Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 7 лет назад пользователемАйдана Туреш
1 Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Гистология кафедрасы Орындаған: Төреш А.Е топ ЖМФ Тексерген: Койшыманова Ұ.С
2 Жоспар: Кіріспе. Негізгі бөлім. 1.Эндокринді жүйе, жіктелуі. 2.Эндокринді бездер, олардың дамуы. 3.Эндокринді бездердің құрылысы. 4. Бездерден бөлінетін гормон дар. 5.Эндокринді бездердің тамырлануы мен жүйкеленуі. 6.Бездердің жастық ерекшеліктері. Қорытынды. Қолданылған әдебиеттер.
3 Кіріспе Организмнің тіршілігінде өтетін көптеген құбылыстардың реттелуі жүйке және эндокриндік жүйелердің біріккен қызметтерімен қамтамасыз етіледі. Бұл жүйелер өзара бірімен-бірі тығыз байланыста болады. Ми ең ірі ішке сөлденістік без болып есептеледі. Сондықтан организмнің бір тұтас өзін-өзі жүйкелік-эндокриндік реттейтін күрделі жүйеге бірігуі біріне-бірі қарсы келмей, өзара бірін-бірі толықтырады. Эндокриндік бездер қанға, тін аралық сұйыққа, гормон өндіріп шығарады. Гормондардың жасуша ішілік данекерлері болып ц-АМФ, цГМФ, Са 2 + -ион дары және оларды байланыстыратын нәруыздар, фосфатидилинозит, оның туындылары, простагландин дер, пептидтер есептеледі.
4 Негізгі бөлім Эндокринді жүйе – қан мен лимфаға гормон бөліп шығаратын құрылымдардың, мүшелердің, мүше бөлігінің, жеке орналасқан жасушалардың жиынтығы. Эндокринді жүйе құрамына эндокринді бездер немсе ішкі секреция бездері кіреді. Эндокриндік бездердің (гректің endon - ішкі, сrіnео - бөлемін немсе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді.
9 Ішкі секреция жүйесін 4 топқа бөлеміз: Орталық реттеуші құрылымдар: -Гипаталамус -Гипофиз -Эпифиз Шеткері эндокриндік бездер: -қалқанша без -қаланша маңы без -бүйрек үсті без Аралас бездер: -ұйқы без -гонадалар -плацента Жекелеген гормон бөлуші жасушалар: -Нейроэндокриндік(АПУД жүйе) -жүйкелік емс эндокриноциттер
10 Гипоталамус Гипоталамустың түзетін затраты прогормон болып сана лады. Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға айналады. Виллизи шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден тұратын алғашқы капилляры торты түзеді. Бұл торға гипоталамустың нейросекрециялық жасушалары келіп, ұштары нейрокапиллярық түйіспелер түзетін жүйкелік тор жасайды. Бұл түйіспелер арқылы қанға нейросекрециялық (стимуляторлар) әсер етушілер шығады. Гипоталамуста нейросекреторлық жасушалар 30 шақты жұп ядроларды құрайды. Гипоталамуста бара-, термо-, хемо-, осмо- және глюко-рецепторлар орналасатыны анықталды. Гипоталамустың нейросекреттерін рилизинг-гормондар деп атайды. Оларға либериндер мен статиндер жатады. Либериндер гипофиздің троптық гормон дарының өндірілуін, ал статиндер – тежелуін реттейді.
12 Гипофиз Гипофиздің алдыңғы бөлігі - аденогипофиз үш түрлі, этап айтқанда, ацидофилдік, базофилдік және хромофилік жасушалардан тұрады. Соматотроптық СТГ (соматотропин), тиреотроптық ТТГ (тиреотропин), адренокортикотроптық АКТГ (адренокортикотропин), гонадотроптық ГТГ (гонадотропин), фоллитропин ФСГ, лютеиндейтін ЛСГ (лютропин), пролактин бағыттаушы гормон дары түзіледі. Гипофиздің артқы бөлігі - нейрогипофиз пирамида тәрізді үлкен жасушалар - питуициттерден және гипоталамустың нейросекрециялыұқ жасушаларының талшықтарынан тұрады. Гипофиздің ортаңғы бөлігінде меланотропин (МСГ), яғни интермедин гормоны түзіледі. Бұл гормон терідегі питменттік жасушаларда бояушы түйіршіктерін көбейтіп, жасуша талшығын кеңейтеді және олардың біркелкі орналасуын қамтамасыз етеді.
14 Гипофиздің алдыңғы бөлігі
19 Қалқанша безі Қалқанша безі Қалқанша без тіні дәнекер тіннің жұқа қабаттарымен қоршалған көлемі мкм болатын фолликулалардан тұрады. Олардың эпителий жасушалары құрамында йод бар гормондарды түзеді. Бұлар трийодтиронин (Т 3 ) және тетрайодтиронин (Т 4 ) немсе тироксин. Олар белок пен қосылып, йодтиреоглобулин денег тұтқыр коллоидты зат түзеді. Кейін керек кезде коллоидты затон гормондар бөлініп қанға өтеді.
21 Қалқанша маңы безі: Қалқанша маңы безі: Қалқанша маңы безі aca үлкен емс эпителилі құрылым, саны 2-6, салмағы мг. Сыртынан дінекер ұлпамен қапталған капсуладан тұрады. Бездер өте жақсы тамырланған. Қан мен лимфа тамырларының бойымен оларға симпатикалық және парасимпатикалық жүйке талшықтары енеді. Қалқансерік безінің гормоны паратгормон деп аталады. Паратгормон үшін нисана болатын ағзалар, сүйек тіні, бүйрек және ішектер. Кальцийді реттеуші гормондар - паратгормон, тирокальцитонин және катокальцин.
22 Бүйрек үсті безі: Бүйрек үсті безі: Бүйрекүсті бездері қыртысты және милы қабаттан тұрады. Милы және қыртысты қабаттардың шығу тегі, құрылысы және қызметі жағынан әртүрлі. Олардың қанмен қамтамасыздануы ерекше. Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты 40-тан астам кортикостероидтарды түзеді және 3 топқа бөлінеді: 1) глюкокортикостероидтар (ГКС); 2) минералокортикостероидтар (МКС); андрокортикостероидтар (АКС); Бүйрек үсті безінің милы зетында орналасқан жасушалар ашық,күңгірт болып бөлінеді.Ашық клеткалар адреналин өндіреді.Күңгірт хромофильді жасушалар көлемі кішірек,өндірілетін зеты норадреналин.
23 Ұйқы безі
25 Қорытынды: Қорытынды: Гормондар эндокринді бездер және жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат және энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті, ұйқы (қарын асты) безінің Лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Ұйқы безі мен жыныс бездері аралас бездерге жатады, себебі олар әрі сыртқы, әрі ішкі секрециялық қызмет атқарады. Түрлі эндокриндік бездердің қызмет дәрежесі баланың өсуі мен дамуы барысында оның жасына, жынысына, ауа райының жағдайына және басқа мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызмет қабілетіне байланысты болады. Гормондар ұлпаларға немсе мүшелерге тікелей әсер етіп, олардың қызметін күшейтеді немсе тежейді, я болмаса жүйке жүйесі арқылы жанама әсер етеді.
26 Қолданылған әдебиеттер: «Физиология человека» В.М.Покровского. Г.Ф.Коротько. «Гистология. Эмбриология. Цитология» Ю.И.Афанасьева. Н.А.Юриной. «Эндокриндік жүйесі» модулі Р.С. Досмағамбетова patofiziologiyasy/ page1. html patofiziologiyasy/ page1. html
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.