апатиялық ступордың клиникалық көрiнiстерiмен созылмалы психозға ауысуы мүмкін.
7 Депрессивтi, депрессивтi-параноидты синдром дар Депрессивтi, депрессивтi- параноидты синдром дар өкпенің ауры ауруларында, созылмалы ағымындағы және қажуға алып келетін iшкі мүшелердiң қатерлi ісіктері мен басқа да ауруларында кейде галлюцинаторный синдром мен бірге (жиі тектильдi галлюцинациялар) кездеседi.
8 Психоорганикалық синдром Соматогенді психоз дардан кейiн психоорганикалық синдром дамуы мүмкiн. Бұл симптомокомплекс көріністері уақыт өте басы лады. Психоорганикалық синдромның клиникалық көрiнiсi интеллекттің қарқындылық дәрежесі әртүрлі бұзылыстарымен, өз жағдайына критикалық көзқарастың төмендеуiмен, аффективтi лабильдiлікпен көрiнедi. Бұл жағдайдың айқын дәрежесінде аспонтандылық, өзіне және өзiн қоршаған ортаға немқұрайдылық, едәуір мнестико- интеллектуальды бұзылыстар байқалады.
10 Жүрек патологиясымен науқастар арасында психоз дар жиі миокард инфарктымен науқастарда кездеседi. Бұл психоз дардың хабаршы белгілеріне үрей, өлімнен қорқу сезімімен жүретін аффективтi бұзылыстар, қозғалыстық қозу элементтерi, вегетативтi және цереброваскулярный бұзылыстар жатады. Психоз хабаршыларының ішінде эйфория, ұйқы бұзылысы, гипногогиялық галлюцинацияларға суреттеме берілген. Бұндай науқастардың жүріс-тұрысы мен режимiнiң бұзылысы олардың соматикалық жағдайларын нашарлатады және летальды нәтижеге әкеп соқтырады. Жиі психоз дар миокард инфарктының бiрiншi аптасында пайда болады.
11 Миокард инфаркты кезiнде пайда болатын психоз дардың негiзгi патогенетикалық факторлары инфаркттың ыдырау өнімдерімен интоксикация, гемодинамика бұзылысы, соның ішінде церебральды гемодинамика бұзылысы, жүрек қызметiнiң бұзылысы нәтижесіндегі гипоксия болып табылады. Миокард инфаркты кезiндегi психоз синдром дарының жиі кездесетіні сана бұзылысы, жиі делириозды тип бойынша бұзылуы болып табылады: науқастар қорқыныш үрей, сезінедi, орын және уақыт бойынша бағдарлары бұзылған, галлюцинациялар (көру және месту) пайда болады. Науқастар қозған жағдайда, бiр жаққа талпынып тұрады, критикасы жоқ. Бұл психоздың ұзақтығы бiрнеше күннен аспайды. Әдетте үрей сезімімен депрессия жағдайы бақыланады, науқастар жабырқаулы, өзiнiң емделiп шығуына сенбейдi, интеллектуальды және қозғалыстық тежелу, ипохондриялық күйзелістерге бейімділік, түнгі уақыттағы қорқыныштар, арте оянулар және үрей байқалады. Миокард инфаркты кезіндегі үрдіспен тығыз байланысты жедел кезеңнiң психикалық бұзылыстары жоғалғаннан кейiн кардиофобия типi бойынша невротикалық реакциялар, тұрақты астениялық жағдайлар пайда болады, ослырға байланысты миокард инфарктымен науқастардың еңбекке қабілетсіздігі анықталады.
12 Диагностикалық критерийлері Соматогендi психоз диагностикасында оны шизофрения дан және басқа эндоформды психоз дардан (маниакальды-депрессивтi, инвалюционды) ажырату қажет болады. Диагностиканың негiзгi критерия лары: соматикалық аурулар мен соматогендi психоз дар арасындағы тығыз байланыс, ауру дамуының өзіне тән стереотипi (синдром дардың астениялықтан сана бұзылуына ауысуы), айқын астениялық фон және соматогендi патология кезiндегi психоз дан тұлға үшін жайлы шығу болып табылады. Бұл жеке алынған критериялар дифференциальный диагностика да айтарлықтай нақты мәлімет бермейді.
13 Пайдаланылған әдебиеттер 1.Н.Н.Иванец, Ю.Г.Тюлпин, В.В.Чирко, М.А.Кинкулькина «Психиатрия и наркология» 2.Н.М.Жариков, Ю.Г.Тюлпин «Психиатрия» 3. fakultet/elektronnyj-ucebnik-po-psihiatrii/tema-no18-psihiceskie- rasstrojstva-pri-somaticeskih-zabolevaniah-/psihiceskie-rasstrojstva-pri- somaticeskih-zabolevaniah
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.